Тапсырма: Кездейсоқ жағдайға ұшырағанда және жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы көмек лекцияны оқу 2



Дата18.04.2020
өлшемі19,88 Kb.
#63004
түріЛекция
Байланысты:
18.04.2020 педиатрия МД-41

18.04.2020

Тақырып: Кездейсоқ жағдайға ұшырағанда және жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Тапсырма:

1. Кездейсоқ жағдайға ұшырағанда және жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы көмек лекцияны оқу

2. Лекция бойынша конспект жазу
Зақымдану. Күю және үсу. Ыстық және күн өту. Естен тану. Улы жәндіктердің шағуы. Ағзаға түскен бөтен заттарға көрсетілетін алғашқы көмек. Суға кеткенге көрсетілетін алғашқы көмек. Реанимация туралы түсінік. Балалардың жарақаттануы оның себептеріне қарай іштен туған, тұрмыстық, көшеде ұрынған және басқалар болып бөлінеді. Балалардың тұрмыстық жағдайда жарақаттануы барлық зақымданудың ішінде бірінші орын алады. Мұның басты себептері құлап қалу, төбелес үстінде таяққа жығылу, биіктен ұшып түсу болып табылады.

Зақымдану

- Жарақаттанған жер іседі, содан соң қан басып көгереді. Одан кейін сарғыш-жасыл түске енеді. Жарақаттанған жер бірдеме тиіп кетсе ауырады.

- Емдеу.

Сүйектердің сынуына және мидың шайқалуына ұрындырмайтын жарақаттар тері астының көгеріп ісуімен тынады, онда айрықша бір емдеу қажет етілмейді. Бет терісінің сызып кеткен, тырналып қалған жеңіл зақымдары терінің қалың қабатына бойламайды, іріңдемей тез жазылады.



Күйік – жоғарғы температурадан туындаған немесе химикалық заттардың әсерінен туындаған дене тіндерінің зақымдануын айтамыз.

Күйіктің түрлері:

Күйікті бірнеше типке бөлуге болады: термиялық, химиялық, электрлік, радиациялық және аралас. Күйіп қалудың ең жиі кездесетің түрі - термиялық.

Олардың ауырлығына байланысты 4 дәрежелі күйік бар. Күйіктің дәрежесін анықтау үшін олардың қарапайым сипаттамасын есте сақтаңыз:

• I дәреже: ауырсыну, терінің қызаруы, ісіну.

• II дәреже: күлдіреп ісу пайда болады.

• ІІІ дәреже: күлдіреп іскен жер жарылып күйген жерде ашық жара болады.

• IV дәреже: сезімталдық жоғалғанда.

Ыңғайлы болу үшін күйген жердің аймағын алақанмен өлшеуге болады. Бір алақан дене бетінің бір пайызына тең.



Күйген кездегі әрекеттер:

Маңызды! Дәрігерге қоңырау шалыңыз, егер:

• III және IV дәрежелі күйікте;

• денеге 5% -дан астам зиян келтірілген кезде;

• бетінің, кеуде аймағының, бөкселердің, екі аяқтың және тыныс алу жолдарының термиялық күйіктері;

• Есін жоғалтқан кезде және бірден бозару кезінде;

• балалар мен қарт адамдарда қатты күйік;

• егер ауырсыну тым күшті болса және анальгетиктерді қабылдағаннан кейін тоқтамаса.


Ыстыққа күйіп қалу

- Көп жағдайда үш жасқа дейінгі балалар ыстық су құйылған ыдысты өзіне қарай төңкеріп алу немесе ыстық су құйылған легенге отыра қалу арқылы күйдіріліп жүреді. Мұндай жағдайларда сұйық заттың ыстығы онша жоғары болмасада баланың үлбіреп тұрған нәзік еттері бір және екі дәрежелі күйдірілуге ұшырайды. Аздап күйдірілген жағдайдың өзінде балалар жылайды, айғай салады.

- Емдеу.

Ашық жолмен жүргізіледі. Біраз мезгіл бетке дымқыл н/е антибиотиктер қосылған таңғыш тартылады.Емдеу хирургиялық жолмен ж



Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.

Үсудің пайда болу себептері:

суықтың;


желдің;

жоғары  ылғалдылықтың;

тар  және  дымқыл  аяқ  киімнің;

науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.

Дене бөліктерінен аяқ пен қолдың саусақтары, құлақ пен мұрын үсікке шалдығуға бейім келеді. Өйткені суықтың әсерінен дененің осы бөліктеріне қан келу тежеледі де, егер дер кезінде көмек көрсетілмесе ол бөліктердің жасушалары өле бастайды.  Тар аяқ киім, тар киім, тар қолғап, ылғал киім мен аяқ киім адамның тез үсуіне бірден-бір себеп.

үргізіледі.



Ауыз-қуыстарының зақымдануы

- Бала құлап қалған кезде тісімен қыршып, түскендіктен мұндайда көбіне ерін мен тіл жиі зақымданады, мұндай ұрымталдық үш жасар балалардың басында жиі ұшырайды. Шырынды қабықтар мен жұмсақ еттердің зақымданған жері оның аумағына қарай хирургиялық жолмен емделеді.



Беттің үсуі

- Осы градустан төмен температураның бір беткей және ұзақ әсерімен баланы үсік шалады. Баланың суыққа төзімділігі әр қилы. Ауа өте дымқыл болғанда және ызғырықты жел тұрғанда бала температураның аздап төмендеген жағдайының өзінде үсікке шалынуы мүмкін. Мұндайда жалпы үсіну әртүрлі дәрежедегі жай жергелікті үсіну кездеседі. Жергілікті жай үсінуге дененің жалаңаш бөліктері – құлақ, жақ, мұрын, саусақтар шалынады.



Жергілікті үсіну төрт түрлі дәрежеде кездеседі, олар;

- Теріде қан айналымының бұзылуы;

- Терінің үстіңгі қабаттарының зақымдануы;

- Терінің толық түрде зақымдануы;



- Сүйекті қоса барлық тканьдардың жансыздануы.

Емдеу

Алғашқы жәрдем көрсетілгенде, көп жағдайда жасалатындай, баланың терісін қармен ысқылау дұрыс емес. Қарда өткір кристалл болғандықтан ол баланың үлбіреген нәзік терісін оп-оңай зақымдап кейін бұл жарақаттың ушығып кетуіне апарып соғады. Дұрысы теріні таза құрғақ қолмен, жұмсақ шәлімен ысқылаған дұрыс. Қан айналымы қалпына түскен соң ысқылау тоқтатылып, үсінген жерге жылы таңғыш тартылады. Бұдан кейінгі емдеу үсінудің дәрежесіне қарай жүргізіледі. 1 дәреже кезінде бала жылы жерге кіргізіледі де терісі индиференттік маймен сыланады. Терінің үсік шалған жерін суықтың әсерінен қорғап отыру керек. Аязды күндері серуенге шығар алдында баланың бетіне май жаққан дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет