Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет4/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Пайғамбарға бағыну
«Пайғамбар сендерге нені үйреткен болса, соны 
істеңдер, сендерді неден тыйса, одан тыйылыңдар. 
Аллаһтан қорқыңдар, сөзсіз, Аллаһтың азабы тым 
қатты»
(«Хашр», 59/7).
«Біз барлық пайғамбарларды Аллаһтың әмірімен 
оларға бойсұнылсын деп қана жібердік. Егер олар 
(адамдар) күнә істеу арқылы өздеріне зұлымдық жа
-
сап қойған кезде, саған келіп, Аллаһтан шынайы түрде 
кешірім өтінсе, сондай-ақ, Пайғамбар да оларға 
кешірім тілесе, Аллаһтың тәубелерді қабыл етуші, аса 
мейірімді екенін анық көрер еді»
(«Ниса», 4/64).
Аллаһ пен расулына мойынсұнғандарды 
не күтіп тұр?
«(Оларға): Аллаһқа бойсұныңдар, пайғамбарға 
да бойсұныңдар. Егер бағынудан бас тартсаңдар, 
біліп қойыңдар, пайғамбар өз міндетіне, ал сен
-
дер өз міндеттеріңе жауаптысыңдар. Ал, егер 
оған бағынсаңдар, тура жолды табасыңдар. Ал, 


9
Сахабалар салған сара жол
пайғамбардың міндеті – Аллаһтың дінін айқын түрде 
толық жеткізу ғана – деп айт». Аллаһ сендердің 
іштеріңнен иман келтіріп, ізгілік жасағандарды, 
бұрынғылардан (мүміндерді кәпірлерден) үстем 
қылғанындай оларды да жер бетінде үстем 
қылатынына қатысты уәде береді. Сондай-ақ, оларға 
Өзінің ризалығын білдірген және солар үшін таңдаған 
Ислам дінін толық әрі бекем ұстануға мүмкіндік 
пен күш-қуат беретініне және бойларын билеген 
үрейді сейілтіп, оның орнына жан тыныштығына 
бөлейтініне қатысты уәде береді. Сонда олар Маған 
ғана құлшылық етіп, еш нәрсені Маған серік қоспайтын 
болады. Ал бұдан кейін кімде-кім (осыншама нығметті 
елемей) күпірлікке бой алдырса, нағыз жолдан тайған 
күнәһарлар солар болмақ. Намазды (барлық шартта
-
рын орындап) толық оқыңдар, зекетті толық беріңдер, 
Аллаһтың елшісіне бағыныңдар. Сонда, Аллаһтың шек
-
сіз рақымына бөленерсіңдер»
(«Нұр», 24/54-56).
«Аллаһ пен елшісіне бойсұныңдар, сонда мейірімге 
бөленесіңдер»
(«Әли Имран», 3/132).
«Ей, иман еткендер! Аллаһқа қарсы келуден 
сақтаныңдар! Айтқан сөздерің әрдайым дұрыс әрі 
орынды болсын, сонда Аллаһ тағала істеріңді оңғарып,
күнәларыңды кешіреді. Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне 
бойсұнса, мол бақыт пен жетістікке қол жеткізеді» 
(«Ахзап», 33/70-71).
«Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне лайықты түрде 
бойсұнса, міне, солар Аллаһтың шексіз нығметіне 
бөленген пайғамбарлар, шыншылдар, шейіттер және 
игілермен бірге болады. Олар қандай жақсы жолдас
-
тар! Бұл – Аллаһтың берген ең үлкен жақсылығы. 


10
Сахабалар салған сара жол
Оған лайықтыларды және олардың қадір-қасиетін 
Аллаһтың білуі жеткілікті»
(«Ниса», 4/69-70).
«Міне, бұлар – Аллаһтың қойған шектеулері. 
Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне бойсұнып (белгіленген 
шекараның шеңберінен шықпаса), Аллаһ оны мәңгілікке 
(бауларының ішінен және зәулім сарайларының 
түбінен) өзендер ағатын жұмақ бақшаларына кіргі
-
зеді. Міне, бұл – ең үлкен жетістік»
. («Ниса», 4/13)
«(Ей, расулым оларға): «Егер шынымен Аллаһты 
сүйсеңдер, маған еріңдер, сонда Аллаһ тағала да сен
-
дерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Аллаһ өте 
кешірімді және (мүміндерге) ерекше мейірімді – деп
айт»
(«Әли Имран», 3/31).
«Шынында, Аллаһ елшісінің тұла бойында сен
-
дер үшін, Аллаһты және ақырет күнін өмірінің бас
-
ты мақсаты еткендер, сондай-ақ, Аллаһты жиі еске 
алғандар үшін тамаша өнеге бар» 
(«Ахзап», 33/21).
«Ей, адамдар! Мен баршаңа Аллаһ тарапынан жі
-
берілген пайғамбармын. Көктер мен жердің иелігі Соған 
тән. Басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – өмірді де, өлімді де 
беруші. Ендеше, Аллаһ пен елшісіне иман келтіріңдер. 
Аллаһқа және сөздеріне (Кітаптарына) толық иман 
еткен, хат танымайтын Пайғамбарға кәміл сеніп, 
тура жолды табуларың үшін Оның соңынан еріңдер – 
деп айт»
(«Ағраф», 7/158).
Әнәстің (р.а.) жеткізуі бойынша, Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 былай деген:
«Кімде-кім менен кейін менің сүннетімді орын
-
даса, мені жақсы көргені деп біліңіздер. Мені жақсы 
көрген адам (ақыретте) менімен бірге»
2
.
2
Табарани, әл-Муғжамус-сағир 2/100 (856)


11
Сахабалар салған сара жол
«Сүннетімді нық ұстанған адам жұмаққа 
барады»
3
.
«Кімде-кім үмбетім азғындаған кезде, менің 
сүннетімді орындаса, жүз шейіттің сауабын алады»
4

«Кімде-кім сүннетімді орындаса, мені жақсы көрген 
болып саналады, мені жақсы көрген адаммен жұмақта 
бірге боламын»
5
.
«Үмбет түсінбеушілікке бой алдырып, бір-бірі
-
мен ортақ мәмілеге келе алмаған кезде, Пайғамбардың 
сүннетін ұстану алақанымен шоқ ұстаған адамның 
жағдайымен бірдей»
6
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет