Мұғалім мен оқушы шығармашылық зертхана



Дата08.06.2018
өлшемі30,9 Kb.
Мұғалім мен оқушы - шығармашылық зертхана
Көктемгі демалыс тез өте шықты. Дем алып, ерекше әсер алып келген оқушылар қайта партаға отырды.

ІІІ тоқсан - өте ұзақ тоқсан. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастырған барлық іс-шараларына - олимпиадаларға, сайыстарға, спорттық жарыстарға - белсене қатысты. Аудан көлемінде өткізілген іс-шаралар басылымда жарияланып тұрды.

Аудандық басылымнан біз аудан көлемінде болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар бола отырып, ауданның тынысы, әлеуметтік- экономикалық дамуы жайлы мағлұматтармен қанығып отырамыз. Әсіресе газет беттерінен өз оқушыларымыздың, ұжымымыздың жетістігін оқу бір ғанибет, өйткені оқушының жеңісі – мұғалімнің еңбегі. Мектебімізде мектеп намысын қорғап, биіктерден көрініп жүрген оқушылар аз емес.

Атап айтсақ, аудан көлемінде өткен «Қазақша күрестен» өз салмақтарында Рақымбаев Нұрсұлтан, Ержанов Рахат, Мұратов Даниел чемпион атанды (жетекшісі- Б.М.Зайкенов). Сондай-ақ, аудандық құрама топтың атынан дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахатов Ербол Саметұлының басшылығымен «Шағын-футболдан» облыстық жарысқа қатысып, жүлделі ІІ орын алып, марапатқа ие болған Жиекбаева Жанерке, Кенжебаева Еркежан, Қарашина Аяулым, Зейнолова Диляра, Муберекова Асыл сияқты оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Жас мұғалім Ахатов Ербол аймақтық ғылыми конференцияға қатысып, жоғарғы оқу орнының мақтау қағазымен марапатталса, химия пәні мұғалімі Ахметжанова Гүлнар Еженханқызы облыстық ғылыми-конференцияға қатысып, «сертификатқа» ие болды. Сол сияқты мектеп оқушылары аға тәлімгер Заманбекова Меруерт Мұратқанқызының басшылығымен аудандық КВН-ға қатысып, «Ең көңілді топ» номинациясын жеңіп алды. Математика пәнінен өткен аудандық «Сәйгүлік» олимпиадасында 7-сынып оқушылары топ жарды. Каметеев Нұрыл ІІ орын иеленіп облысқа жолдама алса, Мәдениетқызы Мархаббат ІІІ орынды иеленді (Мұғалімі - Разина Қамаргүл Мұратқызы).

Бородулихада «Қазақ-түрік лицейі»ұйымдастырған «Жарқын болашақ» атты аудандық сайысқа қатысып, 11-сынып оқушысы Құлжаханова Ақмарал «Жас ғалымдар» номинациясы бойынша І орынды иеленсе, 7-сынып оқушысы Мәдениетқызы Мархаббат «Сөз шебері» номинациясы бойынша І орынды иеленіп, дайындаған Ықыласова Әсел Жеңісқызының сенімін ақтады. Ақмарал сол сияқты аудандық «Көктем Аруы-2013 » сайысына қатысып, «Бұрымды қыз», «Көрікті қыз» номинацияларын жеңіп алып, әкімнің сыйлығымен және мақтау қағазымен марапатталды.

10-сынып оқушылары Ержанова Наргиз бен Жексенғазиева Сабина бес пәннен тұратын біріктірілген олимпиадаға қатысып, өз қоржындарын тағы да мақтау қағазымен толықтырды.

Мектеп Президенті Ержанова Наргиз математикадан аймақтық олимпиадаға қатысып, ІІІ орынды иеленді. Мұғалімі Искакова Нұржайнат Қабденқызы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Мәскеу Университетінің Өскемендегі филиалының басшылығы мектеп ұжымына оқушыларды аймақтық олимпиадаға дайындаған үшін өздерінің ризашылығын «Алғыс хатпен» білдірді.

Сол сияқты 4-сыныптар арасында өткен аудандық олимпиадада Сарсембекова Диляра ана тілі пәнінен 2-орын алса ( мұғалімі А.Қ.Қыдырханова), орыс тілі пәнінен Сұлтан Әлнұр 2- орынды жеңіп алды (мұғалімі А.Б.Тоқболатова).

Аудандық тілдер мен мәдениетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – бар білімнің кілті» атты сайыс болып өтті. Осы сайыста 9-сынып оқушысы Усерова Айдана жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ал аудан әкімінің «Алғыс хатына» 8-сынып оқушысы Мерекеқызы Минура және мұғалімі Әнуарбекова Жұмагүл Жекенқызы ие болды.

«Жасөспірімдердің шығармашылығы – 2013» атты аудандық көрмеде 10-сынып оқушысы Искаков Бекзат пен 8-сынып оқушылары Рыспеков Тимур мен Нұрлыбеков Алмас «Ең үздік шығармасы үшін», ал 4-сынып оқушысы Базарбаев Ұлан «Шебер қолдар» сайысында «Алғыс хатпен» марапатталды. (Мұғалімі Т.Н.Искаков).

Бүгінгі күні мектептің міндеті – өз бетімен ізденіп, керектісін екшеп, пайдалана білетін шығармашылық тұлға тәрбиелеу. Осы орайда мұғалім оқушының іс-әрекетіне бағыт беруші, көмекші, кеңесші бола білуі керек.

Ұжымымның және оқушыларымыздың жетістігіне қуана отырып, төмендегі жыр шумақтарын арнаймын:



Ж.Ж.Әнуарбекова «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ-нің орыс тілі пәнінің мұғалімі, Новопокровка ауылы
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу