300
Сахабалар салған сара жол
панмен жүзін бүркеп, екі аяғын хош иісті изхир атты
өсімдікпен қымтаған болдық»
299
.
шурахбил ибн хасананың оқиғасы
Абдуллаһтың
қызы Шифа
(р.а.)
былай деген:
«Пайғамбарымызға
(с.а.с.)
киім сұрай бардым. Ол бере-
тін ештеңесі жоқ екенін айтты, бірақ мен іштей сенбей
тұрдым. Сол кезде намаз уақыты кірді. Мен кідірмей
Шурахбил ибн Хасанамен
отасқан қызымды бетке
алдым. Шурахбил үйінде екен. Шурахбилден: «На-
маз уақыты кірді ғой, сен неге үйде отырсың?» – деп
сұрадым. «Нағашы әпке, мені жазғыруға асықпа. Бір
киерім бар еді, оны Расулаллаһ сұрап алды», – деді.
«Мен бүгін ол туралы жаман ойлап қалған едім. Демек,
маған өтірік айтпаған болды ғой», – дедім. Шурахбил:
«Шынында, Аллаһ расулының біз жамап-жасқап бер-
ген сол киімінен басқа киімі жоқ болатын», – деді
300
.
Фатиманың (р.а.) жасауы
Али
(р.а.)
былай деген: «Уаллаһи,
Пайғамбары-
мыздың
(с.а.с.)
қызы Фатимаға үйленгенімде менің сіл-
кіп салар тулағым да жоқ болатын. Аллаһ елшісі бер-
ген қошқар терісі түнде төсегіміз, күндіз түйеге жем
беретін дорбамыз болды. Фатимадан (р.а.) басқа үйде
қызмет ететін қызметшім де болған емес»
301
.
Сахабалардың аптап ыстықта жүннен
тоқылған киім киюі
Ибн Бурәйда
(р.а.)
айтады: «Бірде әкем: «Сен сол
кездегі бізді көрсең ғой. Бір күні Пайғамбарымызбен
299
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 4/73 (3680)
300
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/271
301
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 2/271
301
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
(с.а.с.)
бірге жаңбырдың астында қалдық,
сонда
қойдың жүнінен тоқылған киіміміз малмандай бо-
лып, қолқа атқан күлімсі
шуаш иісінен қайда қашып
құтыларымызды білмедік», – деген еді»
302
.
Достарыңызбен бөлісу: