1.Әлеуметтік қызметкер білім саласында. Білім саласындағы технология



Дата26.08.2020
өлшемі22,38 Kb.
#76884
Байланысты:
11 лекция СР техн
Әлеуметтік қызметтер туралы, МК 10 лекция, МК анықтамалар, Мотивация 2 лекция

11. Әлеуметтік қызметкердің білім беру мекемесіндегі жұмыс технологиясы.

Жоспар:

1.Әлеуметтік қызметкер білім саласында.

2.Білім саласындағы технология.

Дүние жүзінде әлеуметтік жұмыстың көптеген тәжірибелері жинақталған. Бүгінде ол тұрақты әлеуметтік даму үшін қажетті гуманитарлық мамандықтарының бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс - өмірлік қиын жағдайға ұшырағандарға көмек, қолдау, үйлестіру және реабилитация, сол сияқты әлеуметтік қалыптасуда қиындықтарға ұшыраған адам топтарымен қауымдастықтарға, жекелеген индивидтерге тұлғалық және қоғамдық қатынастар арқылы көмек көрсетуге бағыттылған, әлеуметтік қызмет түрі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың халыққа әлеуметтік көмек секторы өте кең. Білімдендіру сапасы жоғары білім саласы – Қазақстанда көп уақыттан бері қалыптасып, бір ізге түскен, талай міндет атқарып келе жатқан үлкен жүйенің бірі.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезенінең бастап ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси әлеуметтік және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылады.

Білім беру жүйесі тарихы азаматтық тарихпен біте қайнасып және оның түбегейлі көріністері қоғамдық дамудың айтарлықтай барлық жақтарын қозғағанын атап өтуге болады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамдық – мемлекеттік құрылыстың өзгеруі аз ба, әлде көп пе тікелей білім беру жүйесіне әсерін тигізеді.

Қазақстандағы білім беру жүйесі өзінің қалыптасуы барысында екі кезеңді басынан кешті.

Өз мемлекетіміздің құрылуы қазақ халқының бұған дейінгі дәуірлердің логикалық жалғасы болып табылатын рухани мәдениетінің дамуы үшін маңызы зор. Оның негізіне мектеп пен медресе арқылы жүзеге асырылған ағартушылық, білімділіктің де алатын орны аз емес. Өкінішке орай, білім берудің шығу көзі, соның ішінде мұсылман мектептерінде оқытудың мазмұны мектеп пен медресе тарихы. Қазақстандағы тарихи – педагогикалық ғылымды обьективті және толық ашылмаған. Бұл ғалым тарихшылар үшін нақты айналысуды қажет етеді.

Қазақстандағы білім берудің дамуының екінші кезеңі – (XVIII-XX ғ. басы) қазақ жерінің Ресей империясының құрамына ену кезеңімен байланысты.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы білім беру жүйелерінің даму жолдары мен XX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 1-ші жартысындағы білім беру және мәдени үрдістердегі әлеуметтік салдар туралы қалыптасып қалған көзқарастар мен дағдыны қайта бағалап, қайта қараудың маңызы ерекше.

Қазақ халқының мәдени жетістіктерінің бағасы, соның ішінде 1917 жылғы төңкеріске дейінгі білім беру, ағарту саласы кеңес кезеңіндегі педагогика ғылымында Қазақстанның Ресейге қосылу контексінде беріледі.

Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы жылдарында аудармашыларға, әкімшілік басқару жұмысшы кадрларына үлкен сұраныс, қажеттілік байқалды.

Ресей мен оның аймақтарында капитализмнің қарқында дамуы, әлеуметтік-экономикалық қайта жанданудың тереңдеуі, халық бұқарасының ағартуға, мәдениетке ұмтылысы Қазақстан тұрғындарының білім алу деңгейі мен бағытын басқаша айқындайтын жаңа типті білім беру мекемелерін құру үшін обьективті алғы шарттарын жасады.

Қазақстанда білім беру жүйелерінің қалыптасуы Ы.Алтынсарин есімімен тікелей байланысты.

Дегенмен экономикалық және әлеуметтік сипаттағы қиыншылықтарға қарамастан XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында Қазақстанда кәсіби білім беру негізі қалыптаса бастады. Оның бастауында Ы.Алтынсарин тұрды. Кәсіби білім беру негізін оқушылар ауылшаруашылық мектептерде, мұғалімдік семинарияда, қолөнер мектептерінде алды.

XIX ғасырдың соны мен XX ғасырдың басын Қазақстандағы білім беру жүйесінің өзіне тән элементтері мен қалыптасу кезеңі деп есептеу керек. Мұсылман мектептерімен қатар Қазақстанда білім беру жүйесінің негізі болып табылатын басқа да білім беру мекемелерінің түрлері қалыптасып дамыды. Кеңес дәуіріне дейінгі Қазақстандағы білім беру жүйесінің тек өзіне сай ерекшеліктері бар. Олар қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік – экономикалық жағдайларға, тарихқа, мәдениетке, эьностық тіліне оның дәстүрлік іс - әрекетіне және т.б. факторларға байланысты.

Қазан төңкерісінен кейінгі білім жүйесінің дамуы жаңа кеңестік мемлекеттің қалыптасуының әлеуметтік – экономикалық жағдайларға, тарихқа, мәдениетке, этностық тіліне т.б. факторларға және де мәдени ерекшеліктерімен байланыстырылады.

Қазақстан білім жүйесі дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарының жаңа жүйесін таңдауда негізгі басымдылық бастауыш мектептке бағытталады. Мектеп құрылымымен қатар республикада қарастырылып отырған кезеңде орта кәсіби мектептің одан әрі кеңеюіне және жоғары мектептің қалыптасуына бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді. Кеңес үкіметінің 1921 жылдың 2 қыркүйегінде қабылдаған «Жоғары оқу орындары туралы» ереже жоғары білім берудің мақсаттары мен міндеттерін, оның ұйымдық құрылымын айқындаған алғашқы жарғысы болып есептеледі.

Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті мәселелерін шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Соның бірі – ұлттық бәсекелестік қабілеті. Ол бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады.

Сондықтан пән мұғалімдері экономика мен басқару негіздерін тек теориялық тұрғыда біліп қоймай, экономикалық есептеулерді жүргізе білуі тиіс. Сол себепті де қазіргі таңда экономикалық және әдіснамалық білімдерді біріктірген мамандар даярлау қажеттігі туындауда. Өйткені экономикалық білім негізінде ұқыптылық, іскерлік, біліктілік сияқты қасиеттер қалыптастыруға болады және соның нәтижесінде оқушы қоғамның қай саласында болсын экономикалық сауатты түрде ойлап, іс-әрекет етуге дағдыланады.

Бұл бағыттағы басты мақсат – экономикалық білім мазмұны мен білімге қойылатын талаптарды анықтау, экономика пән мұғалімдерін даярлау бағдарламасын жасау мәселелеріне көңіл бөлу, егемен еліміздің экономикасына өз үлесін қосатын экономикалық сауатты азаматтар тәрбиелеу.

Экономикалық білім беру барысында ақпараттық технология құралдарының алатын орны зор.

Электронды машиналар негізінен, төтенше жағдайлар кезінде де қандай тапсырмалар болсын тиісті шешімдердің түрлі нұсқаларын аса жылдамдықпен ойдағыдай шешіп бере алады. Әрине, мұндай жағдайда адам жаналыққа құштар болады және оның шешімдерінің түрлі нұсқаларын іздестіреді. Өйткені адам тек автоматиканың сақшысы ғана емес, оның бақылаушысы әрі жүргізушісі де. Қазіргі ақпарат ағыны мен компьютерлік технологиялардың заманында тек осы талаптарға сай маман ғана табыс биігінен көріне алады. Ал мұндай маман болу терең де сапалы білімді талап етеді.

Жалпы білімді сапалық деңгейге көтеру мүмкіндіктері ол әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.

Егемендік алғаннан бері жылдары білім беру жүйесінде, оның ішінде жалпы білім беруде оң өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлңм. Жүйелі түрде жүргізілген кешенді іс-шараларды төмендегідей топтауға болады:


  • білім беретін оқу орындарының әлеуметтік институт ретіндегі міндеттері мен құқықтарын жетілдіру;

  • білім беру саласын, қаржыландыру жүйесін жетілдіру (оқу орындарын қаржыландырудың көп арналылығы, қаржыландырудағы дербестік, ішінара шаруашылық дербестігі);

  • жалпы білім беру жүйесінің қалыптасып қалған дәстүрлі құрылымы мен мазмұның жетілдіру және жаңарту (стандарттар, оқу әдістемелік кешендер);

  • әр түрлі оқу орындарын (меншігіне, ұйымдастыру ерекшелігіне, бағытына қарай) құруға әр түрлі технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы педагогикалық қауымның белсендігін арттыру.

Алайда, бұл істер бүгінгі таңдағы білімге қойылып отырған жаңа талаптар тұрғысынан жеткіліксіз болып отыр. Өйткені, білім саласындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелігіне кедергі болып отырған факторлар бар. Мысалы, жалпы білім беру жүйесінде толық мағынада шешуі болмай жүрген мәселелерді бірнеше топқа жинауға болады. Олардың біріншісіне білімді демократияландыру ұстанымын толық –іске асыру механизмінің жоқтығын айтуға болады. Дәлірек айтсақ, білімді басқарудағы орталық пен жергілікті ұйымдардың атқаратын міндеттерінің арақатынасын айқындаудың аяқталмай қалғандығы, мектептердің педагогикалық ұжымдарының білім мазмұнының жылжымалы бөлігін айқындаудағы еркіндігінің болмауы.

Екінші бір ойландыратын мәселе: бүгінгі таңда жалпы білім беру жүйесіндегі жасөспірімге берілетін білім құрамы мен көлемі. Себебі пәндік ұстанымда құрылған білім мазмұнының көлемі бастауыш буында 9-11, жоғары буында 17-20 міндетті пәндерді оқытуға бөлінген уақыт негізінде анықталып, баланың танымдық мүмкіндігінен асып кетті. Ал құрылымы жағынан жеке ғылым салалары бойынша нақтыланған оқу пәндер жиынтығымен айқындалып, пәндік, білім, дағды арқылы сипатталуы да бүгінгі сұранысқа сай келмей тұр. Келесі өзекті мәселе – білім сапасын қадағалау жүйесінің жоқтығы. Қолданыстағы бес балдық жүйенің, негізінен, төртеуі пайдаланылады. Сонымен қатар оқушының алған біліміне қойылатын бағаның мұғалімнің субьективтігінің әсері бар екенін ескерсе, оның обьективтігі де ойландыратын мәселе. Осы тұста оқушы жетістіктерін ағымдағы бағалаумен қоса тәуелсіз ұйымдарын аралық, қорытыңды бағалаудың жеткіліксіздігінде айтқан жөн.

Сонда да «әлеуметтік жұмыс» түсінігі дүниежүзінің көптеген елдерінің қоғамдық санасынан өтті. Бұл термин ғылыми білімге сүйенген әлеуметтік көмектің маңыздылығын көрсететін мамандықты сипаттайды. Уақыт өте келе «әлеуметтік жұмыс» атауын қабылдау әлеуметтік жұмысшының қызметінің бір анық бағытын бекітеді. Оның мақсаты, міндеті, қызметі мамандардың осыған деген қызметін негіздеп оның басты көмектесетін мамандықтарының ерекшелігін айқындайды.

Әлеуметтік жұмыс - жан-жақты әлеуметтік қызметтің бір түрі. Әлеуметтік жұмыстың бас категориясы - көмекті түсіну. Әлеуметтік жұмыс тез арада экономикалық, психологиялық қызмет көрстуге зәру адамдарға қолдау көрсетеді. Сондықтан санада «Әлеуметтік жұмыс» кез-келген көмек (қайырымдылық, көңіл-күй, діни мағлұмат) ретінде бейнеленген. Алайда кез-келген көмек әлеуметтік жұмыспен сипатталмайды. Әлеуметтік жұмыстағы көмек өзіндік мақсатқа жұмсалмайды. Ол индивид, тек қауымға мақсатты бағытталған жұмыс. Әлеуметтік жұмысқа қоғамдағы әлеуметтік проблемалар, қоғамның дамуымен қатар жүретін, оны шешудің тәжірибелік және теориялық әдіс-тәсілдерімен негізделетін қолдаушылық тән. Әлеуметтік жұмыстың аясы қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың масштабы мен сипатының күрделенуімен байланысты кеңейеді.

Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.

ҚР-ң «Білім туралы» заңнамасында білім мекемесінің шартында тұлғаны оқыту және тәрбиелеу поцесі баяндалады.

Білім мекемесінің шарты тұлғаның әлеуметтік процесіне, оқыту процесіне назар аудару көп жоспарлы сипат амалды қолдайды. Жеке тұлғаны оқыту және тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету,әлеуметтік және педагогикалық мәселенің шешімін, жеке топтармен,сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынасын жағдайын белгілейді.

Отандық мектепте оқушылардың әлеуметтік мәселесін шешу ӘП-тың тәжирибесі зор. Өйткені, Әлеуметтік қызметкерлердің, ӘП-тың функциялары, сынып жетекшілердің іс-әрекеттері ықпал етеді.

Елімізде шарттар жүйесі өзгеріске ұшырады, мұғалімдерге деген қарым-қатынас өзгерді. Әлеуметтік мәселені сапалы жаңа деңгейде шешу қажеті кәсіби жаңа шарт көзделді. Мектептерде осы шарттарға байланысты арнайы әлеуметтік қызмет құрылды. Бұл қызмет өзімен қоса нені көрстеді? Әлеуметтік(лат. қоғамдық)қоғамдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы өмірмен байланысты деген мағына береді. Сондықтан бұл қызмет адамның әлеуметтенуіндегі тәрбиесін, оның құқығын қорғау т.б осындай мәселелеріне әлеуметтік қызметкер хабардар болып шешім қабылдайды.

Мектептегі әлеуметтік қызметтің функциялары.

*мектептегі жеке әлеуметтік проблемаларды табу

*мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету

*оқушылардың өміріндегі мәнді,маңызды проблемаларын әлеуметтік қорғау

*топтарды,сыныпты жеке тұлғалардан қорғау

*мұғалімдерге оқушылармен, ата-аналармен жұмыс істеу іс-әрекетіне көмек көрсету

*әр түріл топтағы оқушылармен әлеуметтік педагогикалық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету

*әлеуметтік қызметте жұмыс іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мектептерге мамандардықтар қажет. Олар диагностикалық міндеттерді және іс жүзінде қолданылатын жұмыстарды шешуге қабілетті және әр қайсысы өздерінің іс-әрекеттерін орындайды.

Мектептегі әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік қорғау құқығы аспектісінде балалардың әлеуметтік проблемаларын қарастырады. «Балалар құқығы туралы»БҰҰ конвенциясы 1992 ж 2-қыркүйекте қабылданды.

Конвенциямен сәйкес ҚР заңнамасындағы баланың негізгі құқығы қарастырылады.

Мектептегі әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі балалардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету. Мектеп директорының орынбасары, әлеуметтік қызметтің іс-әрекеттерінің бағыты жөніңдегі басқарушы әр түрлі атауға ие болуы мүмкін: «әлеуметтік құқық жөніңдегі орынбасар», «әлеуметтік қорғау жөніңдегі орынбасар», «балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегі орынбасар».

Қазіргі кездегі жалпы білім мектептерінде немесе балалар мекемесінде бұл қызмет балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегі инспектордың функцияларын атқарады.

Жалпы әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары мынандай негізгі мәселелерге назар аударады:

*мектептегі әлеуметтік жоспарды және бағдарламаны жүзеге асыру және өңдеу

*әлеуметтік қорғаусыз қалған отбасылар туралы ақпараттар жинау

*мектеп шартындағы балалардың құқықтарын қорғау

*балаларды оқыту,тәрбиелеу және тамақтандыруды қамтамасыз ету

*әлеуметтік қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты орнату

Сонымен, әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары тәрбиешілердің іс-әрекеттерін басқарып, сынып жетекшіледің, басқа мамандықтардың, әлеуметтік мәселелрін шешуге міндетті.

Бірақта, әлеуметтік қызметткер мектептегі әлеуметтік жұмыстың іс-әрекеттерінің бағытын жүргізуші маман болады.

Әлеуметтік жұмыскер-бұл мамандық оқушылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау функцияларын орындайды және оқушылырдың әулеметтік мәселені шешеді. Сонымен қоса, мұғалімдердің әлеметтік құқтарын қорғайды. Осындай әлеуметтік мәселелер әрбір оқушыларда көп болу мүмкін, сондықтан олар мұнадай жағдайда аңықталады.


  • баланың жеке ерекшелігі мүмкіндіктері, яғни баланың жеке ерекшелігіне сәйкес оқу бағдарламасына талап қою керек. Кейде балада оқу жағынан немесе тәрбие жағынан проблемалар болса онда басқа шарттарға мұқтаж болады. Яғни корекциялық. Реалибилитациялық арнайы оқу білім мекемесінде мамандар көмек көрсетуде. Баланың оқуына байланысты қосымша дайындық кезендер жүргізу керек. Әсіресе, оқушы мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтпстарымен, қарым-қатынасы тәрбие барысында ықпал етеді. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы дау-жанжалдарды қарастырады.

  • Баланың әлеметтік ортасындағы отбасын қарастыру керек. Оның оқу процессіне қарай қандай кедергілер әсер етеді екенін аңықтау. Баланың мұғалімдермен оқушылармен қандай қарым қатыныста екенін хабардар болу қажет. Баламен ата-анасы арасындағы қарым қатынастың бұзылуы әр түрлі себептерге байланысты отбасы.

Қарым қатынас барысындағы оқушылардың мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтармен түйінді мәселелердің болуы. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саясаты аясында нәтижеге бағытталған білім моделін ендіру үшін білім жүйесінде төмендегідей өзгерістер болу қажет.

  1. Мектепте берілетін білім жүйесін алынатын нәтижеге бағдарлау;

  2. Білім сапасын қамтамасыз етуге қажетті оқу - әдістемелік, материалдық – техникалық жағдайлар жасау;

  3. Мектептегі білім беру үрдісінің ресурстық орталығы ретінде кітапханалардың рөлін күшейту;

  4. Жаңа білім сапасына жетудің басты шарты ретінде мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру;

  5. Білім берудегі әлеуметтік серіктестік механизмін дайындап ендіру;

  6. Білім жүйесінің нормативтік – құқықтық негізін жетілдіру;

  7. Білім сапасын анықтау, қадағалау жүйесін жасау;

Біздің елімізде білім беру жүйесі жаңа сапалық сипатқа ие болатындығы күмән туғызбайды.

Әдебиеттер

Сорвина А.С. Социальная работа как феномен цивилизованного общества. – М., 1994.

Теория и методика социальной работы / Под ред. И.Г.Зайнышева. – М., 1994.



Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. / Под общей ред. П.Д.Павленка. – М., 2004.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет