Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет43/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
85 
— Сенсің бе? — Әбілқайыр кенет түксие қалды. — Онда өміріңді жүз аптаға 
ұзарттырам. Өлтіртпеймін. Күніне нәр беріп, кәріліктен өлгенше зынданда 
ұстаймын. 
— Қанша күн өмірің болса, сонша мәртебе өл дейсің ғой? Мейлің. Егер хан 
әмірі алла-тағаланың жазғанынан күшті келер болса, оған да көндік. Ал менің 
айтам дегенім бұ да емес. 
— Енді не? 
— Хан, мен батыр Саянды неге қашырып жібердім, соны неге сұрамайсың? 
— Алтын көрсе періште жолдан таяды. 
— Жоқ, алтын періштеге де, құлға да керек емес. Алтын хандарға керек. Мен 
оны босатқан себебім басқа. Батыр Саян Ұлықбек мырзаның Арғын күңінен туған 
ең кенже баласы. Рабиу-Сұлтан-Бегім бәйбішеңнің бір әкеден туған інісі. Бұны 
тек Рабиу-Сұлтан-Бегім мен мен ғана білетінмін. Өзіне тиген қырық құлдың бірі 
етіп ханым батыр Саянды да алып келген. Ұлықбек мырзаның күңінен туған ұлы 
бар екенін әбді Латиф, әбусейіт, әбділлах сұлтандар да, Шахарбек ханым да 
білмейтін... Олар біле қалса хан тағына тағы бір таласкердің пайда болғанын 
ұната ма? әрине ұнатпайды. Көзін жас күнінде-ақ құртқан болар еді. Ұлықбек 
мырза өз басына ауыртпалық туа бастағанын сезіп, өлер жылы, ақылы, ойы ерте 
жетіккен Рабиу-Сұлтан-Бегім қызы мен осы жеті жасар ұлын көзінің 
қарашығындай сақтауымды тапсырған. Ал мен ұлы данышпан әміршіге өле-
өлгенше жас Саянды жауларынан қорғап өтуге ант бергенмін. Міне, сол үшін оны 
қашырдым. Үш күреңді де Рабиу-Сұлтан-Бегім менің ақылыммен алып қалды. 
Менің ақылыммен Жәнібек сұлтан да күзетші Арғын жігіттеріне батыр Саянмен 
қашуға бұйырды. Ендігісін өзің біл, қазір өліп кетсем өкінбеймін, Қара Нар 
бабамның өсиетін де, өзімнің Ұлықбек мырзаның алдындағы антымды да адал 
орындадым. 
Әбілқайыр соңғы кезде тек Рабиу-Сұлтан-Бегімге ғана емес, бүкіл Ақсақ Темір 
ұрпағына ашулы еді. Самарқант әміршісі, өзінің күйеу баласы әбусейіт 
әбділлахтан майданда жеңіліп, Әбілқайырға кеп паналап, хан күшімен әбділлахты 
өлтіріп, Самарқантты тартып алғаннан кейінгі қылығы кешегі күндегідей емес, 
басқаша еді. Ол кезде Әбілқайырды хан тұтып, Гератта оған арнап сарай 
салдырған. Халықтан жинаған қаржы-қаражаты мен зекетінің тең жартысын 
уәделескен уақытында Орда-Базарға жіберіп, өзінің рухани бағынышты екенін 
әрдайым білдіріп тұрған. Сол әбусейіт соңғы кезде кілт өзгерді. Бұқар, Самарқант 
уәлиеттеріне Қорасан мен Иранның біраз жерін қосып алып, өз әмірлігін 
күшейткеннен бері Әбілқайырға қырын қарауды шығарған. Әбусейіттің бұл 
қылығын Әбілқайырдың туған қызы Күнайжамал да қолдайды-мыс деп естіген 
хан. Жәнібек пен Керей қарамағындағы елін бөліп әкетіп, сәл әлсіреп қалған 
Әбілқайыр, бір ыңғайсыз кезде әбусейіттің өзіне жұдырығын түйе бастағанын 
көрген. Хан іштей қатты ызаланған. «Егер қарамағындағы сұлтан, әмір, 
көрехандар бүйте берсе айбарлы Дәшті Қыпшақ хандығында не қалады? 
Жығылған Орданың біреу шаңырағын, біреу уық, бақанын, біреу керегесін бөліп-
бөліп әкететініне сөз бар ма! Жоқ, өйткізіп қоюға болмайды. Сайыпқыран 
Әбілқайыр хан да сояудай қанды тырнақтарын көрсетуі керек! Ал әбусейітпен 
майданда кездесуге әлі мезгіл туған жоқ. Қазір Самарқантты шабар әл-қуат 
жеткіліксіз. Әттең Жәнібек, Керей, әбусейіт күннен күнге күшейіп бара жатыр. 
Амал жоқ, шыдаған жөн. Жағатай ұрпақтары, әңгіме сендермен сосын болсын!» 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
86 
Осындай күйініп жүрген шағында Рабиу-Сұлтан-Бегім оқиғасы оған дәтке қуат 
болған. Ақсақ Темір ұрпақтарына аз да болса қара жағылып, өшім қайта берсін — 
деген. 
Ал Инеліктің мына сөзі тағы бұны кенет сескендіріп тастады. «Сонда қалай?.. 
Саянның кіші інісі екенін маған Рабиу-Сұлтан-Бегім неге айтпайды? Мұнда 
қандай гәп бар? Арғындар өзіне Саянның жиен екенін біледі. Бұ да әрине Рабиу-
Сұлтан-Бегім арқылы... Мен ештеңе де білмеймін... Әрине бәйбішем мен 
Арғындар арасында да бір құпия сыр бар... Кім біледі, олар маған қарсы одақ 
құрып жүрген шығар?» 
Әбілқайырдың қабағы кенет қайтадан түксие қалды. Бұл жалғанда адам 
баласының жан тыныштығын бұзуға бостан-бос сезіктенуден, өзгенің бәрін өзіңе 
жау көруден қауіпті күш жоқ. Әбілқайыр жас кезінен-ақ қарадай жел сөзге 
майысқақ, орынсыз сақ құлақ жан еді. Жасы ұлғайған сайын бұл ауруы да күшейе 
түскен. Бұл жолы да солай болды. Көңілінде кішкентай ғана күдік туып еді, ол 
күдік кенет басын алғалы келе жатқан қорқынышқа айналды. «Жоқ, жоқ бұлар 
бәрі бірігіп мені құртқалы жүр. Алдымен Рабиу-Сұлтан-Бегімнің көзін жою 
керек». 
Хан ойын болжап білгендей Оспан-Қожа: 
— Арғындар батыр Саянның өздеріне жиен екенін мен арқылы білді. Осыдан 
бес жыл бұрын оларға мен айтқам. 
— Неге? 
— Жетім бала теңізге шыққан жалғыз қайық секілді. Оған мықты рулардың 
бірі қорған болсын дедім. 
— Арғынсыз қорғаны осал ма еді. Саянды Сүйіншікке атеке етем деп Рабиу-
Сұлтан-Бегім осында жанталасқан жоқ па еді? 
— Оған өзің көнбей қойдың ғой. 
«Бекер көнбеген екенмін. Көнсем ғой, өсек сөзден өзім де, Рабиу-Сұлтан-Бегім 
де ада болады екен-ау! Және Ұлықбектің туған баласы жиеніне атеке болып менің 
қолымда тұрса, қандай күш! Темірлан алтын тағы Орда-Базарға қауіптене қарай 
жүрер еді ғой. Әбусейіт тәрізді бұра тартарларды ауыздықтағаным, тобыр алдында 
кінәсіз көрінер еді. Қалай жаулап алсаң да, тобырдың көкейіне қонбаған 
үстемдігің, тысырайып тұрған тар киім тәрізді, бір жерінен болмаса бір жерінен 
сөгіліп кетеді». Әбілқайыр хан бұл қағиданы ұзақ жылғы ел билеген тәжірибесінен 
біледі. 
Хан ойын Оспан-Қожа тағы бөліп жіберді. 
— Батыр Саянды өлтірсеңіз ерке-шора Гүлбаһрам-Патшайымды да өлтірген 
болар едіңіз... 
— Неге? 
Гүлбаһрам-Патшайым қызыңыз батыр Саянға ғашық... 
— Оны сенен басқа кім біледі?!
Ханның бұл сұрақты текке бермегенін Оспан-Қожа бірден ұқты. Ол сәл 
ойланып қалды да: 
— Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым, — деді қырылдай сөйлеп. — Ол екі жастың түбі 
қосылуына жан-тәнімен тілектес... 
«Жоқ, Рабиу-Сұлтан-Бегім батыр Саяннан адал екен, әйтпесе жиырма 
тоғыздағы жас сұлу оны күндесінің қызына қимас болар... бірақ бұны тағы менен 
неге жасырды? Мұнда қандай сыр бар? Саянның Ұлықбек мырзаның баласы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет