142
Сахабалар салған сара жол
Сондықтан Пайғамбарымыз оларға сахабаларының
біреуін жіберуді көздейді. Осы іске Омарды (р.а.)
дұрыс көреді. Омар (р.а.): «Уа, Расулаллаһ! Мен оларға
әрдайым лағынет айтып жүрген адаммын.
Олардың
зорлығына душар болсам,
Меккедегі қауымым
Кағыбұлдарының ішінде мені қамқорлығына алатын
ешкім жоқ.
Османды жібер, оның туыстары сонда,
сенің айтқандарыңды Меккеліктерге емін-еркін жеткі-
зе алады», – дейді.
Аллаһ расулы (с.а.с.) оларға Османды (р.а.) ат-
тандыруды жөн көреді. Жолға шығарып салып тұрып:
«Меккеліктерге біздің соғысу үшін келмегендігімізді,
ұмра жасауға келгенімізді
айт және оларды Исламға
шақыр», – дейді. Сонымен қатар, Меккедегі мүмін ер-
лер мен әйелдерге барып, оларға жұбату айтуды, жақын
арада Аллаһтың дінінің Меккеде үстем болатынын жет-
кізуді бұйырады. Осман (р.а.) жолға шығады. Меккеге
жақын Бәлдах деген жерде Құрайыштармен кездеседі.
Құрайыштар оның қайда бет алғанын сұрайды. Осман
(р.а.): «Сендерді құдіреті күшті Аллаһқа сенуге, Ислам
дініне шақыру және біреумен соғысу үшін емес, ұмра
жасау үшін келгенімізді хабарлау үшін мені Расулаллаһ
жіберді», – дейді. Құрайыштар «Айтқандарыңды
түсіндік, қалағаныңды жасай бер», – дейді.
Әбан ибн Саид ибн әл-Ас хазірет Османға:
«Қош келдің!» – дейді де,
атын ерттеп, Османды
(р.а.)
өз қамқорлығына алып, екеуі Меккеге бірге
аттанады...»
141
.
141
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/754 (30152)