Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет90/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
178 
қалды. Алпыстан асқан Жәнібек қанша айбын көрсеткенімен, Мұхамед-
Шайбанидың қасындағы алып күшті жас батырға қарсы тұра алмады. Бетпе-бет 
келіп қалғанда, ананың қос қолдап ұрған шоқпарының салмағымен омырт- 
қасы үзіліп ат-матымен жер құша омақата құлады. Осы кезде сәл соңынан келе 
жатқан батыр Саянның да жігіттері жолындағы жау шебін қамыстай бытырлатып 
жетіп үлгерді. Жолбарыстай ақырып бір тобы Мұхамед-Шайбаниға ұмтылды. 
Бірақ бір арманына жеткенін көзімен көрген хан баласы ұпайым түгел дегендей, 
бұларға бұрылып та қарамастан астындағы жел жетпес күрең атына қамшыны 
үсті-үстіне басып, өз тобына қарай құйындата жөнелді. Ал батыр Саян жерде 
жатқан хан денесін алдына өңгеріп алып, екінші жағынан келіп қалған жау 
тобынан сытылып шыға берді. Сөйткенше түн болып қараңғылық түсті. Ұрыс 
тоқталды. Ай туа әскері ойсырап қалған Мұхамед-Шайбани, таңертеңгі ұрысқа 
төтеп бере аламайтынына көзі жетіп, Яссы қаласына барып бекінбекші боп кейін 
шегінді. 
Ханы өлген қазақ әскері жауының соңынан қумады. Жәнібектің денесін ақ 
кигізге орап, ақ түйеге артып, екінші баласы Махмұт билеп тұрған Созаққа 
беттеді. Қайғылы ел күңірене күрсініп, алғашқы ханның бірі Жәнібекті ардақтап 
ақырғы сапарына шығарып салды. Әбілқайыр жатқан Жуантөбедегі көк күмбезді 
мазардың жанында тағы бір салтанатты алтын айлы мазар пайда болды. Тірі 
жүргендерінде бүкіл Дәшті Қыпшақтың кең даласына сыймаған қос тарлан, енді 
он шаршы құлаш жерге қатарласа көмілді. Өмір татуластыра алмаған екі ханды, 
енді өлім татуластырды. 
Жәнібектің қырқын берісімен ел жиылып, кезегіне қарай Керейдің өзге 
ұлдарынан батыр туған Бұрындықты ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Бұрындық 
хан болысымен Әбілқайырға еліктеп жұртты отырықшылыққа бейімдей бастады. 
Бөген мен Шілік өзенінің түйіскен жеріне өзінің астанасы Бұрындық деген қала 
салуға кірісті. Екі жағында екі өзен, түйіскен жерінің алдыңғы жағынан қамал 
жүргізді. Бірақ бұл қаланы салып бітіре алмады. Самарқантқа қашқанында әдейі 
кісілер жіберіп өртеп кетті. Бұл арада осы күнге дейін жұрт Бұзық деп атап кеткен 
қорғанды қала орны әлі тұр. Бұрындық хан болған дәл осы күндері Ташкент, 
Яссы, Отырар шаһарларын билеп отырған моғол хакімдері мен Темірлан 
әмірлерінің жинап берген әскерлерін басқарып Мұхамед-Шайбанидің інісі 
Махмуд-Сұлтан Созаққа аттанды. Бұ жолы да қырғын ұрыс болды. Қан судай 
ақты. Тағы да Әбілқайыр балалары жеңіліп кейін шегінді. Бірақ Махмуд-Сұлтан 
Созақ билеушісі, Жәнібектің ортаншы ұлы Махмұт-Сұлтанмен жекпе-жекке 
шығып, найзамен үстіңгі ерні мен мұрынын алып түсті. «Шайбани-намеде» 
айтқандай, «тағдыр басындағы бар ақылын мұрнынан қан етіп ағызды». Бірақ 
аттан құлап түскен Махмұт сұлтанды қазақ жауынгерлері жау қолына қалдырмай 
бірден ат қойып аман құтқарды. 
Бір халықты өзбек, қазақ деген екі елге бөліп алған хандар тартысы шиеленісе 
түсті. «Бұл тартыстың аяғы немен тынбақ?» — Өзгеден гөрі Қасым сұлтан көбірек 
ойланды. Күрестің алғашқы кезеңі аяқталған тәрізді. Анасының анты орындалып, 
өзін Қасым үшін құрбан етті. Ал әкесі Жәнібек, он жыл бұрын айтқанындай, 
Мұхамед-Шайбанидың өзінен болмаса да, оның жауынгер батырынан қаза тапты, 
туған ағасы Мұхамед-Шайбанидың інісі Махмуд-Сұлтаннан бет-аузы адам 
қарағысыз боп жараланды... Бәрі осыдан он жыл бұрын анасына ант берген 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
179 
күніндегі әңгімедей болып шықты. Осындай тартыс қанды кекке айналып бара 
жатқан жағдайда, енді өзі сондағы анасына берген антын орындай алар ма? 
Қасым ауыр күрсінді. «Жоқ, жоқ қайткен күнде де антты орындауы керек. 
Анаға берген сөзін бұзса қарғыс атады...» 
әрине Бұрындық ханның әскери басшысы болып жүргенде бұл антын 
бұзбайды, ал егер ертең алтын тақ-айдаһардың үстіне отыруға тура келсе қайтеді? 
Апалы-сіңлілінің балалары түгіл, бір анадан, бір әкеден туған егізді айыратын, 
бірін-бірі бауыздататын қанқұмар алтын тақ-айдаһар Қасым сұлтанды бүгінгідей 
өз еркіне қояр ма? 
әй, қоймас. Алтын таққа отыру — өз басыңның айдаһарға айналуымен тең емес 
пе? Тең, сөз жоқ тең. 
Биылғы жыл Қасым сұлтанға ауыр тиді. Бұрындықтың орынсыз жұмсауымен 
дайындықсыз тиісіп бір-екі рет Мұхамед-Шайбаниден жеңіліп қалды. Оның үстіне 
хан тұқымын қанаушы санаған «Жалғыз көз» батыр, әлділерден опық жеген 
малшы-жалшыларды жинап, Қасымның да екі қос жылқысын айдап әкетті. Сыр 
бойының төменгі жағындағы балықшы ауылдарға апарып үлестіріпті деген сыбыс 
та құлағына жеткен. Бірақ Қасым жылқысын іздеп ол ауылдарға аттанбады. 
Өйткені, дәл осы кезде ең жақсы көрер әйелі Ханық-Сұлтан Ханша ұл тапты. 
Атын Қасымның өзі Хақназар қойды. 
Көп қатын алатын хан тұқымы балаға зар болмайды. Бірақ Қасым осы 
Хақназарға өте қуанды. Өзінің ізін басар қазақтың әйгілі ханының бірі боларын 
білді ме, күндік жерден ат шаптырып ұлан-асыр той істеді. Орақ барымталап алған 
көп жылқысын енді ол сонау балықшы кедей ауылдарға ұлым үшін берген 
садақам деді. 
ІV
«Екі көз бірін-бірі шұқымасқа аллатағала ортасына мұрынды жаратқан» деп 
қазақ босқа айтпаған. Бұрындық таққа отырып, Қасым сұлтан әскербасы, яғни 
әмір-эль-умера болғаннан кейін, көп кешікпей-ақ араларында қайшылықтар туа 
бастады. Негізгі ала ауыздық Бұрындық пен Қасымның қазақ хандығының 
келешек саясатының қандай болуы керек, деген мәселедегі екеуінің көзқарасынан 
туған. Оның үстіне Әбілқайыр Ордасын қайта тұрғызуды көздеген Мұхамед-
Шайбани мен Махмуд-Сұлтан жайындағы араларындағы алалығы қосылды. 
Аңғал батыр, қысқа томыратын морт мінезді Бұрындық қазақ хандығының 
келешегі тек соғыста деп ойлаған. Жасынан жауынгершілікті мұрат еткен, тоң 
мойын, өз дегенін дүниенің тетігі көретін қайсар хан қазақ хандығының күшею 
жолы тек көрші елдерді шабуда деп ұққан. Сондықтан ол өзі де үнемі ат үстінде 
болып, өзгеден де соны тілеген. Ал Қасым бөтен пікірдің адамы. Оның ойынша 
қалың қол, соғыс тек жаудан өз жеріңді қайтарып алу үшін ғана керек. Қазақ 
хандығының күшею жолы үнемі соғысуда емес, алдымен өзіңе ешкімнің тісі бата 
алмайтын айбарлы, қой үстінде боз торғай жұмыртқалататын бейбітшілікті арман 
еткен ел болуда деп түсінген. Осындай ойдағы Қасым үнемі жорық, үнемі 
шапқыншылық халықты жүдетеді десе, Бұрындық «жоқ, олай емес, жаудың жер, 
суын тартып алып, дүниесін тонау ер жүректі қазақ жігіттерін байытады, ал 
жорық, ұрыс тек халықты шынықтырады, сақылдаған аяз бен бұрқыраған боранда 
өскен көкжал қасқырдай қайтпас қайсар етеді. Бұндай елге ешкім де беттей 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет