Ақыретте Аллаһ Тағаланың кӛрінуі (руятуллаһ)
Ақыретте Аллаһтың кҿріну мҽселесі ҿзекті тақырыптарының бірі. Бұл
тақырып кҿбіне ҽһли сүннет пен мұғтазила мҽзһабының арасында ұзақ жылдар
бойы пікірталасқа айналып келген.
Ҽһли сүннет сенімі бойынша ақыретте мүминдер Аллаһ Тағаланың
кҿрінуін ақли, ҽрі нақли тұрғыдан уҽжіп деп есептейді. Ал ақыретте мүминдер
Аллаһты кҿретін болса, қалай жҽне немен кҿреді? деген сауалға ғалымдарымыз
«Аллаһ бір мекенде, бір бағытта, бір жерде болмастан, бетпе-бет те болмастан,
кҿзге шағылыспастан жҽне кҿруші мен Аллаһ Тағала арасында белгілі бір
қашықтық болмастан кҿрінеді»,- деп жауап беруге тырысқан. Сонымен қатар
Аллаһты кҿру үшін осы дүниедегі тіршілік ҽлемін кҿрудегі шарттар қажет емес.
Бұл туралы имам Тахауи ҿзінің «Тахауи ақидасы» атты еңбегінде:
«Жҽннатты мекендеушілердің Аллаһты кҿретінін қиялға санаған немесе ҿз
ойымен жорамалдаған кісінің иманы шынайы болмайды. Аллаһты кҿру
мҽселесі жҽне Аллаһ Тағаланың кез келген сипатының негізгі жорамалы,
жоруды доғарып, тек бағыну ғана қажет. Міне мұсылмандардың діні осымен
құрылған»,- дейді.
Имам Матуриди де мүминдер ақыретте Аллаһты екі жанарымен кҿреді.
Бірақ, қалай кҿретіндігі (яғни, тікелей мағынасындағы екі кҿзбен бе, ҽлде
кҿкірек кҿзімен бе) беймҽлім. Бұған қатысты Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: |