276
Сахабалар салған сара жол
қой», – дейді. Осман (р.а.) оған да есесін жібермейді,
араларында талас туып, аяғы жанжалға ұласады. Тіп-
ті мүшрік Османды жұдырықпен салып қалады. Лез-
де Османның көзі көгеріп, күп боп ісіп кетеді. Уәлид
ибн Муғира да сол жерде болатын. Ол: «Уаллаһи, жи-
енім! Қараптан-қарап жарақат алдың. Сен менің мықты
қамқорлығымнан бекер бас тарттың?», – дейді. Осман:
«Аллаһқа ант етемін, екінші көзімді де Аллаһ жолында
пида етуге дайынмын. Ей, Әбу Абдушамс! Мен сенен
де күшті құдірет иесінің қамқорлығындамын», – дейді
де, мына өлеңді оқиды:
«Егер көзім Раббымның разылығы жолында бір
дінсіздің қолынан зарар көрген болса, күмәнсіз, Аллаһ
мұның сауабын береді. Әй, жамағат, Рахман кімге разы
болса, ол адам мәңгілік бақытты. Сендер «Ақымақ,
адасқан» деген екен деп, Мұхаммедтің дінінен
шығып кетпеймін. Мен Хақ тағаланың разылығынан
үміт күтемін. Бізге қаншалықты қиянат жасалса да,
қаншалықты шектен тыс қысым көрсетілсе де, хақ дін
– біздің дініміз», – деді
254
.
Достарыңызбен бөлісу: