133
Аллаһ пен расулына шақыру
Әбу Бәкір (р.а.): «Өй, тұқымың құрғыр, одан
қашатындай бізді опасыз деп тұрсың ба? Біз бе оны
жалғыз қалдыратындай?» – дейді ашуға булығып. Уруа:
«Бұл кім?» – деп сұрағанда, Аллаһ расулы (с.а.с.): «Әбу
Бәкір», – деп жауап берді. Уруа: «Аллаһқа ант етемін,
маған жасаған жақсылықтарың болмағанда, міндетті
түрде сазайыңды тарттырар едім», – дейді.
Уруа Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тіл-
десіп, былайғы жұрттың наразы күңкілдеріне на-
зар аудармайды. Әр сөйлеген сайын Расулаллаһтың
сақалынан ұстап сипап отырады. Муғира ибн Шұғба
басында дулыға, қолында қылышын сығымдай
ұстап, Пайғамбарымыздың жанында тұрады. Уруа
қолын Аллаһтың расулына созған сайын, Муғира
да қылышының сабымен Уруаның қолынан қағып:
«Аллаһ расулының сақалынан қолыңды тарт», – деп
тұрады. Уруа басын көтеріп: «Бұл кім?» – деп сұрайды.
«Муғира ибн Шұғба», – дейді олар. Уруа: «Ей, опасыз.
Мен сенің жасаған залымдығыңды жуып-шаю үшін не
істемедім десеңші?» – дейді.
Өйткені Муғира надандық дәуірінде өзіне жолсерік
болған біраз адамдардың түбіне жетіп, олардың ма-
лын иеленіп кеткен қара ниетті, қорқау адам еді. Кейін
ақ жолға түсіп мұсылман болады. Өзіне біреулердің
қанын жүктеп тапқан осы малды ұсынғанда, Аллаһ ра-
сулы: «Мұсылмандығыңды қабылдаймын. Бірақ мына
малдарыңды ала алмаймын», – деп бас тартады.
Сосын Уруа сахабаларға көз жүгіртіп: «Уаллаһи,
бұл не деген құрмет! Аллаһ расулы бір істі бұйырса,
барлығы сол сәтте екі етпеуге құлшынады. Дәрет
алған суының қалғанына таласады. Мейлінше ақырын
сөйлесуге тырысады, оны сыйлайтыны соншалық –
134
Сахабалар салған сара жол
бетіне тіктеп қарамайды», – дейді. Уруа Құрайыштық
жолдастарының қасына оралғанда былай дейді: «Ей,
қауымым! Мен көптеген патшаның алдына елші бо-
лып бардым. Цезарьдің, Кисраның, Нәжашидің көзін
көрдім. Аллаһқа ант етемін, сахабалардың Мұхаммедке
көрсеткен құрметі мен тағзымын еш жерден кездестір-
медім. Ол, шынында да, сендерге қайырлы ұсыныс жа-
сады, қабылдағандарың жөн», – дейді.
Сонда Кинанаұлдарынан біреу Құрайышқа: «Маған
рұқсат беріңдер, Мұхаммедке мен барайын», – дейді.
«Барсаң, бар», – дейді олар.
Ол Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мен сахабала-
рына бет алғанда, Аллаһ расулы: «Бұл пәлен деген
адам, Меккеде қажылардың шалған құрбандықтарын
құрметтейтін тайпадан. Құрбандыққа шалынатын
түйелерді оның алдына салып беріңдер», – дей-
ді. Түйелер берілгеннен кейін, сахабалар «Ләббәйк
аллаһумма ләббәйк» деп, ол адамды күтіп алады. Ол
бұл көрініске толқып: «Субханаллаһ. Мына жамағатқа
Қағбаны зиярат етуге тыйым салудың жөні жоқ», –
дейді сүйсініп. Құрайыштарға «Мен мойындарына бел-
гілер тағылған, оң жақтарына ен салынған құрбандық
түйелерді көрдім. Мұсылмандарға Қағбаны зиярат
жасауға тыйым салу, меніңше, дұрыс емес», – дейді.
Сонда Миқраз ибн Хафс деген адам орнынан
тұрып: «Рұқсат етіңіз, мен барайын», – деп, ол да жолға
шығады. Миқраз жақындағанда, Аллаһ расулы саха-
баларына: «Мына келе жатқан Миқраз, мінезі нашар,
пасық адам», – дейді.
Миқраз Пайғамбарымызбен тілдеседі. Сол кез-
де Сүһәйл ибн Амрдың төбесі көрінеді. Сүһәйл кел-
ген соң, Пайғамбарымыз «оңай» деген мағына беретін
135
Аллаһ пен расулына шақыру
оның есімін меңзеп: «Енді ісіміз жеңілдейтін болды»,
– дейді. Сүһәйл Пайғамбарымызға: «Қане, сенімен бей-
біт келісім-шартқа отырайық», – дейді. Пайғамбарымыз
хатшы шақыртып, оған: «Бисмилләһир-Рахманир-
Рахим» деп жаз», – дейді. Сүһәйл: «Мен рахманның
не екенін білмеймін, бұрынғыша «Бисмикәллаһумма»
деп жаздыр», – дейді. Мұсылмандар: «Бисмилләһир-
Рахманир-Рахимнен» басқа сөз жазбаймыз», – деп
қарсылық білдіреді.
Сонда Аллаһ расулы (с.а.с.): «Бисмикәллаһумма»
деп жаз», – дейді. Сосын оған «Бұл Аллаһтың
пайғамбары Мұхаммедтің Құрайышпен жасасқан
келісім-шарты» деп қосуды бұйырады. Сүһәйл: «Біз
сенің пайғамбар екеніңді қабылдасақ, саған Қағбаны зи-
ярат етуге кедергі келтіріп, сенімен соғыспас едік. Жоқ,
болмайды, Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырасың»,
– дейді көнбей. Расулаллаһ: «Сендер сенбесеңдер де,
бәрібір мен Аллаһтың расулымын», – дейді де, хатшыға
«Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырады.
Бұл хадисті жеткізушілердің бірі Зүхридің ай-
туынша: «Расулаллаһтың Сүһәйлдің бұл ұсыныстарын
қабылдау себебі мынада еді: Пайғамбарымыздың одан
бұрынырақ «Аллаһтың харам аймағындағы қасиетті
нәрселердің құрметіне Құрайыштар менен не қаласа да
беремін» деген уәдесімен түсіндіреді.
Пайғамбарымыздың «Бізге Бәйтуллаһты зиярат
етуге кедергі келтірмеңдер, тауап жасайық» деген
ұсынысына Сүһәйл: «Уаллаһи, қысым көргендіктен
бұған көнді дейтін арабтардың пыш-пыш сөзіне жол
бермес үшін, биыл сендерді жібере алмаймыз. Зия-
ратты келесі жылдан бастаңдар», – дейді. Сөйтіп, бұл
мәселенің тігісі осылай жатқызылады.
|