47
Аллаһ пен расулына шақыру
Сахабалар Хабашстанға екінші рет көшкенде, Халид
алғашқылардың бірі болып ереді.
Халидтің (р.а.) әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя
оны тауып әкелуді мұсылман емес балаларының бірі мен
құлы Рафиғқа тапсырады. Олар Халидті тауып алып,
әкелерінің алдына сүйрегендей ғып апарады. Әкесі: «Өз
қауымына қарсы шығып, тәңірлерін тілдеп, ата-бабала-
рын қорлағанын көре тұра, Мұхаммедтің айтқандарына
иланғаның не?» – деп, қолындағы таяқпен бір-ақ
ұрып Халидтің басын жарады. Ал Халид ибн Саид:
«Мұхаммедтің айтқандарының бәрі ақиқат», – дейді.
Әкесі ашудан булығып: «Ақымақ, көзіме көрінбей кет,
енді саған бұл үйден дәм татырмаймын», – дейді. Халид
(р.а.): «Сен бермесең де ризығымды Аллаһ береді», де-
ген кезде, әкесі оны үйден қуып шығады да, басқа бала-
ларына Халидпен сөйлесуге тыйым салады. Сөйлескен
адамға да дәл осылай жасайтынын айтып қорқытады.
Халид тура Расулаллаһқа тартады. Расулаллаһ оны
қасынан тастамай ертіп жүретін болады
75
.
Халидтің әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя бірде
науқастанып жатып: «Аллаһ осы аурудан айықтырса,
(Расулаллаһты меңзеп) Әбу Кәбшәнің баласының
тәңірісіне мына Меккеде енді ешкім табынбайтын бо-
лады», – дейді. Сонда Халид: «Аллаһ тағалам! Бұны
ниетіне жеткізбе», – деп тілейді. Әкесі сол аурудан
айықпастан, ақырында көз жұмады
76
.
Достарыңызбен бөлісу: