Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет34/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш
Ілияс Есенберлин Көшпенділер Қаһар, Презентация Физико-химические методы анализа
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
67 
— Ашық айқас ел арасын бүлдіреді. Арғын, Қыпшақтың тату болғаны жөн. Екі 
батырдың оңаша айқасында кімнің дауы бар? Жүзбе-жүз айқаста күші жетпей қаза 
болған ердің құнын ешкім жоқтамайды. Бұл ата-бабамыздың ескі салты. 
Хан сөзінің жаны бар екенін Қобыланды батыр енді аңғарды. Әрине, ол 
Ақжолды оңашада кездессе салған жерден өлтіреді. Жүректі жегідей жеп бара
жатқан күйік тек соны ғана арман етеді. 
Қобыланды батыр басын төмен иді де: 
— Құп, тақсыр, ендігісін ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы шешсін! — деп 
хан сарайынан шығып кетті. 
Әбілқайыр тағы да ойға шомды. «әрине, Жәнібек пен Керей Ақжолдың құнын 
сұрап хан ордасына төнеді. Міне, сол кезде жекпе-жекте өлген батырдың дауы 
арқылы елге бүлік салайын деп жүрсіңдер деп, біржолата көздерін құртып жіберу 
керек. Сөйтсем мен тобыр көзінде Дәшті Қыпшақ бірлігін ойлаған хан боп қалам. 
Ал тобыр солай түсінсе қос сұлтанның өлімдері де елеусіз өтеді». Сол күні ол 
өзінің Орда күзет әскерінің баһадуры Найман Қара Оспанды шақырып алды. Оған 
ертеңнен бастап Орда-Базардағы хан әскерін ұрысқа дайын ұстауын бұйырды. 
Соңғы кезде Жәнібек пен Керей жағына іш тарта бастаған Найман баһадуры хан 
бұйрығын Жәнібек сұлтанға жеткізді. Кенет секем алған сұлтан өз жігіттеріне 
аттарын 
белдеуде, 
найзаларын 
босағада 
ұстау- 
ды ескертті. 
Дәл осы кезде Ақжол би жанында үш аңшы серігі бар, қаршыға салмақ боп 
қазақтың көне мәдениетінің кіндігі болған қарт Арғынаты тауларының 
бөктеріндегі бір кезде Барақ хан Ордасы тұрған Барақкөл маңына саяхатқа 
шыққан. Жаз бойы құсбектері той-думанда жүріп, тұғырларында ұзақ отырып 
қалған қанды балақ, қызыл көз қаршығалар аңшылардың әбден айызын 
қандырған. Қырдың шоқтай қызыл түлкілері мен қара қылшықты қарсақтарын 
қиядан іліп, Ақжол би мен серіктерінің көңілін көл-көсір ашқан. Қаршыға салу
қызығына мүлдем батқан саятшылардың ауылдан шыққандарына бір аптадан асып 
кеткен. Осы кезде оларға Жәнібек сұлтаннан «Хан Ордасы қазір ұйқы-тұйқы 
қобалжуда. Аз адаммен аңда жүріп ұқыпсыз боп бір қырсыққа ұшырап қалмасын, 
тезірек Ордаға қайтсын» деген шабарман келген. Заты сабырлы Жәнібек 
сұлтанның босқа мазасызданбағанын Ақжол би бірден сезіп, сол сәтте-ақ 
ауылдарына бет бұрған. Бірақ бұлар ойлаған кездерінде Орда-Базарға жете 
алмаған. Ұлытаудан бері асып, күнгей беттегі тал түбекті құла су Жанғабыл 
өзенінің бойындағы «Орда тіккен» деп аталатын, бір кезде Жошы ауылы қонған 
жерде ат шалдырып жатқандарында, қасында он жасауылы бар, Көксеңгірін 
ойнақтатып Қобыланды батыр үстеріне сау ете қалған. Түсі суық, кигені кереге 
көз сауыт. Күн сәулесімен шағылысады. Жуандығы білектей, түбіріне 
жұмырықтай қорғасын құйған, үлкендігі баланың басындай, зілдей қайың 
шоқпарын үйіріп, көк орай шалғында бір жамбастап жатқан Ақжол биді 
көргеннен-ақ ақырған: 
— Қатын болмасаң шық қазір, өлер жерің осы! — деген. 
— Батыр-ау құба жонда бұныңыз не? Жекпе-жекке шығар болсаңыз қалың ел 
бар емес пе? — деген Ақжол бидің қара мұртты жас серігіне: 
— әй, мына қара шоқпарым ең алдымен өзіңе тимесін десең, былай тұр! — деп 
зекіген. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
68 
Қобыланды батырдың өшпенділігі тым тереңде екенін білетін Ақжол би 
онымен сөз таластырып әуре болмаған. «Құдайдың жазғаны осы болса оны да 
көрейін» деп шідерімен оттап жүрген Ақжанбасын алдырған. Шарт киініп, бөтен 
қарулары болмағандықтан түлкі, қасқыр соғуға деген қайың сойылын ұстап атына 
мінген. Сол-ақ екен долы мінезді Қобыланды Көксеңгірге қамшыны басып жіберіп 
қарсы шапқан. Ақжол атын тебініп үлгіргенше сала құлаш кеуделі Көңсеңгір 
арқырап жетіп келген. Ақжол сойылын да жөндеп сілтей алмай қалды. Нардай 
биік тұлпардың үстіне қарай соққан сойылы сауыт киген Қобыландының тек бүйір 
тұсынан барып тиді. Қара Қыпшақ батыры тұлпарының қарқынын тоқтатпастан 
Ақжанбасты кеудесімен қақтыра ырғытып бұзау бас қара шоқпармен өзінен сәл 
төмендеу Ақжол биді дәл төбесінен қос қолдап ұрды. Ақжол биі түбінен кескен 
теректей дізерлей қалған Ақжанбасының үстінен күрс етіп құлап түсті. Дулығасыз 
түлкі тымақ киген, мылжа-мылжа болған төртбақ денесі анандай жерге дейін 
домалап кетті. 
Қобыланды батыр бұрылып артына қараған жоқ, нөкерлерін соңынан ертіп, 
Көксеңгірді ойнақтатқан бойы, іп-лезде көзден ғайып болды. 
Ойламаған оқиғадан шошып кеткен Ақжол серіктері дереу қалың Арғынға ат 
шаптырды. Бас сүйегі күл-талқан боп, миы әр жерге шашырап жатқан аяулы 
бидің нардай денесін алдарына өңгеріп Орда-Базарға қарай беттеді. 
Әбілқайыр бұл кезде хан сарайында Бақты-Қожа уәзірмен оңаша отырған. 
Уәзір хан тапсырмасының орындалып қалғаны жайында әңгіме шертуде. 
Сүйіншік сұлтан туған шешесінің қылығын алғашқы естігенде сенбеген-мыс... 
Сен менің анама қара жауып отырсың, жарып өлтірем деп қанжарын ала ұмтыл- 
ған-мыс. Бірақ бұл оқиғаны «хан әкең де біледі. Сен айтпаған үкімді әкең айтады» 
дегеннен кейін барып тоқтаған-мыс. 
Шыңғысханның тас жүрек тұқымы емес пе, ақыры күнәлі анасын өлім 
жазасына кесуге көнген... 
Зұлым уәзір бұл жерде, біраз жағдайды жасырып қалған. Ол Сүйіншік 
сұлтанмен әңгімесін бөтен түрде бастаған. Ханның өзге балаларындай емес, бұл 
сұлтан Бақты-Қожа уәзірге жақын жүретін. Уәзір оны оңаша шақырып 
ойындағысын айта алмай ұзақ отырған. 
Хан уәзірінің көмейінде бір өте күрделі сөздің тығылып тұрғанын сезген бала 
жігіт: 
— Сөйле, Бақты-Қожа уәзір, — деген. — Байқауымша айта алмай отырған бір 
құпия сырың бар секілді. 
— Оның рас еді. 
— Егер құпия сыр маған арналған болса, екі құлағым сенде. 
— Тек өзіңе ғана арналған. Тек сенің болашағыңа керекті сыр... 
Тумай жатып Хан Ордасының өзара қанды таластарына әбден қанық Сүйіншік: 
«Менің басыма қауіп туып қалған екен» деп шошып кетті. Сұлтанның бұл 
жағдайын сезген қу уәзір: 
— Бүркіт балапаны жаратылғанда қыран болам деп жаратылады. Хан баласы 
туғанда хан болу үшін туады. Сенің әкең Әбілқайыр он жетісінде бүкіл Дәшті 
Қыпшақты биледі. Ал одан туған сен, әлі жорға мініп алтыбақан тебуден аса 
алмай жүрсің. Дер кезінде қабыршағын жарып жарық дүние көрмеген балапан 
тұншығып өледі, дер кезінде алтын таққа отыра алмаған хан ұлы, хан тағын арман 
етер кеселге айналады. О да өлгенмен тең... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет