Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы



Дата06.01.2020
өлшемі29,76 Kb.
#55464
түріСабақ
Байланысты:
4 сынып Дауылдан қорықтым


Сабақтың тақырыбы

Дауылдан қорықтым

Дағды

Оқылым, жазылым

Оқыту мақсаттыры

4.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу

4.​4.​5.​1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Жаңа сөздердің мағынасы мен қолданысын біледі, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауаптарды бағалайды



Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұхбатқа қатысып, нақтылау мақсатында қайта сұрақ қояды және жауаптарды бағалап, кері байланыс береді.



Тілдік міндеттер

Дауыл, қатты қорқу, толқын, жағажай, теңіз, жартас

Алдыңғы білім

Жау-жау жаңбыр

Бағалау критерийлері


  • Демалыс орнының табиғаты туралы оқиды. Демалыс орнын сипаттап жазуды үйренеді

  • Жаңа сөздерді меңгереді. Мәтін бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді.




Пәнаралық байланыстар
жаратылыстану

Құндылықтар

Өзара сыйластық және топпен жұмыс орындау арқылы достыққа, бірлікке, татулыққа жететінін, сол арқылы еңбектің нәтижесін көретінін түсінеді.

Сабақтың барысы

С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

«Жаңа сөз үйрен» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.



Дауыл, қатты қорқу, толқын, жағажай, теңіз, жартас

5 мин



Мұғ-Сынып

суреттер

Оқулық.


Сөйлемнің шаблондары, қима қағаздар

Негізгі бөлім

Оқулықта ұсынылған «Ойланайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар қоршалған сөздерді оқып, кестеге қалай бөлуге болатынын анықтайды.
Бұйра,теңіз,құм,сүңгуір,кеме,таза,жартас,толқын,сегізаяқ,ағаш,арал.




Жағажай

капитан

дельфин

тайыз

қайық

теңіз

.....


.....

сүңгуір

....


....

....

....

....



10 мин

Топтық жұмыс

Интербелсенді тақта

А4 қағаз


«Кел сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыcын жетілдіреді Берілген сұрақты көршісімен талқылайды. Жұптық диалог орын алады.

1. Саған теңіз ұнай ма?

2. Сен тұратын аймақта өзен немесе көл бар ма?

3. Аралда тұрғың келе ме?

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!


5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық





«Оқиық»

Берілген мәтінді шолып оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып,тірек сөздерге назар аудару. Оқушылар «Оқы және жауап бер» айдарында берілген сұрақ жауап арқылы сәйкестендіріп жауап береді.

1. Ринат қайда демалады?

2. Демалыс орнының табиғаты қандай?

3. Теңіздің айналасында не бар?

4. Жел тұрғанда теңізде не пайда болады?

5. Ринат соңғы күндері неліктен жағажайға бармады?

6. Соңғы уақытта жағажай не себепті бос болды?

7. Ринат неден қатты қорықты?

Оқылымнан кейінгі тапсырма:


  1. Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

  2. «Оқы және жауап бер» айдарымен ұсынылған тапсырмада мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.


Кері байланыс

Тапсырманы орындауда не қиын болды?



8 мин

Жұптық жұмыс

оқулық
сурет

«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада берілген жоспарды басшылыққа алып өз демалысы туралы жазады. Оқыған материалдардың мазмұнын жазу дағдысын жетілдіруге арналған.Мұғалім жазылған әрбір оқушының жоспарын оқытып, дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жазғызады.

1

Демалыс мезгілі қай уақытта болды?

2

Демалған жер көрікті болды ма?

3

Аймақтың күн райы қандай?

4

Не ұнады/ұнамады?

5

Не білдің/көрдің?

Үлгі:

Мен биыл шілде айында Алакөлде демалдым. Ол жердің табиғаты өте сұлу. Ол жерде ..., ..., ... бар. Аймақтың күн райы да жағымды. Таңертең күн жылы, түсте өте ыстық. Ол жерде ағаш көп. ...



10 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Сынып


оқулық

Сабаққа қатысу деңгейін оқушы өзі қалай бағалауын байқау мақсатында мұғалім «Ғажайып жапырақтар»әдісін қолданады. Оқушыларға жасыл және түссіз жапырақтар таратады.

Жасыл түсті жапырақ – мен бүгін бәрін жақсы орындадым.

Түссіз жапырақ – тапсырмаларды толық орындай алмадым.

Мұғалім жаттығуды түсіндіреді. Оқушы жапырақты таңдайды, тақтаға жапсырады.



3 мин


Сынып-мұғалім

Түрлі-түсті жапырақтар

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет