Б
ірінші
Бөлім
АллАһ пен рАсулынА
шАқыру
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен сахабала-
ры неліктен адамзат баласын Ислам дініне шақыруға
аса ден қойды? Тура жолды көрсетуді, өзгелерге
ақиқат дінді мойындатуға және Хақ тағаланың
рақымдылығына бөленуді қаншалықты қалады? Бұл
жолда қаншалықты тер төкті?
1. хАҚТы ТАныТуғА дЕгЕн
ҚұшТАРлыҚ
Расулаллаһтың барша адамзатты иманға
шақыру жолында сіңірген еңбегі
Пайғамбарымыз бүкіл адамзат баласының Аллаһқа
иман келтіріп, мойынсұнғанын шын ықыласымен
қалады. Аятта Хақ тағала оның бұл құштарлығын былай
көрсеткен:
«Адамдар иман келтірмеді деген қайғыдан
өзіңді мүжіп бітесің. Егер қаласақ, оларға көктен сон
-
дай бір мұғжиза түсірер едік, сол арқылы, қаласын-
қаламасын, мойынсұнар еді»
. («Шұғара», 26/3-4) Алай-
да Аллаһ мына аятта:
«Адамдардың кейбірі бақытсыз,
кейбірі бақытты»
деп баяндады («Худ», 11/105). Пе-
шенесіне жазғанына қарай кей адамдар иман келтіруге
28
Сахабалар салған сара жол
лайықты, ал кейбіреулері өздерін бұл игіліктен қасақана
мақұрым еткен
50
.
Көкесі Әбу Тәліп қайтыс болған кезде, өз
қауымын Пайғамбарымыздың исламға
шақыруы
Әбу Тәліп науқастанып қалған кезде, Ұтба ибн
Рабия, Шәйба ибн Рабия, Әбу Жәһіл ибн Хишам,
Умәйя ибн Халәф және Әбу Суфиян ибн Харб бар
бір топ Құрайыштар Әбу Тәліпке барып: «Немере
інің тәңірлерімізді жамандап, айтпағаны қалмады.
Қатқыл ескертіп, бұл қылығына тоқтау салсаң етті.
Ей, Әбу Тәліп, сен бізденсің. Қазір өлім аузында
жатырсың. Немере ініңмен арамыздағы жағдайды
білесің. Шақырып, уәдесін ал. Аулақ жүрсін, біз де
оған соқтықпаймыз. Дінімізге тиіспесін, біз де оның
дініне тиіспейік», – дейді. Әбу Тәліп немере інісін
шақыртады. Пайғамбарымыз қасына келгенде, Әбу
Тәліп пен оны қаумалаған адамдардың арасында бір
адам сиятындай орын бар еді. Әбу Жәһіл босағаға
таяу тізе бүгеді. Пайғамбарымызды көкесінің қасына
қайткен күнде де жақындатпаудың амалын ойлап, сол
орынға өзі жайғасады. Олар Пайғамбарымыз көкесіне
таяу отырса, Әбу Тәліп оған жаны ашып, иман келтіріп
қоя ма деп қорыққан еді. Расулаллаһ көкесіне жақын
жерден орын таппаған соң, Әбу Тәліп одан: «Қауымың
тәңірлері туралы жаман сөздер айтқаныңды алға тар-
тып отыр. Бұған не дейсің?» – деп сұрайды.
Басқа бір риуаятта Әбу Тәліп Расулаллаһқа былай
дейді: «Бауырымның баласы, бері қара! Мен сені білгелі,
маған құрмет көрсетіп келесің. Алайда қауымыңнан
50
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 7/196 (11243)
29
Аллаһ пен расулына шақыру
мына кісілер келіп, сенің Қағбаға барып, оларды
жәбірлейтіндей сөздер айтқаныңды жеткізіп отыр. Бұл
істен бас тартсаң қайтеді?». Сонда Пайғамбарымыз
көкке көзін қадап, көкесіне: «Ант етемін, сендердің
мына күннен бір от жұлып алуға қалайша күштерің жет-
песе, менің де осы пайғамбарлық міндетімді тастауға
солайша шамам жетпейді», – дейді
51
.
Тағы бір риуаятта Әбу Тәліп: «Бауырым! Қауымың
келіп, маған бірталай өкпе артты. Маған және өзіңе
жаның ашыса қайтеді, күшіміз жетпейтін бұл істі маған
артпа. Қауымың жақтырмаған сөздерді айтуыңды қой!»
– дейді. Көкесінің енді өзін қорғап, қолдау көрсете ал-
майтынын сезген Расулаллаһ: «Көке! Күнді оң жағыма,
айды сол жағыма әкеліп қойса да, бұл істен бас тарта
алмаймын. Түбі Аллаһ бұл дінін жеңіске жеткізеді не
мен осы жолда өлемін», – дейді көзіне жас толып
52
.
Сол жерде отырған Құрайыштың бетке тұтарлары
Пайғамбарымызға жекіп, ауыр сөздер айтады. Біразы
Расулаллаһқа: «Егер қажет десең, алдыңа мал салып бе-
рейік, Құрайыштың ең құрметті адамы бол. Жар сүйгің
келсе, Құрайыш әйелдерінен қалағаныңды таңда,
қаласаң, сені он әйелге үйлендірейік», – дейді
53
.
Ұтба ибн Рабия: «Тұрмысы орта болғанымен, сені
арамыздағы беделі зор адам деп санайтын едік. Не ай-
тып жүргеніңді өзің білмейтіндейсің.Ел арасына іріткі
салу арқылы дүние жимақ болсаң, қауымың қойныңа
жар, қораңа мал салып беруге әзір. Қаласаң, ең көп
байлықты саған жиып берейік. Атақ-даңқ керек болса,
бұл тілегіңді де жерге тастамаймыз, алдыңды жортқан
51
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 6/8 (6809)
52
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/42
53
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/62
30
Сахабалар салған сара жол
аң, ұшқан құс та кесіп өтпейтін болады. Егер жын
соғып кеткендіктен, қайдағыны айтып, сандырақтап
жүрсең, емдетейік. Жоқ, патша болғың келсе, оны да
айт, сені хан сайлаймыз», – дейді. Расулаллаһ олардың
бұл емеурініне селт етпей, «Фуссилат» сүресін 37-ая-
тына дейін оқиды
54
.
Расулаллаһ көкесіне назарын тіктеп: «Көке! Егер
олар мендегі сөзді шын жүрекпен қабылдаса, әлі-ақ
бүкіл арабтар бұларға бағынып, ал араб еместер жизия
салығын төлейтін болады», – дейді.
Құрайыштар бұл сөздің тәухид сөзі (кәлимә
тәухид) екенін білетіндіктен, үдеріп: «Бір сөз дейді
ғой! Ол сөзді ендігәрі аузыңа алма», – деп қарсылық
білдіреді. Әбу Тәліп: «Бауырым! Ол қандай сөз?» деп
сұрайды. Расулаллаһ «Лә иләһә иллаллаһ» дейді. Бұдан
соң Құрайыштар ызаланып: «Тапқан екен, сонша-
ма тәңірді бір тәңір жасағаны қандай күлкілі!» – деп
(«Сад», 38/5) орындарынан бәлсіне, жұлқына тұрады
55
.
Келген Құрайыштар Пайғамбарымызды иліктіре
алмайтындықтарын түсініп, кері қайтады. Әбу Тәліп:
«Бауырым! Сен оларға шектен шығатындай сөз айтқан
жоқсың», – дейді. Пайғамбарымыз көкесі иманға келіп
қалар деген үмітпен: «Көке, олай болса, сол сөзді сен
айт, қиямет күні саған шапағат етейін», – дейді. Әбу
Тәліп оның шын көңілден сұрап тұрғанын көріп: «Ме-
нен кейін сені мен жақындарыңа бұлардың жамандық
жасамайтындығына көзім жетсе және Құрайыштың
«Өлімнен қорқып сол сөзді айтты» деуінен тартынба-
54
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/62
55
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/123
31
Аллаһ пен расулына шақыру
сам, сенің көңілің үшін осы сөзді айтар едім», – дей-
ді
56
.
Басқа бір риуаятта
57
Әбу Тәліп қайтыс болар сәтте,
Хақ нәбиі оның қасына тізе бүгеді. Әбу Жәһіл де сол
жерде отырған болатын. Расулаллаһ: «Көке! Кәлима
шаһадатты айт, сол арқылы Аллаһтың құзырында сені
қорғайын», – дейді.
Әбу Жәһіл мен басқа мүшріктер Әбу Тәліпке:
«Дініңнен бас тартпақсың ба?» – деп жабыла дүрсе қоя
берді. Әбу Тәліп: «Абдумутталибтің дінімен өлемін», –
деген кезде ғана жайына қалдырады. Сонда қынжылған
Пайғамбарымыз: «Өзі тоқтатқанға дейін, саған
Аллаһтан кешірім тілеймін», – дейді. Сол кезде
«Кәпір
болып өліп, тозақтық екендіктері белгілі болғаннан
кейін, туыс та болса, мүшріктерге кешірім тілеу
пайғамбардың да, мүміндердің де істейтін ісі емес»
(«Тәубе», 9/113) деген аят пен
«Сен қалаған адамыңды
тура жолға түсіре алмайсың, Аллаһ қана қалағанын
тура жолға салады. Ол тура жолға түсетіндерді өте
жақсы біледі»
(«Қасас», 28/56) деген аят түседі
58
.
Достарыңызбен бөлісу: |