Эссе Тақырыбы: Ойлаудың



бет1/2
Дата01.05.2022
өлшемі114,37 Kb.
#141605
  1   2
Байланысты:
Эссе бож1





Эссе
Тақырыбы: «Ойлаудың  философиялық түрі сын және күмәндау ретінде»


Орындаған: Каирова Диана

Тексерген:Меруерт Алтынбековна

Алматы 2022
Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде
Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады.
Қоғам дамуының әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.

Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:



  1. Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;

  2. Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;

  3. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

  4. Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

  5. Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.

Сыни ойлау теориясының беталып, дамуына елеулі үлес қосқан, танымал американдық психолог Д.Халперн өзінің «Сыни көзқарас психологиясы» атты жұмысын жариялады. Онда Д.Халперн критикалық ойлауға мынадай түсіндірме береді — бұл «қажетті нәтиже алу ықтималдығын арттыратын танымдық техниканы немесе стратегияларды қолдану». Аталған анықтамада ойлауды басқару қабілетіне, негізділігіне және мақсаттылығына қарай ерекшеленетін нәрсе ретінде сипаттайды. 
Қазіргі заманғы әлем — әр тұлға үшін белгілі бір орынды алатын динамикалық дамып келе жатқан жүйе екенін ғылымдарда, ғалымдарда растайды. Жеке тұлға ретінде өмірде кәсіби және жеке, шығармашыл және барлық бағытта табысты болу үшін үнемі дамып, жетілуіміз керек.Сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерінсіз, бұл мүмкін емес. Ойлау қабілеті жақсы дамыған адам күрделі мәселелер мен проблемаларды тудырады. Сын тұрғысынан ойлау адамның даму кезеңдерінде әрқашан сабақтасып дамып отырады, бірақ оның дұрыс қалыптасуы үшін адамның жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінде уақыт бөлген маңызды пайымдаулар бар. Cын тұрғысынан ойлау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру қазіргі қоғамда жиі кездеседі, алайда бұл адам жеке тұлға болу кезеңінде, өмірлік позицияны қалыптастырып, білім алуда ерекше рөл атқарады.
Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды)Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.
Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет