- - адамның тамаққа жоғары сезімталдығының көріністері, иммунды жүйедегі бұзылыстарға байланысты — белгілі тағамға қарсы ағзада антиденелер (реагиндер) және иммунды жасушалар өндірілуі
- Секреторлы IgA синтезінің жеткіліксіздігіне байланысты асқорыту жүйесіндегі иммундық тосқауылдың төмендеуі
- Тағам құрамын қалыпты қорыту бұзылыстарына және дисбактериозға әкелетін асқазан-ішек жолдарының аурулары
- Ішекте шіру үрдістерін ұлғайтатын іш қатулар
- ішек паразиттері
Клиникалық көрінісі - Тағамдық аллергия түрлері әр алуан, бірақ ең жиі кездесетіндері әртүрлі экзантемалар, нейродермит, есекжем, Квинке ісінуі.
- Тағамдық аллергия абдоминальды және диспепсиялық синдромдармен көрінуі мүмкін, жиі – респираторлы аллергоз симптомдарымен, талмалық жағдай түріндегі жалпы реакциямен, шеткері қандағы өзгерістермен көрінуі мүмкін (тромбоцитопениялық және лейкопениялық реакциялар), бірлескен тері-респираторлы реакциялармен өтуі мүмкін, бұларға кең спектрлі тағамдық және өндірістік ингаляциялық аллергендерге полиаллергия тән.
- Аллергия симптомдары өте тез немесе тағамды жегеннен кейін 2 сағат ішінде дамиды.
Диагностикасы - анамнез мәліметтеріне және клиникалық көріністеріне негізделген және себептік аллергенді анықтаумен дәлелденеді (тағамдық күнделік жүргізу),
- элиминациялық және провокациялық сынамалар,
- скарификациялық және тері ішілік тестілеу өткізу,
- қанда жоғарылаған иммуноглобулин Е деңгейін
- анықтау.
- Себептік аллергенді алып тастау
- Гипоаллергенді емдәм
- Антигистаминді дәрілер (супрастин, тавегил) курспен 2 аптаға дейін 5-7 күннен кейін дәрілерді алмастыра отырып
- Антимедиаторлық әсерлі дәрілер (интал 100 – 150 мг/кг тәулігіне ішке, задитен 0,025 мг/кг тәулігіне курспен 1,5 айдан 6 айға дейін)
- Созылмалы аллергодерматоздар кезінде гистаглобулин қолданады, тек ремиссия кезеңінде тағайындалады, сонымен қатар аллергоглобулин (қорғаныш антиаллергиялық заттары бар гамма-глобулин) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |