Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


доңыз етінің харам болу себебі мен хикметі



Pdf көрінісі
бет153/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

доңыз етінің харам болу себебі мен хикметі
ішімдік ішу, зинақорлық жасау және доңыздың етін 
жеу секілді тыйым салынған нәрселерден бойды аулақ 
ұстау  да  ораза,  намаз  секілді  құлшылыққа  жатады. 
Ғибадаттың қай түрінің болмасын мұраты – Аллаһтың 
әмірін  орындау,  ал  нәтиже  –  Аллаһтың  разылығы. 
107
 «Бақара» сүресі, 2/173


146
Исламдағы тазалық
Яғни,  Аллаһтың  әмірін  орындаған  соң  нәтижесін 
ақиретте күту. Біздер парыз-амалдарды тек Аллаһтың 
әмірі болғаны үшін орындаймыз және тыйым салынған 
нәрселерден  тек  Аллаһтың  қалауы  сол  болғаны  үшін 
бойды аулақ ұстаймыз. 
Аллаһ  тағала  шексіз  билік  иесі  болуымен  қатар, 
даналықтың да иесі, оның әрбір бұйрығы мен тыйым 
салған істерінде мың бір хикмет пен пайда бар. Аллаһ 
тағала  ешқашан  әбес,  ұшқары  қимыл  жасамайды. 
осыған  орай,  доңыз  етінің  харам  болуының  кейбір 
хикметтерін,  жалпы  алғанда  медицинаға  қатысты 
бұл  тақырыпта  көпшілігіміз  білетін  бірсыпыра 
энциклопедиялық мәліметтерді келтіруді жөн көрдік. 
Доңыздың  денесінде  бірсыпыра  паразит,  мәселен, 
жұмыр  құрт  –  трихина  тіршілік  етеді.  Трихина 
доңызда әрі личинка әрі ересек құрт күйінде кездеседі. 
ол кез-келген уақытта кистаға айналуға қабілетті. Етті 
тұтынуға  дайындау  кезінде  өлмейтін,  яғни  жоғары 
температураға  төзімді  трихина  дәрінің  капсуласы 
секілді  қабық  түзіп,  тіршілікке  қабілеттілігін  ұзақ 
сақтай алады. Әдетте доңыз еті арқылы жұғатын три-
хина адамның иммундық жүйесі, жүрегі мен орталық 
жүйке  жүйесін  уландырады.  Бұдан  келіп  трихинел-
лез,  қатерсіз  ісік  ауруы  секілді  аурулар  туындайды. 
Дәрігерлердің  айтуынша,  киста  күйінде  асқазанға 
түскен паразит әуелі асқазан сөлімен қорытылып, аш 
ішекке барып түседі. Аш ішекке түскен бір ғана құрт үш-
төрт күннің көлемінде 1500-ге жуық личинка туады. Аш 
ішектен лимфаға енген личинкалар қан тамырларымен 
бүкіл денеге тарайды да бұлшық еттерге еніп, орнала-


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет