Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет17/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
33 
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер», — 
деп басталатын атақты Еділмен қоштасу толғауын айтқан. 
Осы Қазтуған Қыпшақ руының ерлігін мадақтап, байлығын мақтамақ... 
Бұнымен айтысатын ақын: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл — өз өмірінде толғау 
айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен 
Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан. 
Ел қамын ойлаған, ұлы сыншы Асан Қайғының бұл жыраулардың қайсысынан 
болса да еңсесі биік жатыр. Оның жыры қайғы тәрізді түпсіз терең, ел мұраты 
тәрізді мәңгі өшпес арманды, ана жүрегіндей мейірімді келетін... 
Хан ордасының алдына кілең би, батырлар алқа-қотан отырғаннан кейін Асан 
Қайғы айтысты бастады. Ол алдымен өзі іштегі күйігін сыртқа шығара ел-
жұртының қамын сөз етіп біраз толғау айтты. Халыққа тарап кеткен: 
«Таза мінсіз асыл тас 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз 
Шер толқытса шығады» — 
деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы айтқан-ды. Бір бунап, бір босатқан 
науқастай, бойын қысқан жырын бітіріп барып «уф» деп демін алды. Енді ол бида 
орамалымен күн сүйіп, жел үріп, қатпарланған күсті маңдайынан сорғалаған терін 
сыпыра сүртті. Содан кейін барып жыраулардың мына отырған қауымға өз 
руларының қайдан шыққанын, аттары неден алынғанын таныстырып өтуін 
бұйырды. 
Қазтуған жырау безілдеген домбырасымен бірге орнында байыздай алмай, 
арқасын жыр қысып, астындағы тай терісінен шығып, жорғалақтап дөңгелей, ащы 
дауысын бір шырқатып алды да: 
Алаңда алаң, алаң бар, 
Бата алмай жау алаңдар. 
Сақтан шыққан Кейсақ бар, 
Кейсақ — Қайсақ, Қыпсақ — Қыпшақ боп 
Он екі атаға таралар, — 
деп Мұхаммет пайғамбар тумастан мың жыл бұрын, Ескендір Зұлхарнайынды 
Жиделібайсынның жеріне кіргізбей тоқтатқан Сақ елінің патшалары фарсы жұрты 
кей деп атап, одан патшаның таңдаулы әскерін — кейсақ (патша сағы деген 
мағынада) деп, одан Қыпсақ туып, Қыпсақтың Қыпшаққа айналғанын бір толғап 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
34 
өтті. Содан кейін Жиделібайсын жерін хұнулар 
1
алғанда Қыпшақтардың 
солтүстік суық жаққа Ертіс, Есіл бойына шегінуге мәжбүр болғаны, одан бес 
ғасыр өткеннен кейін түркі тұқымдас түркі, карлуктар-қарақалпақтар жайлаған 
Еділ, Жайық бойына ауғанын шырқай толғады. 
Сөзді Асан Қайғы енді Қотанға берді. Қарт жырау қара күйектеніп кеткен кәрі 
қобызын, ботасы өлген іңгендей боздатып, қарлыққан кәрі даусымен: 
Жусанды деме қараған, 
Жұлдызды жарық ай деме, 
Қытайдан шығып тараған, 
Хұнуға қарсы қол шықса, 
Жорықта болған маймене 
А-лунь 
2
— Арғын руы, 
Қыпшақпен қатар жаралған, — 
деп көне заманда Солтүстік Қытайдан батысқа қарай хұнулар (гунндар) аттан- 
ғанда Арғындар түркі тұқымдас елдерімен бірігіп бас көтергенін, ақыры әтиль 
күшіне шыдай алмай, сонау Ертістен әрі Жоңғар тауына қарай көшіп, хұнулар
өтіп кеткеннен кейін,
Жетісуға келгенін 
3
асқақтата жыр етіп өтті. 
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома түскен. Ұлы 
сыншы ойын ешкім бұзар емес, құлаққа ұрған танадай бәрі бірдей тына қал- 
ған. Әлден уақытта Асан Қайғы көзін ашты. 
Сұмырай, сұрқия, сұм заман
Шаққалы тұрған сұр жылан. 
Өткені емес халқымның 
Болашағы шер-мұңым... 
деп ел-жұртының келешегін ойлап сәл қайғырып отырды да, қос жырауға 
бұрылды. Халықтың айтысты күтіп отырғаны есіне түсіп: 
— Қазтуған жырау, баста! — деді. 
Қыпшақ елі, Орта Азия хұнулары — чұмхуну ұрпақтарынан, біздің 
дәуірімізден бұрын келе жатқан Европа халқы түстес, дінілі тайпасының күнбатыс 
бөлегі, көне сақтар сарқындысы, Қыпсақ деп аталатын рудан және көне Қангуй 
елінің қалдығы — қаңғылардан құрылған, түркі тұқымдас, Ертіс пен Тобыл 
өзендерінің арасындағы ағашты өңірді жайлаған, жау жүрек қалың жұрт болатын. 
Оныншы ғасырдың бас кезінен бастап, гуздарды (осы күнгі түрікмендер) 
оңтүстікке, печенгтерді (көне кенгерес елі) күнбатысқа, карлуктарды (қазіргі 
қарақалпақтарды) оңтүстік-күншығысқа, углерді (карелофиндарды) солтүстіктегі 
қалың орман арасына қуып, көне Қангуй жеріне келіп орналасқан. Сол күннен 
бастап сонау Еділ мен Ертістің ортасын Дәшті Қыпшақ жері не Қыпшақ даласы 
1
Х ұ н у — гунндардың қазақша аты. 
2
А - л у н ь — Арғын деген сөздің қытай транскрипциясы. 
3
Оңтүстік Венгрияда қазылып жатқан әтильдің астанасы Полонния қаласынан табылған өрнек, ескі мұра үлгілері 
қазақ, әсіресе Арғын руының үлгілерімен іспеттес. Қайсысы қайсысынан алды — белгісіз. Тек екі елдің бір мезгілде 
өмір сүргенін дәлелдейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет