Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет49/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
лайша  рухани  танымы  биіктеп,  жүрегі  мағрифатқа 
кенеледі.  жүрек  Аллаһтан  басқа  барлық  нәрсені 
ұмытса, Ғаффар Аллаһ оны нұрға бөлейді. Нәпсіні арам 
пиғылдан  арылтса,  тақуалыққа  жетеді.  осы  арқылы 
жан тыныштығын табады.
2.  Сырдың  дәреті.  Мұндағы  «сыр»  рухтың  рухы 
(өзегі,  мәні)  мағынасында.  Сырдың  дәреті  –  рухтың 
риядан, көлгірсуден, құмарлықтың жетегінде кетуден, 
менмендік, мансап пен дүние қуудан арылуы. риядан, 
нәпсінің  құмарлық  безбенінен  арылғанда  жүректе 
ықылас  пайда  болады.  Бойдағы  дүниеқұмарлықты 
жеңгенде ақиретке ынтызарлық пайда болады. іштегі 
тойымсыздыққа  тұсау  салынса,  қанағат  пен  тәуекел 
сезімі орнығады.
3.  жүрек пен көңілдің дәреті – жүректі жаман мінез-
құлық  атаулыдан  арылту.  Көңілден  астамшылдық 
кетсе,  кішіпейілділік  оянады.  Қара  ниетті  қойсақ, 
жақсы пейілге қол жеткіземіз. Дұшпандықтың орнын 
Аллаһқа  сүйіспеншілік  басады.  Қиянаттың  орнын 
уәдеге беріктік пен сенімділік басады.
4.  Тілдің  дәреті  –  өсек,  өтірік,  ғайбат  сөз  айтпау, 
адамдардың қателігін тілге тиек етпеу, бос сөйлеуден 
қашу.  Өсек,  өтірік  айтуды  қойсақ,  шындық  пен  жан 
қиярлық  сезімі  туады.  Ғайбат  сөз,  жала  жабудан  бас 
тартсақ,  сүйіспеншілік,  сыйластық  сезімі  оянады. 
Бос  сөзді  қойсақ,  мәнді,  мағыналы  ойлар  тілге  ора-
лады,  Аллаһтың  аты  ауызға  алынады.  Адамдардың 
кемшілігін  жіпке  тізуді  доғарсақ,  аяушылық  пен 
мейірбандық сезімі орнығады.
5.  Тәннің  дәреті  –  кәдімгі  біз  білетін,  бекітілген 
діни  тәртіп  бойынша  таза  сумен  жуыну.  Егер  пайда-


49
Тән тазалығы
сын санамалар болсақ, дәрет  барысында бетін жуған 
адамның мақшар таңында жүзі жарқын болады деген 
үміт  бар.  Қолды  жуғанда,  қолы  береген  әрі  жомарт 
болады.  Сондай-ақ  амал  дәптері  оң  жақтан  берілуі 
мүмкін.  Аяқты  жуғанда  ақиретте  жақсылыққа  жетер 
жолдағы  кедергілерді  оп-оңай  басып  өту  мүмкіндігі 
шығады. Міне осындай үмітпен дәрет алу – адамның 
Аллаһ  тағаланың  разылығына  бөленуге  септігін 
тигізеді.
Дәрет  алу  барысында  тән  тазалығымен  қоса  жан 
тазалығын  да  шыңдау  үшін  мынадай  кеңес  беріледі: 
қолды  жуғанда  жүректі  дүниеқоңыздықтан  арылту 
қажет. Ауызға су бергенде тек қана жақсылық сөйлеуге 
бекінген  жөн.  Бет  жуғанда  Хақтан  басқаға  мойын 
бұрмауға  уәде  ету  керек.  Аяқты  жуғанда,  тек  тура 
жолда жүруді мұрат қылу керек.
Дәрет  –  Аллаһтың  құзырына  барудың  алдын-ала 
жасалатын  дайындығы.  Аллаһ  тағаланың  құзырына 
баруға  бекінгендер  іштей  және  сырттай  тазаруға  ден 
қоюы  керек.  іші-сыртының  біркелкі  болғанын  жан 
дүниесімен қалайтын адам іштей тазаруға да жіті көңіл 
бөледі. Сыртқы  тазалық сумен, іштей тазалық тәубе 
етумен жүзеге асады.
Сүйікті  пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде: 
«Ашу-ыза  –  шайтаннан.  Шайтан  болса  оттан 
жаралған.  Олай  болса,  бойыңызды  ашу-ыза  керне-
генде оны жеңу үшін дәрет алыңыз»
37
, – деп, дәреттің 
физиологиялық және рухани тұрғыдан пайдаларына 
тоқталған. 
37
  Әбу Дәууд, Сүнән, Әдәб


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет