279
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Абдуллаһтың қайсарлығына тәнті болып, амалы
таусылған патша: «Егер басымнан сүйсең, сені боса-
тамын», – дейді. Абдуллаһ: «Егер тұтқында отырған
барлық мұсылманды босататын болсаң ғана басыңнан
сүйемін», – дейді. Патша айтқанына келісіп, өзге
тұтқындарды еркіне жіберетініне сөз береді.
Абдуллаһ бұл оқиғаның қалай аяқталғанын былай
жеткізеді: Ішімнен: «Бұл – Аллаһ дұшпандарының бірі.
Сөйтсе де оның басынан сүйіп, басқа мұсылмандарды
да босатып алсам үлкен олжа. Бұдан маған не зиян келер
дейсің» деп ойлап, патшаның басынан сүйдім» – дейді.
Осылайша, қалған тұтқындағы мұсылмандарды
жаудың шеңгелінен азат етеді. Олар Мәдинаға дін аман
оралады. Бұл жағдай Омардың (р.а.) құлағына тиісі-
мен, ол «Осы ерлігі үшін әр мұсылман Абдуллаһ ибн
Хузафаның басынан сүюі керек», – дейді. Алдымен өзі
үлгі көрсетіп, Абдуллаһты басынан сүйеді»
256
.
Достарыңызбен бөлісу: