299
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
7. АллАһ ЖолындА СуыҚҚА шыдАу
Жорықта жүрген сахабалар суықтан қалай
қорғанды?
Әбу Райхана
(р.а.)
айтады: «Әлдебір
жорыққа
Аллаһ расулымен
(с.а.с.)
бірге аттандым. Түнде қырқа-
қыраттың ығын паналасақ та,
суықтан қалтырап тоңа
бастадық. Жаурағанымыз сонша – кейбіреулер денесі
сиятындай ор қазып, сол орда суықтан қорғанып, бетін
қалқандарымен жауып алғанын да көрдім. Суықтан
сұры қашқан
сахабаларына Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Бүгін түнде бізді кім күзетеді? Сол үшін дұға етемін,
ол адам үлкен жақсылықтарға кенеледі», – деді. Ан-
сардан біреу: «Мен күзетейін, уа, Расулаллаһ», – деді.
«Сен кімсің?» – деп сұрағанда, әлгі адам атын айтты.
Пайғамбарымыз оған: «Бері жақында», – деді де, оның
киімінің пұшпағынан ұстап тұрып, дұға етті. Мен
Пайғамбарымыздың дұғасын естіп: «Мен де күзетемін,
уа, Расулаллаһ», – дедім. «Сен кімсің?», – деп сұрады ол.
«Әбу Райханамын», – дедім. Расулаллаһ (с.а.с.) маған
қысқаша дұға етті де, «Аллаһ жолында түн ұйқысын
қиып, жолдастарының тыныштығын күзеткен
көзге
тозақтың оты харам қылынған», – деді
298
.
Достарыңызбен бөлісу: