«Аллергияға қарсы дәрілер» тақырыбына арналған тест сұрақтары 1



бет3/3
Дата09.02.2022
өлшемі21,37 Kb.
#131146
1   2   3
Байланысты:
Аллергияға қарсы дәрілер

Жауаптары:
1.Аллергиялық реакциялар
2.Баяу басталатын аллергия
Жылдам басталатын аллергия
3.Ересектер мен балаларда
4.Экзема, Квинке ісінуі, аллергиялық ринит, бронх демікпесі
5.Тағам, өсімдік тозаңы, дәрі-дәрмектер
6.Спецификалық емес,симптоматикалық терапия
7.Жеңіл, орташа, ауыр дәрежелер
8.Глюкокортикоиттар, мес жасушаларының медиаторларының бөлінуіне бөгет жасайтын дәрілер, антигистаминдер
9.Жергілікті экземада, дерматитте қолданылады.
10.Тек бронх демікпесі ұстамасын алдын алу үшін
11.Жүктілікте, ойық жара ауруларында
12.0,025 таб. 2% 1 мл, ерт. амп.шығ. б/е, қ/т енгізіледі.
13.0,001 таб. шығ. Әсері ұзақ.
14.Фенкарол, диазолин, астемизол, акривастин.
15.Симптоматикалық дәрілер.

Орындаған:Талапова Назерке 275 топ


Аллергияға қарсы дәрілер
Аллерген мен оған қарсы ағзада түзілетін антиденемен өзара әсерлесуінен ағзанаың сезімталдығын жоғарылататын әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады.Аллергиялық реакциялардың 2 түрі бар: баяу басталатын аллергия және жылдам басталатын аллергия. Аллергиялық реакциялар ересектер мен балалар арасында өте кең тараған.Оларға: экзема, Квинке ісінуі, аллергиялық ринит, брох демікпесі, анафилактикалық шок, сарысу ауруы, аутоммунды аурулар және т.б жатады.Емдеу үшін ең алдымен себебін және антигенді анықтауды бастайды. Аллерген ретінде белгілі бір тағам, өсімдік тозаңы және дәрі-дәрмектертер болуы мүмкін.Кез келген дәрілік заттар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.Аллергиялық реакцияларды емдеу үшін спецификалық емес, симптоматикалық терапия жүргізіледі.
Баяу басталатын аллергияның клиникалық көрінісі:а) жеңіл: есекжем, қышыма, қызба, поллиноз; ә) орташа дәрежесі: сарысу ауруы, квинке ісінуі;б) ауыр дәрежесінде: анафилактикалық шок.
Баяу басталатын аллергияда глюкокортикоиттар, мес жасушаларының медиаторларының бөлінуіне бөгет жасайтын дәрілер, антигистаминдер, симптоматикалық дәрілер белгіленеді.
1.Глюкокортикоидтар: имунды жасушалардың дамуын және антидене өнімін төмендетіп, мес жасушаларының бұзылуын және олардан аллергия медиаторларының шығарылуын алдын алып, аллергия медиаторларына қарама қарсы әсер көрсетеді: қан тамыр өткізгіштігін төмендетіп, АҚ жоғарылатады және т.б.Ауыр және орта дәрежелі аллергиялық реакцияларда, асқынған аллергиялық ауруларда қолданылады.
2.Мес жасушалары мембраналарының тұрақтатқыштары:кромолин натрий, недокромил натрий, кетотифен – мес жасушаларынан аллергия медиаторларының шығуын алдын алады. Тек бронх демікпесі ұстамасын алдын алу үшін қолданылады.Үйренгіштік тудырмайды, улылығы төмен.
3.Антигистаминді дәрілер-ағзаның гистаминге реакциясын төмендетіп, бронх, ішек, жатырдың бірыңғай салалы бұлшық еттерінің түйілуін босатып, капилярдың өткізгіштігімен ұлпа ісінулерін төмендетеді.Бронх демікпесі және анафилактикалық шокта тиімділігі төмен.Жанама әсері жағынан бас айналу, ауыру, лоқсу, ауыз қуысының құрғауы байқалады.Жүктілікте, ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.
Демодрол- 0,05 таб. 1%1мл ерт. амп. шығарылып, 1-2 тәулігіне 1-2 рет, 2-5мл –ден 100мл көз тамшысы.
Дипразин- 0,025 таб. 2% 1 мл ерт. амп. шығарылады.
Супрастин- 0,025 таб. 1мл ерт. амп. шығарылып, б/е, қ/т енгізіледі.
Тавигил- 0,0001 таб. 1 тәулігіне 2 рет белгіленеді.
ОЖЖ әлсіз әсер ететін препараттарына: фенкарол, диозолин, астемизол, акривастин дәрілері жатады.
4.Симптоматикалық дәрілер.Бронхспазмда аллергиялық реакциялардың байқалуында бронхолитиктер, АҚ- төмендеуінде-адреналин, анафилактикалық шокта- прединизолон, ал тыныс алу бұзылуында- өкпеге жасанды дем беру үшін қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет