Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Муауияның өзіне қарсы шыққан бір адам



Pdf көрінісі
бет193/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

 Муауияның өзіне қарсы шыққан бір адам 
туралы «бұл адам маған рухани өмір 
сыйлады» деуі
Әбу Қубәйл айтады: «Муауия ибн Әбу Суфиян 
жұма күні мінберге шығып, сөзінің арасында былай 
дейді: «Мал – біздің малымыз, бейбіт келісім арқылы 
қолға түсірген олжалар да біздікі. Қалаған адамымызға 
береміз, қаламаған адамымызға бермейміз». Ешкім 
Муауияға қарсы ештеңе айтпайды. Екінші жұмада 
Муауия тағы да осылай дейді. Тағы да ешкім ештеңе 
демейді. Үшінші жұмада да осыны айтқан кезде, 
жамағаттан бір адам шығып: «Жоқ, олай емес! Мал 
– біздің малымыз, олжа – біздің олжамыз. Кім біздің 
ақымызға араласып, ақымызды бермейтін болса, оны 
қылыштың жүзімен Аллаһтың әділдігіне тапсырамыз!» 
– дейді. Муауия құтбадан түсіп, намаздан кейін өзінің 
бөлмесіне кіреді. Адам жіберіп, өзіне қарсы сөйлеген 
адамды шақыртады. Сонда жамағат: «Бұның шаруасы 
бітті», – деп ойлайды. Кейін халық оның Муауиямен 
тізе түйістіріп, бірге отырғанын көреді. Муауия ол жер-
дегілерге: «Бұл адам маған туралықты көрсетті, маған 
рухани өмір сыйлады, Аллаһ та оған жар болсын. Мен 
Расулаллаһтың «Менен кейін бірталай басшы адамдар 
келеді, айтқан сөздеріне ешкім қарсы келмейді. Олар 
маймылдардың қақтығысып, соқтығысқаны секілді 
тозақ отында қақтығысып, соғысады» дегенін есті-
432
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/786 (35763)


422
Сахабалар салған сара жол
ген болатынмын. Мен бірінші жұмада әлгі сөздерді 
айтқанымда, ешкім қарсы шықпады. Мен Аллаһ расу-
лы сипаттап кеткен сондай басшылардың бірімін бе-
деп уайымдадым. Екінші жұмада осылай дегенімде, 
тағы да ешкім үн қатпады. Үндемегендеріңе қарап, сол 
басшылардың бірі мен екенмін ғой деген ойға бекіп 
едім. Үшінші жұмада мына адам айтқан сөздеріме 
қарсы шығып, мені түзу жолына салды, көңілім жай-
ланды. Аллаһ оған жар болсын», – дейді»
433
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет