Адамның табиғатпен қарым-қатынас мәдениеті



бет1/4
Дата12.09.2020
өлшемі31,69 Kb.
#78299
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ (1)


Адамның табиғатпен қарым-қатынас мәдениеті.

Жоспар


  1. Қоғам және табиғат;

  2. Адам және табиғат арасындағы қарым-қатынас және өмір сапасы;

  3. Қоғамды экологияландыру мәселесі және экологиялық сапаны қалыптастыру;

Қазақ халқының асыл мұраларының бірі – табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе – тең. Халық табиғаттағы өздегі қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп көздің қарашығындай сақтаған.

Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық апаттар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі анық айқындалды.

Сонымен бүгінгі күні экология ғылымы – тірі ағзалардың бір – бірімен байланысын және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын, тепе – тендік заңдылықтарын зерттейді. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс – әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс – тірішілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғат пен арадағы тепе– теңдікті қалпына келтіруге бағытылған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым – қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті. Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүрү барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Презиндентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» бүкіл халыққа жолдауында бірнеше рет айтып өтті.Қазіргі кезде Семей полигоны,Арал қасіреті,Байқоңыр ғарыш аймағында және т.б.жерлердегі экологиядық апаттар орын алуда.

Табиғат-адам-қоғам-өндіріс;қоршаған орта мен қоғам арасындағы ара-қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет