Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет93/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
184 
— Басқа адамның ыңғайы жоқ. Ең сенерім өзіңсің. Сенің жақын адам екенің 
тұтқынға аян. Кесірлік істемейді, айтқаныңа көнеді. Көнбесе көндір. Түбі біз оны 
ажалдан алып қалып, еліне қайтаруымыз керек. 
— Онда неге қашырып жібермеймін? 
— Қашыруға болмайды. Бұрындық оны менен көреді. Махмуд-Сұлтанның 
тағдырын Хан Кеңесі шешсін, Хан Кеңесі ажалға қимас... 
— әрине, мұндай жағдайда күні бұрын Махмуд-Сұлтанға да сыр бермеуім 
керек болар... Хан Кеңесінің аты Хан Кеңесі, сен құтқарғың келгенмен, ол қалай 
шешеді. Бұрындықтың да айтқаны өтіп кетуі ғажап емес қой! 
— Иә, ал өзіңнің бар борышың — біз Отырардан қайтқанша Махмуд-Сұлтанды 
аман сақтау. 
Саян жымиып күлді. 
— Оңай борыш екен! Жақсы, қолдан келгенін аямаспын. Қашан жүрейін. 
— Бүгін. Сақтықта қорлық жоқ, Махмуд-Сұлтанды кісендеулі ұстарсың. 
— Жақсы. 
Сол күні түнде қол-аяғы кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Созаққа жүргізіп 
жіберді де, ертеңіне Бұрындық пен Қасым қалың әскерін соңдарынан ертіп 
Отырарға аттанды. Бұдан екі тәулік бұрын Мұхамед-Шайбани тыңшылары 
арқылы Бұрындық ханның Отырарға аттанғалы жатқанын естіген. «Тоқал ешкі 
мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты» дегендей, Яссыны аламын деп 
жүргенде өз бекінісімнен айырылып қалармын деп, жедел жүріп Отырарға жетіп 
үлгірген. Отырардың бекінісі Яссыдан да берік соғылған. Қаланы қоршаған биік 
қамал, етегінде терең қазылған жалпақ ор. Қамал шеттері, жоғарыдан садақ атуға 
ыңғайланып істелген үзеңгі тесік. Төмендегі жау садақ оғын қанша атса да ар 
жағындағы адамға тигізе алмайды. Үзеңгі тесікке дәл тиген күнде де, жуан қиғаш 
қабырғаның не төменгі, не жоғарғы жағына барып қадалады. Ал қамалды бұзу 
тіпті мүмкін емес. Биіктігі қырық, жуандығы жиырма құлаш, қаттылығы тастан 
кем емес сұр балшық шымнан құйылған... Бір жыл қаладан ешкімді шығармасаң 
да ішіндегі азық-түлігі жұртқа жетеді. Отын-суы да мол. Үй ара қазылған 
шыңырау құдық. Қамал тұрғындарына қарағанда сырттағы жаулап алуға келген 
Бұрындық пен Қасым әскерінің халі анағұрлым нашар. Қылтаңы жоқ құба жон. 
Көктен күйдірген күн, көріктей үрген ыстық жел. Дариядан бұрылған су да лайлы, 
ішсең таңдайыңа топырақ дәмі тұрып қалады. Шай қайнатсаң ғана сусынға 
жарайды. Оның үстіне осыншама әскерді ұстау үшін қаншама азық-түлік керек. 
Бір ай өткесін-ақ жұрттың елдеріне қайтқысы келе бастады. Бірақ бір беткей 
Бұрындық көнбеді. Қала ішіндегі жасырын адамдары арқылы Мұхамед-
Шайбанидың әскерінің аз екенін бұрыннан да білетін. Ол енді қамалдың астын 
қазып, қалаға кіретін үңгір-жол жасатуға кіріскен. Бүгін-ертең бітіп те қалар. Ал 
қалаға бір кірсе болды, Мұхамед-Шайбаниды қолға түсті дей бер. Махмуд-Сұлтан 
тұтқында, енді Мұхамед-Шайбаниға қолы бір жетсе болғаны, қос бөрінің ыстық 
қанын бірден ішіп, жауынан кегін алмақ. Оларды өлтірсе жері кеңімек. Бірақ 
Бұрындықтың бұл ойы болмай қалды. Қазақ әскері жер астын үңгірлеп, өзімен өзі 
әлек болып жатқанда, Отырарға жәрдемге Ташкенттің әміршісі Сұлтан-Махмұд 
хан жіберген үш мың әскер келді. Бұл әскердің таң ата қаланың солтүстік 
қақпасынан кіріп кеткенін Бұрындық пен Қасым ертеңіне бір-ақ білді. Енді қамал 
астын қазудың бос әуре екенін екеуі де түсінді. Жер астымен кірген әскерді мына 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
185 
үш мың қол үңгір алдында тұрып алып шыдатпайды, қанды босқа төгуден бөтен 
қазақ жауынгерлерінің табар пайдасы жоқ. 
Бұрындық бес мың қолмен сол күні Созаққа қайтып кетті. Бір жетіден кейін 
бар әскерін жинап Қасым да қозғалды. Созаққа таяғанда алдарынан шапқыншы 
көрінді. Бөрік астынан бөрі шыққан дүрбелең заман, «тағы не болып қалды?» деп, 
әскер басында келе жатқан Қасым мен серіктері құйындата шапқан салт аттыға 
қобалжи қарады. Сөйткенше болған жоқ, астындағы құладын бестісін терге 
сабылта шапқыншы да келіп жетті. Қасымның кіші інісі Жәдік екен. 
— Ассалаумағаликом, — деп ентіге сәлемдесті ол, астындағы атын 
тыпыршыта ойнатып. 
— Уағаликумассалам, — Қасым сәлем алды, — жарқыным, шабысың тым суыт 
екен, ауыл-аймағың аман ба? 
— Бәрі де аман... Тек бір болмашы жаман хабар жеткізгелі келіп тұрмын. 
— Қандай хабар? 
— Тас үйшіктен Махмуд-Сұлтан қашып кетті. Қасында бір күзетші серігі бар. 
— Батыр Саян қайда еді? 
— Жандарында ұйықтап кеткен батыр Саянды бауыздап қашқан. 
Жәдіктің айтуынша оқиға былай болып шықты. Тас үйге қамалған қол-аяғы 
кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Саян көзінің қарашығындай сақтайды. Сырт- 
тағы күзетті былай қойғанда, біреу-міреу сұлтанды жазым етіп жүрмесін деп өзі 
үнемі, бір Маңғыт жігітімен бірге, тас үйдің ішінде қонып жүреді. Махмуд-Сұлтан 
батыр Саян жоқ кезде, сірә «сені жетістірем» деп Маңғыт жігітімен тіл тапқан 
болуы керек, бір күні түнде батыр Саян ұйықтап кеткен кезінде, қатар жатқан 
Маңғыт жігіті ананың тамағынан қанжарымен орып жіберіп өлтіреді. Сөйтет те 
тас үйдің іргесін кісі сыятындай тесік етіп қазып, Махмуд-Сұлтан екеуі қашады. 
Сыртқы күзетшілер үй іргесінің үңірейіп жатқанын тек таң ат- 
қасын көреді. Жан-жаққа ат шаптырып, іздеу салады, бірақ қашқындар жер астына 
кіріп кеткендей, үшті-күйлі табылмайды. 
Қасым бала жасынан, ерлігі аңызға айналған батыр Саянды өте жақсы көретін-
ді. Бұл сұмдық хабарды естігенде, ол теңселіп ат үстінде әзер отырды. Жерге 
түсіп, бүкіл әскер боп батыр Саянға арнап құран оқығанда да, ол біреу шекесінен 
сойылмен ұрып кеткендей есеңгірей әзер шыдады. «Ақкөз ер, бір сұмдықтың 
боларын сезгендей-ақ барғысы келмеп еді. Бекер жіберген екем!» деп өкініп, 
жүрегі күйіп, не істерін білмеді. 
— Есіл ер... — деді кенет ол қабағын қарс түйіп, — құныңды он есе етіп 
қайтарармын, — ол енді ернін сәл қимылдатып күбірлей сөйледі, — қымбатты 
ана... саған берген сертімді орындаймын деп, халқым хан көтерген туған әкемнен 
айырылдым, анам бір болмаса да, әкем бір, қадірлі ағам Махмұт-Сұлтанды жұрт 
көзіне түсе алмастай кемтар еткіздім. Енді міне, ең жақын серігімді қан етіп 
тұрмын. Кеш, қымбатты анам саған берген сертімді қайтып алдым... Кезім келсе 
әкемнің де, серігімнің де құнын қайтарармын қанішер қос бөріден! 
Қасымның бұлай сөйлейтін реті де бар еді. Ол өзін әкесінің өліміне айыпты 
санайтын. Сонау қан судай аққан айқаста Мұхамед-Шайбанимен кездеспеймін 
деп, таңдаулы жиырма мың әскерін майданның сол қанатына алып кеткен. Егер 
анасына серт бермегенде, бұл әскер Жәнібектің қасында болатын еді. Жуып 
көрсінші сонда оның жанына қара атты жауынгер! әттең, әттең! От жүрек, алғыр 
ойлы, көреген әке, ел басын толық қоса алмай кетті. Енді міне, топас ойлы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет