«Аллаһ ӛзіне ортақ қосуды кешірмейді де, одан ӛзге қалаған кісісін
кешіреді»,- деген сҿзі дҽлел. Демек Аллаһ Тағала ҿзіне ортақ қосудан басқа
үлкен, кіші күнҽлардың барлығын кешіруі мүмкін. Имам Ағзам Ҽбу Ханифа:
«Мұхаммедтің (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) үмбетінен күнҽһар болғанның
барлығы мүмін» (Ҽбу Ханифа, ҽл-Уасия, 80-б.), - деген.
Үлкен күнҽлардан сақтанған адамның кіші күнҽлары кешіріледі. Оған
Аллаһ Тағаланың:
«Сендерге тыйым салынған ҥлкен кҥнәлардан сақтансаңдар, кіші
кҥнәларыңды кешеміз...» («Ниса» сүресі, 31-аят),- деген сҿзі дҽлел. Сол секілді
Құрандағы:
«Әй мҥміндер! Аллаһқа шынайы тәубе етіңдер. Раббыларың
жамандықтарыңды жояды...» («Тахрим» сүресі, 8-аят) жҽне
«Әй мҥміндер, тҥгел Аллаһқа тәубе етіңдер! Әрине қҧтыларсыңдар»
(«Нұр» сүресі, 31-аят),- деген аяттар үлкен күнҽ жасаған мүминді тҽубе етуге
шақыруда.
Бірде Ҽбу Ханифа мешітте отырғанында бір қарулы харижит (суниттерге
қарсы топ ҿкілі) үстіне баса-кҿктеп кіріп сынау үшін оған: «Босағада екі ҿлік
жатыр. Бірі арақтан ҿлген ер кісі, екіншісі зина жасап қойып, сонысы үшін
ұялып асылып ҿлген ҽйел. Бұл екеуіне қатысты не айтар едіңіз?» – деп сұрайды.
Харижиттердің сенімі бойынша, үлкен күнҽ жасаған кісі кҽпір саналып,
мҽңгілік тозаққа түседі.
Ол кісінің ниет–пиғылын бірден түсінген Ҽбу Ханифа:
– Ол екеуі яһуди ме, ҽлде христиан ба, не пұтқа табынушы ма? Мұның
қайсысы? – деп қарсы сұрақ қояды.
– Олардың ешқайсысы да емес.
– Сонда қай үмметтен?
– Аллаһтан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі дейтін қауымнан, –
деп жауап берген харижитке:
– Куҽлік кҽлимасы иманның үштен, тҿрттен яки бестен бірі ме?, – деп тағы
сауал қояды.
– Иманның ондай үштен де, тҿрттен де, бестен де бірі болмайды. Ол
бҿлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше жауабын ҿздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін
айттыңдар.
– Сен мұны қой. Олар жҽннаттық па, ҽлде жҽһҽннҽмдық па?, – деп
харижит сүріндіру үшін сұрақты бастырмалата бастайды.
– Ибраһим пайғамбар мүшріктерге: «Уа, Аллаһ Тағала! Маған
бойсұнғандар мен қарсы шыққандарға Сен кешірімді ҽрі рақымдысың», – деп
дұға етті. Иса (а.с.) пайғамбар: «Уа, Аллаһ Тағала! Егер оларды азапқа салсаң,
олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан ҽрі рақымдысың», – деді.
30
Иманды жандарды қудалауға себеп те, негіз де жоқ», – деп түйіндейді ҿз
жауабын Ҽбу Ханифа. Сҿзге тоқтаған харижиттер қаруларын тастап, мешіттен
шығып кеткен екен.
Достарыңызбен бөлісу: |