434
Сахабалар салған сара жол
дейді. Расулаллаһ: «Оның ақысын бер», – деді. Мен:
«Сені хақ дінмен жіберушіге ант етемін, дәл қазір төрт
дирхамды төлейтіндей шамам жоқ», – дедім. Аллаһ
расулы: «Оның ақысын бер», – деді. Мен: «Жанымды
уысымда ұстаған Аллаһқа ант етемін, төлейтін шамам
жоқ. Сіздің бізді Хайбарға аттандыратыныңыздан сол
жерде сарбаздарға үлестіретін олжадан мені де құр
қалдырмайтыныңызға үміттенемін, Хайбардан қайтқан
соң қайтарып берейін қарызын», – дедім. Аллаһ расулы
үшінші рет: «Оның ақысын бер», – деді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) не нәрсені үш рет
қайталаса, мәселе сонымен жабылатын. Хадисті жеткі-
зуші айтады: «Содан Абдуллаһ басына сәлдесін орап,
шапанын киіп базарға шықты.
Сәлдесін шешіп, белі-
не байлады. Шапанын шешіп, ізінен еріп келе жатқан
яһудиге «Қаласаң, қарызымның орнына осы шапаным-
ды берейін», – дейді. Яһуди келіседі. Сол кезде егде
тартқан бір әйел Абдуллаһқа «Ей, Аллаһ расулының
досы, саған не болған?» – деп сұрайды. Ол
болған
жағдайды айтады. Әйел өзінің шапанын Абдуллаһтың
иығына жабады
453
.
Ансарлардан екі адам арасында
болған оқиға
Үммі Сәләма (р.а.) айтады:
Ансар тобынан екі
адам мұрагерлікке қатысты мәселе бойынша дау-
ласып, Аллаһ Расулының төрелігіне жүгінеді. Ара-
да ұзақ уақыт өтіп былайғы жұрттың жадынан
өшкендіктен, екеуінің де
куәге тартатын адамдары
жоқ болғандықтан, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: «Сендер менің алдымда
өзара дауласып, өздеріңе
453
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/295
435
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
шаң жуытар емессіңдер. Мен белгілі уахи түспеген
мәселелерде тек өзімнің пікіріме сүйенемін. Сол себеп-
ті, кімнің дәлелін қуатты деп тапсам, соның пайдасына
үкім айтуым мүмкін. Алайда шынтуайтында, құқы жоқ
адам оны алмасын. Өйткені, мұндай жағдайда мен оны
тозақтың отына салған болып шығамын.
Бауырының
ақысын жеген адам қиямет күні осы от мойнына
артылған күйі тірілтіледі», – деді. Пайғамбарымыздың
мына сөзінен кейін олар өздерінің қандай қатерге бет
алғанын түсініп: «Уа, Расулаллаһ, ақымды кештім»,
– деп жылап қоя берді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: «Олай болса, барыңдар да кімдікі дұрыс екенін
жақсылап анықтаңдар, болмаса, жеребе тастаңдар. Бір-
біріңді кешіріңдер», –
деп ақыл айтады
454
.
Достарыңызбен бөлісу: