48
Сахабалар салған сара жол
ұмра жасау үшін, Меккеге барады. Бұл тұста Меккеде
кейбір санасыз адамдардың пайғамбарды «жынды» деп
күстәналаған жел сөздері гулеп тұрған болатын. Ди-
мад: «Әлгі кісіге жолығып, емдеп көрсем қайтер екен.
Бәлкім, Аллаһ шипасын берер», – деп ойлайды.
Өзі бұл туралы былай дейді: «Әбу Жәһіл, Ұтба
ибн Рабия және Умәйя ибн Халәф қатысқан бір жиын-
да отыр едік. Әбу Жәһіл: «Бірлігімізді бұзып, бізді
менсінбей, ата-бабаларымызды адасқан деп айыптап,
тәңірлерімізге тіл тигізіп жүр», –
деп әбден ызала-
нады. Үмәйя ибн Халәф та қасындағыларды қостап:
«Мұхаммедтің жынданғаны айдан анық», – деді.
Үмәйяның бұл сөзі менің қызығушылығымды оят-
ты. Оларға: «Айтқан адамдарыңды дем салып,
емдеп
көрейін. Септігім тиіп қала ма кім білсін?!» – дедім де,
көп аялдамай қастарынан кетіп қалдым. Бірақ сол күні
оны таба алмадым. Ертеңіне Харам мешітінде Ибраһим
мақамында намаз оқып отырған жерінің үстінен түстім,
намазын бітіргенше күтіп отырдым. Намазын аяқтаған
соң:
– Ей, Абдулмұтталибтің немересі! – дедім дауыс-
тап.
Ол менің даусымды естіп, маған бұрылды. Сәлден
соң: – Не қалайсыз? – деді.
– Мен қарағанда, сырқатынан айықпағандар кем-
де кем. Қаласаң, дем салып, сені де емдейін. Мына
жағдайыңды асқындырма, мен небір ауыр науқастарды
емдегенмін. Айналадағы адамдардың сені жынданып
кетті дегенін естіп жүрмін, – дедім. Сонда Расулаллаһ:
– Аллаһқа мақтау
айтамын және әрдайым Содан
жәрдем күтемін. Аллаһқа иман келтіріп, тәуекел етемін.
Аллаһтың тура жолға салғанын ешкім адастыра алмай-
49
Аллаһ пен расулына шақыру
ды. Ал кімді жолдан тайдырса, оны ешкім тура жолға
сала алмайды. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне куәлік
етемін. Ол – жалғыз. Теңдесі мен ұқсасы жоқ, – деді.
– Расын айту керек, осы кезге дейін алпыс екі та-
мырымды иіп, тұла бойымды шымырлатқан мұндай сөз
естімеген едім, – деп, Расулаллаһтан осы айтқандарын
қайталап айтуын сұрадым. Ол бөгелмеді.
– Мақсатың не? – деп сұрадым.
– Аллаһқа иман келтіруге, Оның жалғыз екендігі-
не және теңдесі, ұқсасы жоқ екендігіне, пұттардан бас
тартуға
және менің Расулаллаһ
екеніме куәлік етуге
шақырамын. Мақсатым осы, – деді Расулаллаһ (с.а.с.).
– Егер айтқандарыңды орындасам,
маған қандай
пайдасы бар? – дедім.
– О дүниеде жұмаққа барасың, – деді.
– Еш күмәнсіз куәлік етемін, Аллаһтан басқа тәңір
жоқ. Ол жалғыз. Теңдессіз. Пұттарды енді өмірімнен
аластаймын, бұдан былай
өзім де олардан бойымды
аулақ ұстаймын. Тағы куәлік етемін, сен Оның құлы әрі
расулысың, – дедім.
Әрі өзінің, әрі қауымының атынан серт берген Ди-
мад Аллаһ расулының қасында біраз уақыт кідіреді.
Құраннан бірнеше сүре үйренгеннен кейін, өз еліне
қайтады.
Риуаяттардан Димадтың шынайы иман келтір-
геніне Аллаһ расулының еш күмәнданбағандығы
байқалады. Өйткені Расулаллаһ
сайлаған қарулы
қол Димадтың қауымына кезіккен кезде, топтың
қолбасшысы нөкеріне: «Бұл
қауымнан бір нәрсе
алдыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда біреуі тұрып:
«Иә, бір торсық су алдым», – деп жауап береді. Мұны
50
Сахабалар салған сара жол
естіген қолбасшы: «Торсығын қайтарып бер. Өйткені
бұлар – Димадтың қауымы», – деген
77
.
Достарыңызбен бөлісу: