432
Сахабалар салған сара жол
дерден бұрынғылардың түбіне жеткен әдеттердің бірі:
араларындағы беделді, текті адам ұрлыққа барса, оны
босатып қоя беретін. Ал арқа сүйер ешкімі жоқ пақыр
біреу ұрлыққа барса, оны міндетті түрде жазаға тарта-
тын. Аллаһқа ант етемін, егер Мұхаммедтің қызы Фа-
тима ұрлық үстінде ұсталса
немесе ұрлыққа барғаны
дәлелденсе, оның да сазайын берер едім».
Расулаллаһ осыны айтып, қылмыскер әйелдің
үкімін шығарады. Жазасын
алған әйел тәубеге келіп,
көп ұзамай тұрмысқа шықты. Айша айтады: «Ол әйел
маған келіп-кетіп жүретін. Мен оның неге мұқтаж
екенін Расулаллаһқа жасырмай айтатынмын»
451
.
осы мәселе бойынша Әбу Қатада
туралы риуаят
Әбу
Қатада
(р.а.)
айтады:
«Хунейнге
Пайғамбарымызбен бірге жорыққа шықтық. Жол-
да мүшріктермен кездесіп қалдық.
Мұсылмандар
кері шегініп, бет-бетіне тарай бастады. Осы ұрымтал
тұсты ұтымды пайдаланып қалғысы келген бір мүшрік
әлдебір мұсылманның үстіне шығып алып,
оның ту
сыртынан бас-көзге төмпештеп жатқанын көрдім. Де-
реу мүшріктің арқасына қылыш сілтеп, сауытын қақ
айырдым. Ол әбжілдік
танытып қапсыра құшақтап
менің өзіме ұмтылды. Мені қышқыштай қысқаны
соншалық – демім үзілетін шығар деп ойладым. Алай-
да, көретін жарығым бар екен, оның өзі өліп, мен аман
қалдым. Жүгіріп отырып Омарға бардым. «Адамдарға
не болған?» – деп сұрап едім, «Аллаһтың қалауы», – деп
жауап берді ол. Осыдан соң тарыдай шашылып, талқаны
таусыла жаздаған мұсылман әскері жұдырықтай
451
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/318
433
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
жұмылып, жаңа күшпен шабуылға шығып, жеңіске қол
жеткізді. Шайқастан кейін Пайғамбарымыз: «Кім жа-
уын жер жастандырса және өзінің бұл ерлігін байқаған
куәгері болса, сол өлген адамның бұйымдары оған тиес-
ілі», – дейді. Мен орнымнан тұрып: «Кім маған куәгер
болады?» – деп сұрадым. Ешкім үндей қоймаған соң,
қайта отырдым. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы
сөзін бір емес, үш мәрте қайталады. Әрбірінде мен де
түрегеп: «Кім маған куәгер болады?» – деп сұраумен
болдым. Тағы бір түрегелгенімде, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) «Әй,
Әбу Қатада, сен не айтпақсың?» – деді.
Мен болған жайтты айтып бердім. Арамыздан біреу:
«Әбу Қатада дұрыс айтады, ол өлтірген мүшріктің зат-
тары менде. Менің атымнан оның ризалығын ал», –
дейді. Сол кезде Әбу Бәкір сөзге араласып: «Жоқ, бол-
майды. Егер Аллаһ расулы сол өлген адамның заттарын
саған берсе, Аллаһ пен расулының жолында соғысқан
мүжаһидтің көпе-көрнеу ақысын жеген болады», –
деді. Пайғамбарымыз: «Әбу Бәкір дұрыс айтады. Өлген
адамның заттарын Әбу Қатадаға беруің керек», – дейді.
Ол сөзге келген жоқ. Мен оларға Бәни Сәләма жерінен
бір құрма бауын сатып алдым. Ислам дініне кіргеннен
кейінгі алғашқы меншігім осы құрма бауы болды»
452
.
Достарыңызбен бөлісу: