Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет65/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

18. МЕККЕнІң АЗАТ ЕТІлуІ
Аббастың Құрайышты Пайғамбары-
мыздан рақымшылық сұрауға шақыруы
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәрруз-Захранға 
тоқтаған кезде, Аббас (р.а.): «Құрайыштың халі қандай 
аянышты! Егер Аллаһтың расулы Құрайыш одан 
146
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/238. әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/352 
(37024)


152
Сахабалар салған сара жол
рақымшылық сұрамай зорлықпен Меккеге кіретін бол-
са, Құрайыштың күні батты деген сөз», – деді. 
Одан ары былай деді: «Пайғамбарымыздың ақ 
қашырына мініп, ордадан шығып, Әрак деген жер-
ге бардым. Отыншы ма, шопан ба, басқа ма, әйтеуір 
кімді кезіктірсем де айтарым: ол меккеліктерге Аллаһ 
расулының отырған жерін хабарласын, меккеліктер 
рақымшылық сұрасын, сонда ғана Пайғамбарымыз 
Меккеге күш қолданбай кірер» деп өзімше жоспар 
құрдым. 
Мен ордадан аттанып бара жатып, Меккеге 
бет алған Әбу Суфиян мен Бүдәйл ибн Уәрканың 
әңгімелерін естіп қалдым. Әбу Суфиян: 
– Бүгінгідей самсаған отты да, әскерді де бұрын-
соңды көрген емеспін, – деді. Бүдәйл: 
– Уаллаһи, бұл Хузаа тайпасы жаққан от. Жорыққа 
байланысты жағылған, – деді. Әбу Суфиян: 
– Хузаа тайпасының сарбаздары мұншалықты көп 
емес қой, – деді. Әбу Суфиянды даусынан танып: 
– Әбу Ханзала! – деп дауыстадым. Ол да менің да-
усымды танып: 
– Әбул Фазыл, сенсің бе? – деп сұрады. 
– Иә, менмін. 
– Сен мұнда не істеп жүрсің? 
– Әй, Әбу Суфиян! Мына әскерді Пайғамбары-
мыздың өзі бастап келе жатыр. Құрайыштың жағдайы 
ауыр. 
– Енді не істеуге болады? 
– Сені қолға түсірсе, басыңды алады. Кел, мына 
қашырға мін, сені алдына апарып, рақымшылық етуін 
сұрайын.


153
Аллаһ пен расулына шақыру
Осылайша, Әбу Суфиянды қашырға мінгізіп, жолға 
шықтық. Мұсылмандардың әр жаққан отының қасынан 
өткен сайын, олар: «Бұл кім?» – десіп елеңдесіп, біз 
жаққа үңіле назар салып қояды. Пайғамбарымыздың 
қашырын көріп: «Расулаллаһтың көкесі, соның 
қашырына мініп алыпты», – десті. Омар ибн Хаттабтың
(р.а.) жаққан отының қасына барған кезімізде, ол: – Бұл 
кім? – деп маған қарай жүрді. Қасымдағы Әбу Суфи-
янды көріп: – Әбу Суфиян! Аллаһ дұшпаны! Сені осы 
жерге алып келген Аллаһқа мың шүкіршілік, – деді. Со-
сын ол Аллаһ расулы отырған жаққа қарай шапшаң ба-
сып кетіп қалды. Қашырды тебініп, алға оздым. Омар-
ды артта қалдырып, Расулаллаһтың қасына бардым. 
Іле-шала Омар да келіп: «Уа, Расулаллаһ! Мына кісі 
– Әбу Суфиян. Аллаһ тағала оны сенің алдыңа алып 
келді. Маған рұқсат бер, басын алайын», – деді. Мен: 
«Уа, Расулаллаһ, мен оны өз қамқорлығыма алдым», 
– дедім. Сосын Пайғамбарымыздың қасына тізе бүгіп: 
«Бүгін түнде қасында мен ғана боламын, Әбу Суфиян 
менің шатырымда түнейді», – дедім. 
Омар (р.а.) басыла қоймады. Ақыры қоймаған 
соң: «Тоқтат, Омар! Егер ол сенің Адыйұлдарыңның 
бірі болса, бұлай демес едің, Абдумәнафұлдарынан 
екенін білгендіктен осылай айтып тұрсың ғой», – де-
дім. Омар: «Ей, Аббас! Сен Исламға кіргенде, әкемнің 
мұсылман болғанынан артық қуанып едім. Өйткені 
сенің мұсылман болуың Аллаһ расулын, егер тірі бол-
са, әкем Хаттабтың Исламға кіргенінен бетер шаттыққа 
бөлер еді. Бұған анық көзім жетеді», – деді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Аббас, оны 
өзіңмен бірге ерте кет, таңертең сөйлесерміз», – деді. Мен 
екі әлем Сардарының 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айтқанындай 


154
Сахабалар салған сара жол
жасадым. Ертеңгісін Пайғамбарымыз: «Әбу Суфиян! 
Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңірдің жоқ екеніне 
куәлік етудің уақыты келген жоқ па?», – деді. Әбу Суфи-
ян: «Сен қандай кең пейілді адамсың! Қандай мейірбан, 
қайырымды жансың! Туыстық қатынасқа соншалықты 
мән бересің. Мен Аллаһпен бірге басқа тәңірлер бол-
са, маған пайдалары тиер деп ойлайтынмын», – деді. 
Расулаллаһ: «Әй, Әбу Суфиян! Менің Аллаһ расулы 
екенімді мойындайтын уақытың келген жоқ па?» – де-
генде, Әбу Суфиян: «Сен қандай мейірімді және мәрт 
адамсың! Осы кезге дейін мені бірталай түсініксіз сау-
алдар мазалаған еді», – деді. 
Аббас (р.а.) былай дейді: «Бері қара, Әбу Суфи-
ян! Өзіңе жаның ашыса, басың шабылмай тұрғанда, 
мұсылман бол. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық 
тәңір жоқ екеніне, Мұхаммедтің пайғамбар екеніне 
куәлік ет» – дедім. Сонда Әбу Суфиян шаһадат айтып, 
мұсылман болды. Ибн Аббас әрі қарай былай дейді: «Уа, 
Расулаллаһ, Әбу Суфиян құрмет пен артықшылықты 
жақсы көреді, оны құрметке бөлейтін бір артықшылық 
берсеңіз», – дедім қиыла өтініп. Расулаллаһ: «Дегенің 
болсын, кімде-кім Әбу Суфиянның үйін паналаса, ол 
адамның қауіпсіздігіне кепілдік беремін. Кім өз үйіне 
кіріп, есігін тарс бекітіп алса, оған да ешкім тиіспейді. 
Харам мешітін паналаған адам да қауіпсіздікте бола-
ды», – деді. 
Әбу Суфиян қайтуға ыңғай білдіргенде, Пайғам-
барымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Аббас! Оны әскерлер ба-
сып өтетін тау асуына апар, сол жерден Аллаһтың сар-
баздарын өз көзімен көрсін», – деді. 
Екеуміз жолға шығып, Аллаһ расулының айтқаны 
бойынша, Әбу Суфиянды тар қолатқа ертіп апардым. Әр 


155
Аллаһ пен расулына шақыру
тайпа өздерінің байрағын желбіретіп, Әбу Суфиянның 
алдынан шеру тартып өте бастады. Әр тайпаға наза-
ры түскен сайын Әбу Суфиян: «Аббас, мыналар кім-
дер?» – деп сұрап тұрды. «Сүләймұлдары», – дедім 
мен. Әбу Суфиян: «Олар бұл жерге келетіндей мені мен 
Сүләймұлдарының арасында қандай мәселе бар?» – деп 
сұрады. 
Барлық тайпа өтіп болғанша, Әбу Суфиян 
осы сұрақтарын қайталап қоюмен болды. Бір кез-
де тайпалардың шеруі аяқталды. Олардың артын-
ша үстерінде, темір сауыт, көздерінен басқа жері 
көрінбейтін мұһажырлар мен ансарлардан құралған, 
араларында Расулаллаһ та бар, айбарлы қол барлық 
сән-салтанатымен алдымыздан шеру тартып өтті. 
Әбу Суфиян: «Субханаллаһ! Аббас, мыналар кім?» 
– деп сұрады. «Бұл арасында Пайғамбарымыз бар 
мұһажырлар мен ансарлар тобы», – дедім мен. «Ей, 
Әбул-Фазыл, бұларға ешкімнің шамасы жете қоймас. 
Бауырыңның баласы айбынды сұлтанға айналыпты», – 
деді Әбу Суфиян таңданысын жасыра алмай. «Жоқ, ол 
сұлтан емес, ол – пайғамбар», – дедім мен. Ол: «Мейлі, 
солай-ақ болсын», – деді. «Енді өз қауымыңа бар», – 
дедім. Ол өз қауымына барып, бар даусымен айқайлап: 
«Ей, Құрайыш! Мұхаммед біздің әліміз жетпейтін 
үлкен күшпен келе жатыр. Кім Әбу Суфиянның үйін 
паналаса, оған ешкім тиіспейді», – деді. 
Бұл сөзге ашуланған әйелі Хинд оған тұра ұмтылды. 
«Мына оңбағанның көзін құртыңдар. Осындай қорқақ 
басшы бола ма?» – деді. Әбу Суфиян: «Тоқтаңдар. Мына 
әйелдің сөзіне алданбаңдар. Шынында да Мұхаммед 
үлкен күшпен келе жатыр. Әбу Суфиянның үйіне кір-
ген адамға қауіп жоқ», – деді. 


156
Сахабалар салған сара жол
«Сенің үйіңе қайсымыз сиямыз?» – деді топ ара-
сынан біреу. Бұған Әбу Суфиян Аллаһ расулының 
(с.а.с.) сөзімен жауап берді: «Үйіне кіріп, есігін жапқан 
адамға ешкім тиіспейді. Харам мешітін паналағандарға 
да қауіп жоқ». Осыны естіген халық үйлерін, мешітті 
паналады
147

Риуаят етуші былай дейді: «Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жасағында сауыттан мұз құрсанған 
екі мың әскер бар болатын. Расулаллаһ туды Сағыд ибн 
Убадаға ұстатқан болатын. Сағыд (р.а.) жасақтың ал-
дында Пайғамбарымыздың туын ұстап, Әбу Суфиянның 
тұсынан өтіп бара жатып: «Ей, Әбу Суфиян! Бүгін 
шайқас күні. Бүгін Меккеде қан төгуге рұқсат берілген 
күн. Бүгін Аллаһ тағаланың Құрайышты масқара ететін 
күні», – деді.
Расулаллаһ бұл кезде қарсы бетте келе жатқан бола-
тын. Дәл Әбу Суфиянның тұсынан өтіп бара жатқанда, 
оған: «Уа, Расулаллаһ! Өз қауымыңды қырып-
жоймақпысың? Сағыд жаңа солай деп кетті. Жұртың 
үшін кешірім сұраймын. Сен, шынында, адамдардың 
ең асыл текті абзалысың, туысты қадірлейсің!» – деп 
дауыстады. 
Абдуррахман ибн Ауф пен Осман ибн Аффан да 
«Уа, Расулаллаһ, Сағыдтың Құрайышқа шабуылдамай-
тынына сенім жоқ», – деп қауіптерін білдірді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Ей, Әбу Су-
фиян! Бүгін рақымдылық күні, бүгін Аллаһ тағаланың 
Құрайышты қадірлі еткен күні», – деді. 
Осыны айтқан Пайғамбарымыз Сағыдқа хабар жі-
беріп, оны қолбасылықтан алды. Ренжітіп алмау үшін 
туды оның баласы Қайсқа беруді бұйырды. Сағыд 
147
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 7/76 (6419)


157
Аллаһ пен расулына шақыру
Пайғамбарымыздан белгі келмейінше туды тапсырмай-
тынын айтады. Сонда Пайғамбарымыз өзінің сәлдесін 
жібереді. Сағыд сәлдені алып, қолындағы туды баласы-
на ұстатады
148



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет