Заманауи информатика мұғалімінің портреті
Ұстаз – ұлы есім. Қай уақытта болмасын ұстаздың орны ерекше болған. Әлемдегі барлық адамның ұстазы бар. Ұстаздық әрдайым қажетті мамандық. Сондықтанда мен осы мамандықты таңдадым. Информатика пәнінің мұғалімі болғам келді, және болдым. Себебі мектебімізде информатика пәні маңызды пән ретінде өтілмеді. Ағайымыз үнемі өзінің жұмыстарымен жүретін. Ал бізге сабақ болмайтын немесе сабақ уақытысында бос отыратынбыз. Компьютерге отыру деген біз үшін арман болатын. Солай мектепте компьютердегі қарапайым деген заттарды да білмей, 11-сыныпты аяқтадық.Содан кейін информатика пәні мұғалімі мамандығына түсіп, ұстаз болдым. Қазір жас ұстазбын, үйренерім әлі көп. Әрдайым ізденісте жүруге тырысамын. Әлемде ақпарат күн сайын өзгеріп отырады, ал сол ақпараттармен танысып, біліп отыру үшін заманға сай – жан-жақты, білімді, ақылды, парасатты болу керекпін.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.» ,-деген екен. Ал, қазіргі заманауи информатика мұғалімінің портреті қандай болу керек?
Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігін айтпаса да түсінікті. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты-рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі замануи информатика мұғалімі информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл болу керек. Сонымен қатар, рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педогикалық және заманауи құралдардардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болуы шарт. Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім беру сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Қорыта келе, жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті жоғары тұлға. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сондықтан, алдымен ұстаздар өзіміз ой өрісі дамыған, зерделі, жан-жақта дамыған болғанымыз жөн.