1.Қоғам және табиғат.
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар.Біріншіден Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес.Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан.Ландшафтардың (биік таулы белдеуді есептегенде) 23 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр.Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалдық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады.Екіншіден үлкен аумақ алып жатқан жерлерде экологиялық процесті реттейтін нысан(ірі орман массивтері)жоқ.Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерді шығарады,ал батпақтармен бірігіп көміртегінен көп жұтатындар.Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен.Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылыуы.Үшіншіден Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт,шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр.Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал,тез бұзылып,баяу қалпына келеді.Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте тұрақсыз.
Адамзат көптеген жылдар бойы жерді уақытша пайдалану деген ұғыммен өмір сүрді.Оның ертең де керек болатынын білсе де білмегендей тіршілік етті.Нәтижесінде осындай шаруашылықтың жүргізілуінен мемлекетімізде экологиялық тұрғыдан қолайсыз жаңдайлар туындады.Қайтадан(экономикалық дағдарыс әлсірегеннен кейін) ауа,топырақ және судың ластануы қарқынды дами бастады.Қалдықтар жиналуда,оның көлемі сапасыз минералды шикізаттардан ұлғаюда.Әсіресе улы(токсикологиялық)қалдықтар(1997 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 2есеге көбейді).
Қалпына келген табиғи ресурстар тиімсіз игерілуде.Ауыз су тасымалдану барысында қажетті судың 6-10 есе шамасында ысырап болуда.Жерді тиімсіз пайдалну нәтижесінде жарамсыз жер көлемі ұлғаюда,яғни биологиялық өнімділік төмендеуде.Табиғи шөлдер (саздақты,құмды,сортаң,тастақты)мемлекетіміздің 1,8 млн км жерін алып жатыр.Оның көлемі антропогенді процестердің әсерінен жыл сайын ұлғаюда.Бұл процесс қуаңшылық аудандардың ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке игерудің нәтижесі.Малды тұрақты бір жерде ұзақ жаю,шыбынбық жерді дұрыс суғармау,егінді дұрыс салмау,жер жыртуда ауыр техниканы пайдалану алдағы уақытта жерді жарамсыз жағдайға алып келеді.Топырақ сортаңдауына,батпақтануына құмдардың жылжуына септігін тигізіп эрозияға ұшырайды.Республикамыздың әр түрлі аймақтарында гумустың(қарашірік) 20-30%-ы жойылған.Оның 2%-ын су эрозиясы,12%-ын жел эрозиясы жойды.14-ден көп бөлігі сортаң жерлерге айналған.Бұл жерлерде азды-көпті бір нәрсе егуге келеді,ал өндіріске қажеттіліктен қазылған жерлер,қалдықтар төгілген жерлер мүлдем жарамсыз күйге ұшырайды.Мұндай жерлердің көлемі 1700км,оның 13 бөлігі өңделуде.Жыл сайын өңделген жерлер бұзылған жерден 20 есе аз.Экологиялық шешімін таппаған проблемалар бір жылда емес ондаған жылдардан бері жинақталған.Оларды бір сәтте шешу мүмкін емес.Дегенмен де қоғам бұл бағытта шешуші қадамдар жасауда.2007жылы табиғатты қорғау нысандары мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құрылысына 2001 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық қаржы бөлінді.Қалдық заттарды игеру,Арал маңын қалпына келтіру ,халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету,жарамсыз жерлермен күресу,орман желектерін қалпына келтіру сияқты ірі жобалар іске асуда.Ерекше қорғауға алынған аймақтардың саны және ауданы күннен-күнге артып келеді.
Бұндай көп салалы бағдарламаларды қабылдауда Қазақстан жалғыз емес,басқа елдермен біріге отырып,табиғатты қорғаудың дүние жүзілік бағдарламаларына қол қойып,оның белсенді мүшелерінің біріне айналды.Экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдердің бірін экономикалық-әлеуметтік және физикалық география атқарады.Бұл ғылымдардың қоржынында табиғат пен қоғам туралы білімі,оны зерттеудің жаңа әдістері жеткілікті.Осы білімдердің негізінде табиғатты тиімді пайдалану,экологиялық дағдарысты болдырмау және мәдени ландшафттарды ұйымжастыру жолдары жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |