221
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
алмаймын. Оның бірі – зекет. Менің бар-жоғы саусақпен
санарлық түйем бар. Олар отбасымның қажетін әзер
өтейді. Екіншісі – жиһад. Мен қоян жүрекпін. Алайда
халық соғыстан қашқан адамның Аллаһтың азабына
ұшырайтынын айтады. Шайқас кезінде жан сақтау үшін
майданды
тастап қашып кетемін бе деп, қорқамын.
Соғыстан қашсам, Аллаһтың азабына ұшырармын», –
дедім. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қолын
жұмды да, алақанын жазып: «Бәшир! Зекет пен жиһадқа
келіспейсің. Сонда сен жұмаққа немен кірмекшісің,
айтшы?» – деп сұрады. Сонда мен: «Уа, Расулаллаһ!
Қолыңды бер, саған серт берейін», – дедім. Аллаһ ра-
сулы қолын созды, мен
айтқан міндеттерінің бәрін
орындауға серт бердім»
189
.
Жәрир ибн Абдуллаһтың ислам негіздері
үшін серт беруі
Жәрир (р.а.): «Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
намаз оқитындығыма,
зекет беретіндігіме және
әрбір мұсылманға үгіт-насихат жүргізетіндігіме серт
бердім», – дейді.
Имам Ахмад ибн Ханбәлға Жәрирден (р.а.) жеткен
бір риуаятта Жәрир (р.а.) былай деген: «Уа, Расулаллаһ,
нелерге серт беретінімді сен айт, өйткені сен менен
артық білесің». Аллаһ расулы: «Бір Аллаһқа
ғибадат
ету, Оған еш нәрсені серік етіп қоспау, намаз оқу, зекет
беру, әр мұсылманға уағыз айту және ширктен аулақ
болу шартымен сенің сертіңді қабылдаймын», – дейді.
Табаранидың риуаяты бойынша, Жәрир (р.а.)
Пайғамбарымыздың
алдына барғанда, Расулаллаһ:
«Жәрир, маған қолыңды соз», – дейді. Жәрир: «Уа,
189
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/281 (36865)
222
Сахабалар салған сара жол
Расулаллаһ, неге серт берейін?» – деп сұрағанда,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһқа
бар болмысыңмен
берілуге және әрбір мұсылманға үгіт жүргізуге серт
бересің», – дейді. Зерек, алғыр Жәрир: «Уа, Расулаллаһ,
шама-шарқым жеткенінше», – деп қосып қояды.
Жәрирдің бұл сөзі өзінен кейінгілерге де рұқсаттың
берілуіне себеп болды
190
.
Достарыңызбен бөлісу: