Исламдағы тазалық
ған дін өкілдерін айтады. Бұлар Исламда әу бастан
хақ дінге иланбаған мүшріктер мен пұтқа табынушы-
лардан ерекшеленіп, олардың ас-суы мұсылмандарға
халал саналған. «Бүгін сендерге таза және пайдалы
нәрселер халал қылынды, кітап иелерінің ас-суы сен-
дерге, сендердің тағамдарың оларға халал»
114
, – деген
аят жалпылама мағынада айтылғандықтан, доңыз,
арақ-шарап, өлексе секілді заты харам нәрселерден
басқаның бәрі қамтылады.
Мас қылатын барлық нәрсе харам
Ислам дінінде, аз немесе көп мөлшерде болсын
мас қылатын барлық ішімдіктер харам. Мас қылатын
ішімдіктерді аз ғана ішкенде масаймайды, ендеше
аздап ішуге болады деген сыңаржақ пікірлер мүлдем
қате. Мас қылатын ішімдікті ішіп әуестенетіндер ба-
сында аздап ішкенімен ағзасы ішімдікке бейімделіп,
уақыт өте ішуді ұлғайта түсетіндігі баршаға мәлім.
Сондықтан да дініміз мұны әу бастан тыю мақсатында
ішімдіктің азын да көбін де харам еткен. осыған
қатысты пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көбі (көп ішкенде)
мас қылатын нәрсенің азы да харам»
115
, – деген.
Достарыңызбен бөлісу: |