Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет23/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш
Ілияс Есенберлин Көшпенділер Қаһар, Презентация Физико-химические методы анализа
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
45 
қалдырмайды. Бұл — шауып алған елге Шыңғыс ханның орнатқан жалпы тәртібі. 
Ұлы қанішерлер ойынша «басып алған жерде тыныштық болу үшін ол араның ең 
алдымен басты адамдарын құрту керек. Олар қорыққанынан «бағындым» десе де 
ыңғайы бола қалса халықты қарсы қойғысы келіп тұрады. Қоя алады да. Рушылық 
заманда қандай халық болмасын, өзінің басты адамдарының соңынан ереді. «Ал 
ол басты адамдарын құртып жіберсең, бассыз тобыр ештеңе істей алмайды, басы 
жоқ дене тірі дене емес, өлі дене». 
Шыңғыстың бұл қатал заңын білмеген ел бастайтын хандар өз жандарын аман 
алып қаламыз деген үмітпен күресер жерінде күреспеді, халық соңдарынан еріп, 
«жауыңызға қарсы шығуға бармыз» дегенде, қорықты. Ақырында өздері 
қырылды, халықты да қырғызды. 
Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді. 
* * *
Монғолдар қарсы жақтың қаласын алу үшін ештеңеден де тартынбайтын. 
Өлтірген адамдарының майын шыжғырып алып жауы тығылған үйлерге құйып от 
салу (адам майы ұзақ жанады) не бекініс қабырғасы берік шаһарлардың үстінен 
грек отын — құм аралас мұнайдан істелген жанғыш затты лақтырып, адам көзі 
қимас ғажайып сұлу мешіт, шіркеу, патша сарайын өртеу, жан түршігерлік 
зұлымдық, айуандық қаныпезерлік, алдау дегендердің бәрі де қатар жүретін. 
Шапқыншылар әскерлерінің тағы бір қасиеті жылдамдығы еді. Құлынынан 
бастап ұшы-қиыры жоқ монғолдың құмайт даласында босып өскен жылқы мінген 
Шыңғыс атты әскерінің бір тәулікте елу фарсат алуы тіпті таң қаларлық іс емес. 
Бар ұрыс саймандарын, қазан-ошақ, жататын үйлерін тиеген арбалары мен 
бекіністерді алатын катапульті ауыр көшінің өзі де күніне отыз-қырық фарсат жер 
жүретін. Бұның бәрі монғол жылқысының төзімділігі мен жауынгерлерінің салт 
атқа жасынан дағдыланғанынан еді. Осы қасиеттерінің арқасында монғол әскері 
күтпеген жерден жауының дәл қасынан пайда болып, не күндіз ұрысқан қолының 
бір түнде басқа жағынан шығып, керек болса қаша жөнеліп, қара үзіп кете беретін. 
Монғолдың бұл әдісіне тек Қыпшақ жігіттері ғана төтеп бере алатын. Бірақ олар 
аз, екі жүз мың монғол әскеріне қырық мыңға жетер-жетпес Қыпшақтың салт 
атты сыпайлары не істей алады? 
әйтсе де сонысына қарамай, Қыпшақ, Керей, Найман тәрізді рулар мон- 
ғолдарға оңайшылықпен көнбеді. Жерін, елін қорғап ұзақ күресті. Калка 
өзеніндегі айыбын сан мәртебе ыстық қанымен жуды, асыл ұл-қызының үзіліп 
кеткен жүректерімен ақтады. 
Қазтуған жырау осы монғол шапқыншыларымен алысқан Қыпшақ әскерлерінің 
ерлігін толғағанда нағыз бір жүйрік атқа мінгендей, көңілі лепіріп, ұшып-қонып 
қансорпа боп бір орнында отыра алмады. Бір мезет Бошман жырына келгенде тіпті 
аруақтанып кетті. Бошман — Қыпшақ батыры еді. Иран тарихшысы Джувейни 
айтқандай: «Қисық қылыштан тірі қалғанның бәрі тағдырдың дегеніне көніп
мойынсұнғанда да» Бошман батыр монғолдардың ырқына көнбеді. Елінің 
тәуелсіздігін, жерін, суын қорғап шапқыншыларға қарсы шықты. Өзі секілді 
монғол қолына түспей құтылып кеткен бірнеше батырларды жинап, «Қанға қан! 
Кекке кек!» деп жауларының жеңіл-желпі жасақтарын құрта бастады. 
Басқыншылардан кек алуға болатынын ұққан Қыпшақ жігіттері жүздеп келіп 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
46 
Бошманға қосылды. Бұны көріп, Еділ бойындағы уақ ұлттар: башқұрт, алан, 
бұлғарлар да бас көтерді. Бошманның үлгісінің өте қауіпті екенін түсінген Бату 
әскерінің қолбасшысының бірі Мөңке Бошманды тез ұстауды бұйырды. Бірақ 
Бошман ұстатпады. Оның қатары күннен-күнге көбейе түсті. Бошман қатары 
көбейген сайын, монғолдардан да береке кете бастады, жоқ жерден шабылған 
көрен 
1
, бүлінген жасақтар саны молайды. Бошманды ұстаймын деп енді Мөңке 
қаһарына мінді, ал аяулы ер Еділ бойының қалың ағашының арасына кіріп ап, 
басқыншылар шебіне тиісумен болды. Ақырында Мөңке інісі Бөшек екеуі әр 
кемеге жүз қарулы жауынгер отырғызып, екі жүз желкенменен Еділ бойымен 
төмен ағып, өзеннің екі жағын бірдей қарап шықты. Бошман бұған да ұстатпады. 
Еділдің ортасындағы ат көрінбес анақурайлы бір аралға бекініп ап, жағасына жау 
желкендерін жуытпады. Мерген Қыпшақтар желкен үстіндегілердің басын 
көтертпеді. Қарсы жағы Бошманды ала алмайтындарына көздері жетіп, енді әрі 
қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел тұрып, аралдың 
бір жағындағы суды қуып, біраз жерін қарайтып тастады. Мөңке осы күтпеген 
қара қатқақ жол арқылы аралға бар әскерін төкті. Мың қаралы жауынгерлерімен 
Бошман батыр қолға түсті. Монғолдың бір нояны Мөңкенің жарлығы бойынша 
Бошманды балтамен қақ жарып өлтірді. 
Елін шапқыншыларға көтере білген Бошман батыр өз ісін істеп кетті. Оның 
көтерілісі біткенмен іле-шала Баян мен Жықу атты бұқарадан шыққан кісілерінің 
бастауымен Қыпшақ жігіттері тағы күреске шықты. 
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен жыр 
етіп мақтана толғай берді. 
Әбілқайыр жыр басталғалы алтын тағынан қозғалмай, қара сұр жүзі сәл 
қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын 
білетін дос-қасы тегіс түсінуде... Тек Қазтуған жырау ғана өзгеріп кеткен хан 
келбетін аңғарар емес. Ел шапқаннан гөрі, елін қорғаған Қыпшақтың ерлігін жыр 
еткенде дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы жаңа ғана жайылғандай, 
толғауын аңқылдап соғып отыр... 
Кезекті енді Қотан жырау алды. 
— Құс ұша түзеледі, бетің жаңа жөнделді, Қазтуғаным, —деді ол, — сен 
бастаған әуенді мен ұлғайта түсейін... 
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды 
бастап кетті... 
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар 
болғаны төрт мың ғана жауынгері қалған. Бүкіл Шығыс Европаны жаулап алған 
айбынды әскері өзіне бағынышты елдердің дені Дәшті Қыпшақ жігіттерінен 
құрылған-ды. Бұндай әскермен қарамағындағы жұртты билеу де қиын және бұның 
өлімін күтіп отырған, жүз мың қолы бар Күйікпен бетпе-бет келу де оңай емес. 
Сондықтан Бату сенімді одақтас іздеді. Бұл — Алтын Орда ханының сол кездегі 
көкейтесті арманының бірі еді. Міне, осы тұста Новгород князьдары Александр 
мен Андрейдің әкесі Ярослав, бұрыннан уәделесіп келген Күйіктің ордасына 
келісім сөзге барған жерінде монғолдардың қолынан қаза табады. Батудың көктен 
сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен Андрей Күйіктен 
ат құйрығын шарт кесіп бөлінеді де, Батумен бітімге келеді. Новгород князы 
1
К ө р е н — монғолша, бекінген әскер, лагерь. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет