Туабіткен аурулар. Туа біткен аурулар деп өсіп-жетіліп келе жатқан эмбрионға әртүрлі қолайсы з факторлардың әсер етуінен пайда болған аурулар.Тұқым қуалайтын ауруды,құрсақта даму кезеңінде пайда болатын патологиялық құбылыстан айыру қажет.Мысалы;құрсақтаға төлге қағанақ арқылы ауру жұғуы,оның улануы, формасын өзгертуі,құрсақта пайда болған аурулар(фенокопия) деп атайды.Аталық және аналық ұрықтың қосылуы нәтижесінде пайда болған зигита аталық жағынан жарты белгіден және аналық жағынан жарты белгіден тұқым қуалайды. Зигота аналық организмде дамып,сонда эмбрион барлық қоректік заттар мен оттегін алады. Туа біткен ауруды тудыратын себеп факторларының көптігіне қарамастан олардың эмрионға әсер ету механизіме көп жағдайда ұқсас келеді.Гипоксия,химиялық заттар,қағанақ қан айналысының бұзылыуы- барлығы түптеп келгенде дамып келе жатқан эмбрионды қарқынды қалыптаса бастағанда метоболизмге ұшыратып, оның тканьдерінің біркелкілігін бұзады. Туа біткен ауру тұқым қуаламайды. Буаз аналыққа және іштегі төлге қолайлы жағдай жасау арқылы болдырмау қажет.