Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет101/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
күйіндегі  әйелді  күйеуі  әлгі  әурет  жерінен  басқа 
кез-келген жерінен аймалай алады. 
 
6
Истихада  қаны  оразаға  да,  намазға  да  кедергі 
келтірмейді.  Мұндайда  жыныстық  қатынасқа 
түсуге де шектеу қойылмайды. Истихада күйіндегі 
әйелдер үзірлі саналып, соған қатысты бекітілген 
үкім шеңберінде ғибадат жасайды.
Арнайы күндерде әйелдердің кейбір 
ғибадаттардан аулақ болуының сыры
Аллаһ тағала әйелдерді ерекше қасиетпен жаратқан 
және әйелдер үшін айдың белгілі күндерінде дәретсіз 
болуымен ерекшеленетін хайыз деп аталатын арнайы 
(сырқатты)  жағдай  орын  алатындай  етіп  жаратқан. 
осы арнайы күндерде жауапты болып табылатын кей 
істерді  жасауына  тыйым  салынған.  Негізінде  мұндай 
шектеуші  үкімдер  еркектер  үшін  де  бар.  Мәселен, 
жүніп  болған  жағдайда  немесе  намаз  дәретінің  бол-
мауы жағдайында Құранға қол тигізуге немесе оқуға 
болмайтындығы секілді.
Әйел  баласы  табиғи  болмысы  және  қоғамдық 
өмірдегі еңбек бөлінісі тұрғысынан көптеген қиындық 
пен  ауыртпалықты  көтеретіндей  айрықша  жараты-
лыс  иелері  екені  белгілі.  олар  бір  жағынан  балала-
рын  тәрбиелеп,  үй  істерімен  шұғылданса,  екінші 
жағынан  ғибадаттарын  да  толыққанды  түрде  жүзеге 
асырулары  қажет.  Міне  сондықтан  да  Аллаһ  тағала 
көптеген хикметі бар хайыз күндерінде әйел баласын 
намаз,  ораза  секілді  парыздардан,  Құран  оқу  секілді 
нәпіл  ғибадаттан  босатқан.  Қала  берді,  әйел  мұндай 
күндерінде  де  осы  ғибадаттарды  жасап  жатқандай 
сауапқа  кенеледі.  Әрине,  егер  хайыз  күндерден  басқа 


101
Тән тазалығы
кездерінде де жоғарыда аталған міндеттерін орындап 
жүрген жан болса. Ендеше, хайыз кезеңінің хикметіне 
жіті  назар  салсақ,  әйелдер  үшін  жеңілдетілген  нағыз 
әділдік екенін байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет