Қалмахан Ержан Сейтұлы


бойсҧныңдар,  әрі  ӛздеріңнен  болған  әмір  иелеріне  де.  Егер,  бір  нәрсе



Pdf көрінісі
бет20/36
Дата16.06.2020
өлшемі407,48 Kb.
#73645
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
imammaturidi

бойсҧныңдар,  әрі  ӛздеріңнен  болған  әмір  иелеріне  де.  Егер,  бір  нәрсе 

ҥстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаһқа және пайғамбарға жҥгініңдер. 

Егер  сендер  Аллаһқа,  ақырет  кҥніне  сенетін  болсаңдар,  осылай  істеу  әрі 

қайырлы, әрі жақсы нәтижелі болмақ» («Ниса» сүресі, 59-аят);  

«Әй  мҥміндер!  Сендерге  не  болды?  «Аллаһ  жолында  соғысқа 

шығыңдар»,-  дегенде,  салмақтарыңды  жерге  салдыңдар.  (Жерден 

қозғалғыларың келмеді) Ақыреттен гӛрі дҥние тіршілігін қоштадыңдар ма? 



Негізінде  дҥние  тіршілігінің  пайдасы  ақыретке  қарағанда  ӛте  аз  ғана». 

(«Тҽубе» сүресі, 38-аят). 



«Әй  мҥміндер!  Аллаһтан  қорқыңдар,  Елшісіне  иман  келтіріңдер. 

Сендерге  мәрхаметінен  екі  есе  береді.  Әрі  сендерге  сонымен  жҥретін  нҧр 

жаратады.  Сендерді  жарылқайды.  Аллаһ  тым  жарылқаушы,  ерекше 

мейірімді». («Хадид» сүресі, 28-аят),- деген  үш аятта да Аллаһтың ҽмірлеріне 

иман келтіріп бойсұнғандар мен  Оның ҽмірлерін орындамай үлкен күнҽға бой 

алдырғандарға да «Ҽй, мүминдер!» деген. Имам Матуриди мен Ҽшғари да осы 

секілді аяттарға қарап иман артып кемімейді деген тоқтамға келген. 

 Амалды  иманның  бір  бҿлігі  деп  санаған  харижит,  мұғтазила,  зайдия 

секілді  мҽзһабтар  иман  сан  һҽм  сапа  жағынан  да  артады,  кемиді.  Иманның 

артуы жақсы амал істеумен жүзеге асса, кемуі жаман амал істеумен болады деп 

сенген.  

Ҽбу  Ханифаның  сҿзіне  қарағанда,  жүрекпен  қабылдау  иманның  негізгі 

талабы  болғандықтан,  иманның  артып-кемуі  турасында  сҿз  қозғаудың  ҿзі 

ақылға  сыймайды.  Негізінен,  иманның  артып-кемуі  таза  теориялық  мҽселе. 

Ҿйткені,  имам  Ҽбу  Ханифа  пайғамбарлар  мен  періштелерді  де  қосқанда 

мүминдердің  иманы  бір-біріне  ұқсас  деумен  қатар  араларында  айырмашылық 

бар  екенін  де  атап  кҿрсетеді.  Осыған  байланысты  «ҽл-Алим  уҽл-мутааллим» 

атты  кітабында:  Иман  амалдан  бҿлек  болғандықтан  артып-кемімейді.  Олай 

болса,  біздің  иманымыз  періштелер  мен  пайғамбарлардың  иманымен  бірдей. 

Ҿйткені,  біз  Аллаһ  Тағаланың  жалғыз  даралығын,  Оның  Жаратушылығын, 

құдыретін, Оның жіберген барлық үкімдерін періштелер мен пайғамбарлардың 

бізге  айтып,  растағанындай  растаймыз.  Сондықтан,  иманымыздың  періштелер 

мен  пайғамбарлардікіндей  екенін  айта  аламыз.  Ҿйткені,  біз  періштелер  мен 

пайғамбарлардың  кҿзбен  кҿріп,  иман  келтірген,  Аллаһ  Тағаланың  ақылмен 

танып-білу қиын ақиқаттарын кҿрмесек те, толықтай иман келтіреміз.  

Бірақ,  мына  негіздерге  орай  бізге  қарағанда  олар  Аллаһтан  тереңірек 

қорқып,  кҿбірек  мойынсұнады.  Имандары  мен  құлшылықтарының  сауабы 

тұрғысынан бізден артық деп түйеді.  

«Иман  амалдан  бҿлек  болғандықтан  артып-кемімейді.  Ҿйткені,  иманның 

артуы тек күпірдің кемуімен, иманның кемуі де тек күпірдің артуымен жүзеге 

асады. Бір кісінің бір уақытта ҽрі мүмин, ҽрі кҽпір болуы мүмкін емес, бұл қате 

түсінік»,- деген. 



 

 

27 



Иман  шарттарына  толықтай  сенуде  иманды  арттырып  кемітпейді.  Ешкім 

ҿзгеше  иман  ете  алмайды.  Сондай-ақ,  бір  адам  иман  негіздерінің  барлығын 

қабыл  ете  тұрып,  кейбіріне  сенбесе  иман  еткен  болып  саналмайды.  Мұндай 

жағдайда  иман  толық  қамтылмағандықтан  оның  артып,  кему  мҽселесі  туралы 

сҿз  қозғаудың  ҿзі  артық.  Сондықтан  да  иман  ету  қажет  болған  шарттар 

тұрғысынан  иманның  артуы  не  кемуі  мүмкін  емес.  Иман  негіздеріне  сену 

баршаға ортақ. 

Ал  иман  күшті  немесе  ҽлсіз  болуы  мүмкін.  Кімнің  иманы  күшті,  кімдікі 

ҽлсіз. «Бақара» сүресінің 260-аятында  

«Сонау  заманда  Ибраһим  (а.с.)  Раббым!  Ӛлікті  қайтып  тірілтесің, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет