- (токсикалық эпидермальды некролиз) –тері және шырышты қабаттардың токсико-аллергиялық зақымдануы, жиі ішкі мүшелер мен жүйке жүйесіндегі өзгерістермен бірге жүреді.
-
Лайелл синдромы - Тері және кілегей қабықтың эпителий қабатының некролизденуі.
- “күйген тері синдромы”
- 30-50% жағдайда өліммен аяқталады.
- Көбінесе дәрілер (сульфаниламидтер, антибиотиктер, салицилаттар, барбитураттар, безгекке қарсы дәрілер, В₆ витаминін)қабылдағаннан кейін дамиды.
- Цитологиялық зерттеу кезінде акантолизденген клеткалар анықталады.
Клиникасы - Ауыз қуысы шырышты қабатының зақымдануы, афтоздыдан басталады және некрозды-жаралы стоматит дамуына дейін
- Жыныс ағзаларының зақымдануы (вагинит, баланопостит)
- Геморрагиялық (жаралы-некротикалыққа өтумен) конъюнктивит — аурудың ерте белгісі болып табылады
- Айқын жалпы симптоматика, зақымданған тері беткейі арқылы сұйықтық және ақуыз жоғалтуға байланысты дамыған өршуші улану, тұз-су алмасудың бұзылуы, инфекциялық зақымданулардың дамуы (жиі пневмония, терінің екіншілік инфицирленуі), АІЖ қан кету, летальды жағдайға дейін.
Жедел жәрдемі - Синдром дамуына дейін қолданған дәрілік заттарды алып тастау
- ГК: тиімдірек к/т метилпреднизолон
- Дезинтоксикациялық және регидратациялық терапия: реополиглюкин немесе гемодез, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі
- Міндетті түрде реанимациялық бөлімшеге немесе интенсивті терапия бөліміне тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |