Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет5/102
Дата26.11.2023
өлшемі1,59 Mb.
#193597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 

Шыңғыстың төртінші баласы Төле: «Қандай хан абыройлы болады?» — деп 
сұрапты. Шыңғысхан: «Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан 
әрқашанда абыройлы болады», — деп жауап береді. 
Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле-өлгенше абыройлы 
хан болып өтіпті-міс. 
Әбілқайыр да осы төрт өсиетке бас иген адам. Сондықтан да ол маңайына тек 
Сайбан ұрпағы емес, Шыңғысханның өзге балаларының да, Жошының өзге 
бұтағын да жинаған. Тек бұлардың бірде-бірі өзінен ақылды болуға тиісті емес 
және үнемі оның ойынан шығып отыруы керек. Солай болып та келген. Тек соңғы 
кезде ғана Орда маңындағы сұлтандар арасындағы дау-жанжал күшейе түскен. 
Әсіресе, бұл алауыздыққа дем беріп жүрген — ақыл-айлалы Жәнібек сұлтан. 
Серіксіз жау болмайды, оған шөбере ағасы Керей қосылған. Бұлардың бергі өкпесі 
Әбілқайырдың қазақ пен өзбек арасындағы саясаты болғанмен, хан ойынша түпкі 
армандары бақ күндестік. Көк Орданы екіге бөліп, қазақ хандығын құрмақ. Өздері 
соны билемек. Ал Әбілқайыр бауыр басып қалған Дәшті Қыпшаққа, ешкімді ортақ 
етпек емес. Ортақ етпек түгіл, осынау қарамағындағы Мауреннахр, Дәшті 
Қыпшақ, Қорасан жеріне шектес елдерді, әсіресе Моғолстан хандығын түгелдей 
қосып алмақ. 
Барлық елді жеке өз басыңа табындыру қасіреті — о да бір іштен жеген жегі 
құрт. Мұндай кеселге душар болған адам тек өз мерейім өсе берсін дейді. Ол 
мұндай арманның, әр нәрсеге дұрыс баға беріп, дұрыс қарайтын ақылын іштей 
жеп жатқан жегі құрт екенін аңғармайды. Кесел бүкіл денесін қаулай алып болып, 
бір күні тек қауқиған сыртының өзінен өзі опырылып түсетінін күні бұрын 
байқатпайды. Бұл кеселдің күші де, қауіптілігі де осында. 
Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Әбілқайыр мен қазақ Ордасын бөліп 
алам деген Жәнібек сұлтанның таласы әлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірін 
жан алқымнан ала түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес. Араларында бітім 
болуға тиісті емес. Бірақ әлі қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп 
жүрген жағдайлары бар. 
Әбілқайыр бір рет Жәнібекті мүлдем құртып жібере де жаздады. Әттең, әттең, 
ойлаған жеріне жете алмай қалды. Хан сол бір сәтті кез есіне түссе-ақ әлі күнге 
дейін бармағын шайнайды. Шыңғысханның «ойынан шықпаған туған баласын да 
аямаған хан — хан бола алады» деген қағидасын жақсы ұққан Әбілқайыр, әрине 
Жәнібекті аяйын деген жоқ, бірақ бұл жалғанда жазмыштан күшті не бар? 
Ажалсыз — аждаһаның аузынан құтылады. 
Оқиға былай болған еді. Әбілқайырдың Маңғыт руынан алған бәйбішесінен 
туған он жеті жасар, аппақ жұмыртқадай, жастық желікті ерте бастаған жеңіл 
мінезді, ерке қызы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің сұлу жүзді, арыс тұлғалы 
Жәнібекке көңілі кеткен. Хан қызына қолы жете алмай өліп жүрген өзге батыр, 
сұлтандарға көзі түспей, төрт әйелі бар Жәнібекке неге сонша құмар бол- 
ғанын кім білсін, әйтеуір қыздың өзі ортаға жеңгелерін салып, ұзатылғанша 
сұлтанмен көңіл қосуға тілек білдірген. Бұл кезде Әбілқайырмен арасы іштей 
әбден суып болған Жәнібек: «әкесінің кеудесіне міне алмасам да, қызын тоят 
етсем, о да ханнан бір өшімді қайтарғаным емес пе» деп, алдымен хан қызымен 
жақындасады да, артынан қыздың оңашадағы сан түрлі назды қылықтары ұнап, 
оған үйленбекші болады. Ханға қызын берсін деп, шөбере ағасы Керейді салады. 
Жайшылықта қастарымен татуласу үшін қыз алып, қыз беруге оңай баратын 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
10 
Шыңғыс тұқымы, бұл жолы қасара қалады. Жәнібекпен, түбі бірге от жағып, түтін 
түтете алмайтынын сезген хан, қызын беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ 
жауабын тікелей айтуға, Тоқай Темір ұрпағын біржолата шамдандырып алармын 
деп ойлайды да, «Жақсы, ойланып көрелік, шешімін күз қыстауға қайтқанда 
естірсіңдер» дейді Керейге. Ханның бергісі келмей отырғанын түсінген Керей 
намысқа шауып, Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің бетінің ашылып қалғанын 
алыстан тұспалдап сездіреді. Енді қызының абыройы үшін Жәнібекке бергенің 
дұрыс деген сыңай білдіреді. Қызының мұндай күйге ұшырағанына намыстанып 
қалған хан, сырттай сыр бермей: 
— Жақсы, жауабын күз қыстауға барған соң аларсыңдар, — дейді жаңағы сөзін 
қайталап, сазарған қалпында, Керей кеткеннен кейін, дәйекші Инелікті жіберіп, 
шымшып алар еті жоқ, қан-сөлсіз сұп-сұр боп қатып қалған Құрыбай жан 
алғышты шақыртып алады. 
— Менің қызым Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім бабалары заңы бойынша «қан 
төгілмей» өлуге тиісті! — деді оған. 
«Қан төкпей» өлтіру — ақ кигізге орап, екі жағынан бұрап тұншықтырып, не 
аяғы мен басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтіру. Көне монғол 
ғұрпында бұл жеңіл өлім. 
Ертеңіне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді бабасы Жошы ажал тапқан көне 
монғол әдісімен емес, басқа тәсілмен: жүрегіне қанжар салып өлтіріп кетеді. Бұлай 
өлтіру кімнің ісі екенін білсе де жұрт үндемейді. Хан жарлығы екенін сезіп, 
жұмған ауыздарын ашпайды. 
Қызын құрметтеп қойып, жетісін бергеннен кейін, хан тағы Құрыбайды 
шақыртып алып: 
— Ертең аңға шығамыз. Жаныңа екі-үш сенімді адамыңды ерт. Жәнібек сұлтан 
да Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім ажалымен өлуге тиісті, — деп бұйы-рады. 
Бұл жолы Құрыбай жан алғыш жалт береді. Жәнібекті өлтірсе жауапсыз 
кетпейтінінен қорқады. 
— Менің қай уақытта аңға шығатынымды білетін сұлтандар сезіктеніп 
қалулары мүмкін, — деген ол, — бұ жолы аңға шықпауға, хан ием рұқсат етіңіз... 
Менің орныма туған інім Сарыбай барсын... 
Өз басын пәледен аман алып қалғысы кеп, туған інісін қауіпке қиып тұрған 
қасқыр мінездес Құрыбайдың қылығына Әбілқайыр хан езу тартып күлген. Иә, 
хан маңайына өзіне керек адамдарды тарта білген. Бабасы Шыңғысханның 
Жағатайға айтқан ақылын құрандай бекер жаттап алмаған екен. Хан тағының 
амандығы, міне, осындай құлқы өзі тектес жандармен сақталады. Бұлар барда, 
Әбілқайыр да бар. 
— Болсын, — деген ол, — тек не істейтінін Сарыбайға дұрыстап түсіндір. 
Ал Жәнібек ханның мезгілсіз кезде, қызының мынандай жан түршігерлік 
айуандық әдіспен қаза тапқан шағында, аңға шығуының болашақ бір қанды
оқиғамен байланысты екенін айтпай-ақ түсінген. Оның үстіне Әбілқайыр Жәнібек 
пен Керей сұлтанға «Менімен бірге аңға шықпай ма екен?» — деп арнаулы кісі 
салған. 
Хан аңға шығарда Орда маңындағы сұлтан, әмір, батыр, билерге хабар беру 
ежелгі салт. Жәнібек бұдан күдіктенген жоқ. Оның күдіктенгені ханның аңға 
мезгілсіз уақытта шығуы мен басқа бір себеп еді. Сұлтан астыртын тіл алып көрсе, 
соңғы кезде Әбілқайырға қырғи қабақтана бастаған бекзадалардан ешкім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет