Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет95/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
188 
шоқпар ұстаған Қасым сұлтанның жанында тұрған Дәшті Қыпшақтың атақты 
батырларына ауды. Атына қарай ұмтылғанда, солардың ішінен кенет қолындағы 
қозыбас қара шойын шоқпарын ыңғайлай түсіп, оқыс қимылдаған Бөрібай 
батырды көзі шалып қалды. Оның ызғарлы түрі енді аяғыңды атыңа қарай аттасаң, 
мына шоқпар көк желкеңнен тиеді дегенді сездірді. Өзге батырлардың да аяйтын 
түрі жоқ. Көп қорқытады, терең батырады, қанша алып күшті, жау жүрек 
болғанмен Бұрындық Қасым сұлтанның қасында тұрған кілең ұзын мұрт, түксиген 
қабақ батырларға жалғыз өзі қарсы шығуға бата алмады. 
— Гүлбаһрам-Патшайым жесірді аттан түсіріп, алып келіңдер, — деді Қасым 
сұлтан, жанында тұрған батырларға қарап. Бұл тұрғандардың ең кішісі Оңай 
батыр атынан секіріп түсіп, Гүлбаһрам-Патшайымның қасына барды. Ұзын 
шашының ұшын ат омыраулығынан шешіп алды да, қайғыдан талықсып отырған 
жесірді көтеріп жерге түсірді, Қолындағы қыл шылбырды наркескенімен кесіп 
жіберіп, аузындағы орамалын жұлып тастады. Гүлбаһрам-Патшайым солқылдап 
жылап қоя берді. 
— Жылама, ару, — деді Оңай батыр сыбырлай зекіп, — жауың көзінше өзіңді 
жасытпа. 
Гүлбаһрам-Патшайымды бір қолымен, екінші қолымен дар қасында тұрған 
Аянды жетектеп Оңай батыр Қасым сұлтанның қасына алып келді. 
— Бұйрығыңыз орындалды, Қасым сұлтан, — деді ол. 
— Осы екі байғұстың жау қастығынан аман болуы, өзіңе тапсырылады, Оңай 
батыр, — деді Қасым сұлтан. 
— Құп, — деп Оңай батыр басын иді. 
Дәл осы кезде Темір би де атын тебініп қап Қасымның қарсы алдына келді. 
Қарлыққан кәрі даусыменен ызадан тұтыға: 
— Ақ иық қыран қартайса, қызыл шақа жас жағалтайдан таяқ жейді деген осы 
екен! әттең жиырма бес жасым қайта оралса, ат көтіне бір салар едім! — деді. — 
әкең Жәнібек бізді бағындыра алмай кетіп еді, соның кегін сен алдың, Қасым 
сұлтан! Өлген жерім осы болды. — Ол кенет атының басын бұрып алып, өз тобын 
соңынан шұбырта, жұрттан сытылып шыға берді, — қош бол, Бұрындық хан. 
Сақтанатын жауың Мұхамед-Шайбани емес, Қасым сұлтан екен. Соны ұмытпа! 
Өмір қызығынан әлі үміті бар ауру Темір би осы сапарында, Ақтөбе жерінен 
өтіп бара жатып, жүрегі қабынып кенет қайтыс болатынын білген жоқ. Арманына 
жете алмаған әйгілі бидің бұл ақырғы өкініші еді. 
Ал Қасым тобы да атының басын кейін бұрды. Жұрт арасынан өте беріп сұлтан 
әлдекімдердің: 
— Көп жаса, Қасым батыр! — деген алғыс сөздерін естіді. 
Бұл түні Бұрындық ханның да, Қасым сұлтанның да көздері ілінбей шықты. 
Бар қасиеті батырлық болған Бұрындық, қанша шабан ойласа да бүгінгі 
оқиғаның қайда апарып соққанын жаңа ұқты. Сонау қазақтың әйгілі 
батырларының Қасыммен үзеңгілесе қатар тұра қалуынан, Гүлбаһрам мен Аянды 
құтқар- 
ған сұлтанға жиналған жұрттың «көп жаса, Қасым батыр» деген үнінен қазақ 
руларының Жәнібек баласына ауа бастағанын аңғарды. Мұндайда өз қатесін өзі 
көріп, «Елімді қайтсем қайтадан өзіме тартам» деп қынжылатын, ақылға салатын 
Бұрындық жоқ. Басына келе жатқан қиындықтан жол іздеудің орнына, ол өзінің 
қайсар мінезіне салып, ерегісе түсті. «Бәлем, Қаптағай, оңбаған Қарақожа, шірік 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
189 
Оңай, тұра тұр!» деп кіжіне тісін қайрады. Бүгінгі оқиғаға өзін емес Қасымды 
күнәкар көрді. Қайтсем одан өшімді алам деп түнімен басы қатты. Көзі ілігіп бара 
жатса Темір бидің: «Сенің жауың Мұхамед-Шайбани емес, Қасым сұлтан екен! 
Соны ұмытпа!» деген даусы әлсін-әлсін құлағына келіп, көзге тығылған ұйқысын 
шайдай аша берді. Ежелден келе жатқан ескі салт бар: «Жаңа жауыңды құртам 
десең, етің үйренген ескі жауыңмен достас» деген. Бұрындық халқының, елінің 
алдында жоғалғалы тұрған абыройын қорғаудың орнына, Қасымды жою жолын 
іздеп ойға шомды. Бұл тілегін орындау үшін ескі жауы Мұхамед-Шайбани, 
Махмуд-Сұлтандармен достасса, теріс болмас еді деген тұжырымға келді. Сөйтіп 
таң ата әзер дегенде қор ете қалды. Ал Қасым тіпті бөтен ойда еді. Бүгінгі оқиға 
оны қатты ренжітті. Жәнібек пен Керей кезіндегі Қазақ Ордасындағы ауыз 
бірліктің енді Бұрындық пен Қасым кезінде қатты шытынай бастағанына көзі 
жетті. Себебі неде? Себебі Бұрындықтың тайыз саясатында. «Ел бірлігін ақылмен 
сақтап халықтың мұң-мұқтажын, шаруа жайын ойлай отырып, күреске 
шақырудың орнына, ол жұртты қаһарымен соңынан ергізбек. Егер әділетті болсаң 
ғана, соңыңнан жұртты ертесің. Ал орынсыз қаттылық — зор қылмыс. 
Бұрындықтың бүгінгі істегені — тек жұртты өзінен шошыттыру. Егер бұл бүйте 
берсе, Керей мен Жәнібектің өлдім-талдым деп құрған қазақ хандығының 
абыройын да, өзінің абыройын да бір күні айрандай төгеді. Қазақ хандығының 
абыройы төгілмегені керек-ақ! Ал ел бірлігін сақтау үшін Бұрындықтың абыройлы 
болғаны керек пе? Халқымыз үшін, ел бірлігін сақтап қалу үшін қажет. Қазіргі 
жағдайда ханның мықты көрінуі өте орынды саясат. Мұхамед-Шайбани болса 
анау, бүкіл Түркістан уәлиетін басып қалуға таяу... Енді ол Ташкент әміршісі 
Сұлтан-Мұхамед хан мен Яссы хакімі Мұхамед-Мазит-тарханның ала ауыздығын 
пайдаланып Яссыны жаулап алады. Содан соң Ташкентті қолына түсіргеннен 
кейін, бар күшін Самарқант, Бұқар, Андижан қалаларына — яғни Ақсақ Темір 
хандығына жұмсайды. Сөз жоқ, ол бұл қалаларды да алады, өйткені бұл 
мединелерде қазір Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұрар күш, ауыз бірлік жоқ. 
Түркістан өлкесі мен Ақсақ Темір хандығын бауырына басып әбден күшейіп 
болғаннан кейін, ол бетін Хорезм мен Қорасанға бұра ма, әлде Дәшті Қыпшаққа 
бұра ма белгісіз. Әрине қай хандықта ауыз бірлік жоқ, әлсіз деп тапса, соған 
шабуыл 
жасайды. 
Әлді 
елдермен 
ай- 
қасып мүйізін сындырғанша, әлсіз елдерді өзіне бағындырып әлдене түсу — қай 
жаһанкер патшаның болса да негізгі тәсілі. Ақылды, айлакер Мұхамед-Шайбани 
да соны қолданады. Егер қазақ жеріне шабуылға шықса, ол әрине ең алдымен 
Созақ пен Ұлытауды шабуға тырысады. Дәшті Қыпшақ сандық болса, бұл екеуі 
соның кілті. Торғай, Ақ Жайық, Еділ, Есіл, Тобылдарыңның бойы сол сандықтың 
түбінде жатқан қазына. Аузы ашылған сандықтың ішіндегі мүлікті біртіндеп ала 
беру кімнің болса да қолынан келеді. Сондықтан бізге қайткен күнде де Созақ пен 
Ұлытауды сақтап қалуымыз шарт. Бұл бекіністерді күшейтудің орнына, Бұрындық 
екеуміз қырқысып жатсақ не болғанымыз? Онда Мұхамед-Шайбани шабақты 
жұтқан алабұғадай екі бірдей майбалықты қылқыта салады. Оған жібермеу керек, 
тамағынан тікенек боп қадалу жөн-ақ. Әрине соғысқұмар Бұрындық, бос 
жатқандай, Мұхамед-Шайбанидың бір шаһарын басып қалайық деп ойлайды. 
Ертең-ақ жорыққа шығыңдар деп бұйрық береді. Шықпасаң — тағы ала ауыздық 
туады. Шықсаң — құр босқа әбігерленесің. Қазір біздің әскердің саны бар да, 
сапасы жоқ. Бекінісі мықты шаһарды алуға жарамайды. Ең алдыменен әскерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет