«Менің эмоциялық әлемім» эссе



Дата27.10.2023
өлшемі15,61 Kb.
#188858
Байланысты:
менің эмоциялық әлемім эссе


«Менің эмоциялық әлемім» эссе
Мен ашық адаммын.Экстравертпін.Адамдармен тез тіл табыса аламын және өз эмоциямды басқара аламын.Әрине,кейде эмоцияны басқару қиынға соғады.Дегенмен де,менің ойымша әрбір тұлға өз эмоциясын басқара алу керек,өз-өзімен жұмыс жасауы керек.
Жалпы,эмоция басқару бізге не үшін керек?Ол ең алдымен,ішкі сезімдерімізді қандай да бір қалыпта сақтау үшін керек.Яғни,әрбір ортада өзіңді өзің қалағандай ұстау үшін және де солай көрсетуге үйрену үшін.Сонымен қатар,кез-келген жағдайға дайын болу үшін.
Менің эмоциялық әлемім-кез-келген жағдайға дайын.Өмірімде болып жатқан өзгерістер менің ары қарай өз эмоциямды басқаруға мүмкіндіктер беруде.
Әрине,кейде өмірде эмоция басқара алмайтын жағдайлар кездеседі.Ондай жағдайларда максимальды түрде өз-өзіме ие болуға тырысамын.
Негізі кез-келген адам өз эмоциясын көрсете білуі керек деген пікір орынды.Дегенмен,қазіргі қоғамда бұл қауіпті болуы да мүмкін.Негізінен менің ойымша,адамның эмоциясын басқара алуы көп нәрсеге пайда бола алады.Әрбір адам өз эмоциясын сыртқа шығарып,ашық түрде көрсете алатын болса,жанындағы адамдар оның ішкі әлемі туралы,қандай жағдайда қандай күйде болатыны туралы хабардар болады.Менің ойымша,бұл қауіпті.Мен экстравертпін,бірақ интроверт болғым келеді.Эмоцияларымды сыртқа шығармай өзіммен-өзім болғым келеді.Бірақ,қолымнан келмейді.Сонымен қатар,интроверт адамдар экстраверттерге қарағанда жетістікке тез жетеді.Менің ойымша,оның бірде-бір себебі,өз-өзін,соның ішінде өз эмоциясын басқара алуында.Сондықтан да,эмоция басқара алу адамдар үшін өте пайдалы.222сөз
Қорытындылай келе,әрбір адам өз эмоциясымен жұмыс жасауы керек екенін айтқым келеді.Сонымен қатар,менің эмоциялық әлемім ашық және мен оны еркін басқара аламын.Бұл нәрсе меніңше,мен үшін пайдалы дүние.Мен осы арқылы адамдармен тіл табысып және өз-өзімді ұстай алу қабілетіне ие боламын.Әрбір адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін өз эмоциямен және өз-өзімен жұмыс жасап үйренуі керек.Сонда ғана қоғам мен адамзат арасында байланыс орнығады.Бұл әрине менің жеке ойым,әрбір тұлға өзі үшін шешім қабылдауға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет