Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет41/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
81 
өз бетімен тимесін. Егілген егін, салынған бау-бақша сол қалпында сақталсын. 
Кімде-кім бұл жарлықты бұзса дарға асылады» деп әскеріне бұйрық берген. 
Ханның бұл қамқорлығына риза болған диқандар, көшпелі шаруалар, тарту-
таралғысын, сыйлығын, хан әскерінің азық-түлігін өздері әкеп беріп, 
бағыныштылығын білдірген. 
Самарқантты қоршап алғаннан кейін, қаланың хакімі Джалалитдин Баязит өзі 
шығып тізе бүгіп, қол қусырған. «Тірі жанға қиянат көрсетуді білмеген Ұлықбек 
мырза, сіз секілді ұлы ханға, яки сіздің ел басқарып отырған адамдарыңызға еш 
уақыт қастық ойлап көрген жоқ. Егер шаһарымызды шауып бүліншілік етпей, 
Ордаңызға қайтсаңыз, біз сіздің айтқаныңызға көніп, айдауыңызға шыдар едік» 
деген. Сөйтіп Әбілқайыр хан Самарқант әмірлігін бәлендей қан жоса етіп 
бүлдірмей, көп олжамен ұлы қаланы оп-оңай өзіне қаратып, Ордасына қайтқан. 
Осының бәрі Оспан-Қожа дәйекшінің дер кезінде хабарландыруынан еді. 
Осы күннен бастап Әбілқайыр Самарқант, Бұқар әмірліктерінің ісіне жиі 
кірісіп тұратын болған. Өзіне ұнамаған әмір, сұлтандардың билігін тартып алып, 
басқаға беру Әбілқайырға үйреншікті әдетке айналған. Бұл істерде Оспан-
Қожаның қолқабысы аз тимеген. Жалғыз жақсылығы бұл ғана ма? 
Бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы, Хаджри есебі ойынша сегіз жүз 
елу бесінші жылы Самарқанттың әмірі, өз әкесі ұлы дана Ұлықбекті өлтірген әбді 
Латиф мырзаның өзі де алты ай өтпей қастарынан қаза тапқан. Бұл кезде Ақсақ 
Темірдің екінші ұлы Махамедтен туған Мираншах мырзаның баласы әбусейіт 
қуғында жүрген. Осындай жағдайда Бұқар, Мерв, Үргеніш әмірі Шахрухтың 
баласы Ирбагимнен туған әбділлах мырза Самарқантқа ие болған. 
әбусейіт осы мезгілде бүлік шығарып Бұқарды алды. Бірақ Бұқар уәлиеті оған 
аз көрініп, Самарқантты да өзіне бағындырмақ болды. Әбілқайырға Оспан-Қожа 
мұндағы жағдайды тағы хабарлады. Әбділлахтан көрі, Көк Ордаға әбусейіттің 
тиімді екенін айтты. 
Көп кешікпей әбусейіт әбділлахқа қарсы соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалды. 
Мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылған тоқал ешкідей Самарқантты жаулап
аламын деп жүріп, Бұқарынан айрылды. Енді ол қалған қолымен Түркістанға 
қашады. Мұнда да тыныш жүрмей Ақсақ Темірдің тұқымы екенін пайдаланып, 
Түркістанға әмір болады. Содан кейін барып, әбділлахқа өзінің күшінің 
жетпейтініне көзі жетіп, көп сыйлықпен Әбілқайырға келіп бас иеді. Самар- 
қантты әбділлахтан тартып әперсең, өле-өлгенше құлыңыз болып өтемін деп ант 
етеді. Әбілқайыр бұған өзінің бір қызын береді. Көп қолмен Самарқантқа Бақтияр 
сұлтанды аттандырады. Әскер соңынан көп кешікпей өзі де жолға шығады. 
Хаджридың сегіз жүз елу бесінші жылы, яғни жаңаша бір мың төрт жүз қырық 
тоғызыншы жылы Самарқанттың күнбатыс жағында екі әскер кездеседі. Қырғын 
соғыс болады, таққа таласқан екі оғлан үшін көп адам қырылады, қан судай ағады. 
Ақырында әбділлах жеңіліп қашады. Оны қуып жетіп ұстап алып, Әбілқайырдың 
әмірі бойынша бауыздап өлтіреді. Самарқантқа әбусейіт әмір етіледі. Әбділлах 
әскеріндегі Жағатайдың көп батырлары мен пахлевандары (сыпайлары) есірей боп 
қолға түсіп, Әбілқайырға қосылады. Жоғары айтқан уақиғаның бәрі бір жылдың 
ішінде, яғни бір мың төрт жүз қырық тоғызыншы жылы болады. Міне, осы 
сергелдең жылдары Оспан-Қожаның Әбілқайырға тағы пайдасы тиген. Ол 
Самарқанттағы Ақсақ Темір тағының маңайында болып жатқан оқиғаның бәрін 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
82 
Әбілқайырға дер кезінде жеткізіп тұрған. Одан кейін Әбілқайыр мен әбусейіт 
Самарқантты алғаннан соң да, тағы бір мейіршапқат ақыл берген. 
Ұлықбектің Жошының тұқымынан алған Шахарбек атты бәйбішесінен өзі 
өлгенде Рабиу-Сұлтан-Бегім есімді он бес жасар қызы қалған. Адамзаттан емес, 
көктегі періштеден туғандай, гүлін жарған қызғалдақтай жадыраған сұлу және 
Шығыстың әйелге деген қыспағына қарамай әкесі Ұлықбек жеті жасынан 
медресеге беріп, парсы, түрік, араб тілін үйреттірген. Рабиу-Сұлтан-Бегім әйелден 
шыққан өз заманының ақылдысы да, бір мінезді, табандысы да болған. Оспан-
Қожа дәйекші Әбілқайырға «Егер Самарқанттан еліңе алтын әкететін болсаң, 
алтынның шынайы қызылы және ең тазасы осы Рабиу-Сұлтан-Бегімді әкет» деген. 
Қырыққа таяп қалған, жас иіс құмар хан қызды бір көргеннен ұйқы-күлкісінен 
айырылған. Есіл-дерті Рабиу-Сұлтан-Бегім болған да тұрған. Ақыры төртінші 
әйелі етіп алып, көңілі тынған. Самарқант бекзадалары қызды ырғалтып-
жырғалтып, үстіне дүрия мен қамқадан тартылған балдахин орнатылған ақ пілді 
бас етіп, асыл қазына жасаумен қырық құл, қырық күң беріп ұзатқан. Бұл қырық 
күң мен қырық құлдың тең жартысы, жас ағашта өсіп тұрған әлі құрт түспеген 
өріктей, кілең балбыраған албырт жастар еді. Рабиу-Сұлтан-Бегіммен бірге Оспан-
Қожа дәйекшінің өзі де ере жүрген. 
Осы кездегі астанасы Сығанаққа келгеннен кейін, Әбілқайыр оны өзіне 
дәйекші етіп алған. 
Міне, содан бері он төрт жыл өтті. Сол он төрт жылдың ішінде Оспан-Қожа 
пақыр ханды бір рет алдап, не тілегін теріс орындап көрген жоқ. Хан басына туар 
қауіпті ол өзгеден бұрын сезетін, хан көңілі қалар істі де ол алдын ала болжайтын. 
Хан абыройын төгер жамандықты сезсе оны ханның құлағына тезірек жеткізетін. 
Әбілқайырдың оң иығында отырған Жәбірайыл періштедей, бұрыс жолдан 
әрдайым сақтап қалатын. Ал Рабиу-Сұлтан-Бегім болса ханға арыстай екі ұл 
тауып берген. Өзінің ақылымен, парасаттылығымен, көркіменен Әбілқайырдың ең 
сүйікті әйелі болып алған. Сөйткен Оспан-Қожа мен Рабиу-Сұлтан-Бегім ханды 
көк мұзға отырғызып кетті. Бірі ханның көзіне шөп салды-мыс, екіншісі сол көзіне 
шөп салған ханның қас жауын аңқаулық істеп қашырып жіберді. Расыменен-ақ 
Оспан-Қожа аңдамай қалды ма? Оспан-Қожа тәрізді өмір-бақи хан қызметінде 
жүрген адамның мұндай өз басына қауіп туғызар істе салақтық етуі мүмкін бе? 
Мүмкін емес. Ұрыны аңдыған алады, не аналар Оспан-Қожадан қулықтарын шын 
асырып алдап соқты. Не сақ құлақ дәйекшінің өзі солармен бірге... Бірақ неге бірге 
болады? әлде бір жағдайда маған ренжіп қалды ма? әлде ақшаға сатылды ма? Жоқ, 
сатылуы мүмкін емес. Оспан-Қожаның алтынға қызыққанын көрген жоқ. Сан рет 
көңілім түсіп кетіп, көп олжадан үлесін молырақ етіп бергенімде өзіне тиістісінен 
артығын алмайтын. «Хан қызметінде жүрген кісі дүние шіркінге құмар болмауы 
керек. «Адам болғалы опасыздықтың бәрі де осы дүниеқоңыздықтан туған» 
дейтін. Сөйткен Оспан-Қожа... Демек, мұнда бір гәп бар... Сол үшін де оны 
зынданға салғызарымда күнәсін өзім тексерем деп едім ғой, қалай ұмытып 
кеткенмін?... Ұмытпасқа мұрша болды ма... Жәнібек пен Керей ойраны басқа іске 
көңіл бөлдірді ме?»
Үйге Бақты-Қожа уәзір кірді. 
— Хан ием, Оспан-Қожа жүзіқараны алып келдік.
Әбілқайыр сәл ойланып қалды. «Жүзіқара! Оның жүзінің қара екенін бұл 
қайдан біледі? Хан солай қараған соң, бұл да солай қарап тұр ғой... Әйтсе де осы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет