Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет20/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
39 
Алтын күмбез мешіті, ақ мрамордан қаланған патша сарайларымен безенген, 
Босфор теңізінің жағасындағы Византия астанасы Стамбулға он бірінші ғасырда 
аса бір сойқан күн туды. 
Еділ, Днепр бойларынан Қыпшақтар қуған торкі елі Дунай өзенінен өтіп 
Византияға жақындады. Византияның солтүстігін бұдан бұрын печенегтер басып 
алып, талан-таражын шығаруда еді. Ал Кіші Азияда Византияның қалаларын 
түрікмен сельджуктары мазалауда болатын. Стамбулдың сау қалуына екіталай күн 
туды. Бұл аздай, енді Стамбулға төртінші қас пайда болды. Ол қас — Дунай 
өзеніне жетіп қалған бөрте жылқы мінген Қыпшақтар еді. 
Сасқан Византияның патшасы (императоры) Алексей Комнин Стамбулды 
қалай сақтап қалуды білмей өзінің ежелгі жауы Крестшілер мен Рим папасына 
«Константинополь» (Стамбул) торкілер мен печенегтердің қолына түскенше, 
сендер алыңдар» деп жәрдем сұрап хат жазды. Расында Византияға безбүйрек 
көшпелі тағы елдердің шапқыншылығы тым қорқынышты еді. 
Византияның басына қан жауған осы бір қиын-қыстау кезеңде, печенегтер 
бірінші боп Стамбулдың іргесіне кеп тоқтады. Император Комнин «Қыпшақтар не 
дер екен? Егер олар печенегтерге қосылып кетсе, біржолата құрыдық» деп қан 
жұтып жүдеп жүргенінде, бір күні Стамбулдың солтүстік жағынан қаһарынан жан 
түршігетін Бонақ пен қанқұмар Тұғырхан қалың қолмен сау ете түсті. Олар 
«Жауды көрсет! Біз дайын!» деді. Алексей әлі де болса Қыпшақтардың күшін 
пайдаланғысы келмей, оларды кең сарайында күндіз-түні күтіп, ұрыс күнін айтпай 
кідірте берді. 
Бірақ арақ-шараптан көрі, кісі қанын ішуді ұнататын Қыпшақ хандары 
императордың сән-салтанатты кең сарайында рақаттанып жатудан безіп, майданға 
шығып, қисық наркескендерін оңды-солды сермеуге асықты. Олар императорға: 
«Біздің енді күтер жағдайымыз жоқ. Ертең күн шыққаннан кейін, біз не қойдың 
етін, не қасқырдың етін жеуіміз керек» деді. «Бұлары біз ұрыссыз бос жата 
алмаймыз, ертең күн шыға сендермен қосылып печенегтермен соғысамыз» 
дегендері еді. Зәресі кеткен Алексей соғыс күнін айтты. Бұл қанды айқас бір мың 
тоқсан бірінші жылдың Көкек айының жиырма тоғызы күні болды. Қыпшақтар 
мен Стамбулдың әскері печенегтерді мықтап жеңді. Печенегтердің көп әскері 
тұтқынға түсті. Түнімен Қыпшақтар жеңісті тойлады. Ал, таңертең 
тұрғандарында... Кешегі тұтқынға түскен печенегтердің қырылып қалғанын көрді. 
Тұтқындар лагері қан сасиды. Нағыз қой бауыздағандай гректер оларды шетінен 
бауыздай беріпті. Талай қанды айқастарды бастарынан өткізген, қастасқан 
жауларын аяп көрмеген Қыпшақтардың да қолға түскен қарусыз тұтқындарға 
гректердің істеген айуандығынан төбе шаштары тік тұрады. Бөлісеміз деген 
олжаларына қарамастан, ертеңіне Қыпшақтар ат бетін кейін бұрған. 
Қазтуғанның Стамбулды да Қыпшақтар аман алып қалды деп мақтаныш еткені 
осы оқиға еді. 
Бұл оқиғаның қалай болғанын қарт Қотан айтып бергенде, отырған жұрттың 
үндей алмай қалуы да осыдан еді. Қанша қатыгез келсе де қолға түскен тұтқынды 
қыратын Қыпшақта дәстүр жоқ. Не болса да ұрыс үстінде, шабуыл үстінде 
болады. Ал мынау оқиға... Өздері істемегенмен, ата-бабаларының қарусыз 
жұрттың қырылуына себепкер болғандарын, айдалада жатқан Византия мен
өздері жерін алып қуып жіберген түркі тұқымдас елдің таласына барып кірісіп, 
осыншама қан төккендерін, жырау сөзін тыңдап отырғандар рас қылмыс көрген. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
40 
Қазтуған жырау да үндей алмай қалған. Тек Қобыланды батыр ғана Қотан 
ақынның жеңіп бара жатқанын сезіп намыстана, түнере түскен. Тыныштықты 
Асан Қайғының өзі бұзған. Ол аппақ ұзын сақалын баяу сипап, оңып кеткен 
көздерін сәл жұмып отырды да қайта ашты. 
— Өз руыңның ерлігін енді, Қотан жырау, сен айт, — деді. — Қайсыңның 
жеңгеніңді жұрт сосын естір... 
Қотан қарт алдында тұрған сырлы аяқтан уыз сары қымызды бір жұтып
орнына қайта қойды. Қобызын асықпай қолына алды. Мұздаған жанды жылытар, 
қобалжыған көңілді тыныштатар бір майда қоңыр күй тартты. Қарт жырау күйді 
ұзақ тартты. Жұрт ұйып тыңдай берді. Бір мезгілде барып қарт жырау қобыз 
даусына өзінің үнін қосты. Қария даусы бұ жолы қарлығып қажымады, жаңағы 
жұтқан уыз қымыздың дуасы ма, әлде айтайын деген жырының қақ-
соқтықсыздығынан ба, лебі биязы қоңырқай шықты. 
— Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған, 
қазір қисса онда емес, — деді жырау ерекше, өзгеше сарынға салып, — қыран 
көкке қанатын қанша биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Шаңқылдап айбат атса 
да, аққудай сыңсып ән сала алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғын — аққу көл 
көркі... Сойылдан гөрі қолына домбыра алуды паш санар. Ұран салып, жау 
іздегеннен ән шырқап жар сүйгенді ұнатар. Одан артық, әлеумет, айтшы қандай 
арман бар. Ел айырар ұрыстан, бейбітшілік, елдікті мұрат еткен бұл Арғын. Ән 
мен күйге орда боп қуантсам жұртты дейді бұл Арғын. Батыс түгіл, Қызылбас, 
Үндіге де Қыпшақ талай аттанған. Арғын одан аз емес, ерлігі бірақ өзгеше... Арғы 
бабам Басым елі 
1
түркі тілдес жұртпенен тізе қосып, кептеле ту тігіп үш жүз жыл 
Танменен 
2
алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау шалқар көліңді сол қасыңа 
бермеген. Кілегей бұлттай жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген. 
Асан Қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың 
десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды қателестің десең өзің айт. 
Арғын 
3
тайпасы да, Үйсін руы тәрізді, Тянь-Шань сақтары мен аргиппейлер 
қалдығынан құрылған, көне түркі қауымына кірген. Соңынан Жоңғар тауынан 
Жетісуға ауып, «қырық ру» қатар көшіп, қытай династияларымен сан күрескен. 
Қытайлардың Арғынды хұнумен шатастырулары да содан. 
Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бәсеңдете 
барып бітірді. 
Жұрт тағы да үн-түнсіз тына қалды. 
— Мың жаса, атажан, — деді кенет қайратты бір жас дауыс, — Дария тоқтаған 
бөгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға 
шақпақ тастан от беріп, телегей-теңіз өрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі. 
Сол тасыған суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған 
қалың өртті мың адам да сөндіре алмайды. Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын бүлдіру 
қай рудың қолынан болса да келеді. 
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының 
ғана қолынан келеді. Олардың қолынан әзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді 
біріктіру — арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып сал- 
1
Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы. 
2
Т а н — Қытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ) 
3
А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет