Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 РАСулАллАһ ПЕн САхАбАлАРдың



Pdf көрінісі
бет200/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

17. РАСулАллАһ ПЕн САхАбАлАРдың 
ӘдІлдІгІ
Пайғамбарымыздың әділдігі
Уруа айтады: «Мекке бағындырылған жылы Бәни 
Махзум тайпасында бір әйелдің ұрлық жасағаны белгілі 
болады. Ұрлыққа барған келіншектің тайпасы дереу 
осыған байланысты Усама ибн Зәйдке қолқа салып, оған 
Пайғамбарымызға барып әйелді босатып алуын өтінеді. 
Усама бұл жағдайды Пайғамбарымызға айтқанда, екі 
әлем Сардарының түрі өзгеріп кетеді. «Уа, Усама! 
Сен Аллаһтың белгілеген жазаларын кешіруді менен 
қалай сұрап тұрсың?» – деп ашуланады. Усама: «Мені 
кешіріңіз және мен үшін Аллаһтан кешірім сұраңыз, уа, 
Аллаһтың расулы!» – дейді. Кешқұрым Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһқа түрлі сипатарымен мақтау 
айтып, мадақ білдіргеннен кейін, былай дейді: «Сен-
449
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/933 (14336)
450
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/817 (45949)


432
Сахабалар салған сара жол
дерден бұрынғылардың түбіне жеткен әдеттердің бірі: 
араларындағы беделді, текті адам ұрлыққа барса, оны 
босатып қоя беретін. Ал арқа сүйер ешкімі жоқ пақыр 
біреу ұрлыққа барса, оны міндетті түрде жазаға тарта-
тын. Аллаһқа ант етемін, егер Мұхаммедтің қызы Фа-
тима ұрлық үстінде ұсталса немесе ұрлыққа барғаны 
дәлелденсе, оның да сазайын берер едім». 
Расулаллаһ осыны айтып, қылмыскер әйелдің 
үкімін шығарады. Жазасын алған әйел тәубеге келіп
көп ұзамай тұрмысқа шықты. Айша айтады: «Ол әйел 
маған келіп-кетіп жүретін. Мен оның неге мұқтаж 
екенін Расулаллаһқа жасырмай айтатынмын»
451
.
осы мәселе бойынша Әбу Қатада 
туралы риуаят
Әбу 
Қатада 
(р.а.) 
айтады: 
«Хунейнге 
Пайғамбарымызбен бірге жорыққа шықтық. Жол-
да мүшріктермен кездесіп қалдық. Мұсылмандар 
кері шегініп, бет-бетіне тарай бастады. Осы ұрымтал 
тұсты ұтымды пайдаланып қалғысы келген бір мүшрік 
әлдебір мұсылманның үстіне шығып алып, оның ту 
сыртынан бас-көзге төмпештеп жатқанын көрдім. Де-
реу мүшріктің арқасына қылыш сілтеп, сауытын қақ 
айырдым. Ол әбжілдік танытып қапсыра құшақтап 
менің өзіме ұмтылды. Мені қышқыштай қысқаны 
соншалық – демім үзілетін шығар деп ойладым. Алай-
да, көретін жарығым бар екен, оның өзі өліп, мен аман 
қалдым. Жүгіріп отырып Омарға бардым. «Адамдарға 
не болған?» – деп сұрап едім, «Аллаһтың қалауы», – деп 
жауап берді ол. Осыдан соң тарыдай шашылып, талқаны 
таусыла жаздаған мұсылман әскері жұдырықтай 
451
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/318


433
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
жұмылып, жаңа күшпен шабуылға шығып, жеңіске қол 
жеткізді. Шайқастан кейін Пайғамбарымыз: «Кім жа-
уын жер жастандырса және өзінің бұл ерлігін байқаған 
куәгері болса, сол өлген адамның бұйымдары оған тиес-
ілі», – дейді. Мен орнымнан тұрып: «Кім маған куәгер 
болады?» – деп сұрадым. Ешкім үндей қоймаған соң, 
қайта отырдым. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы 
сөзін бір емес, үш мәрте қайталады. Әрбірінде мен де 
түрегеп: «Кім маған куәгер болады?» – деп сұраумен 
болдым. Тағы бір түрегелгенімде, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) «Әй, Әбу Қатада, сен не айтпақсың?» – деді. 
Мен болған жайтты айтып бердім. Арамыздан біреу: 
«Әбу Қатада дұрыс айтады, ол өлтірген мүшріктің зат-
тары менде. Менің атымнан оның ризалығын ал», – 
дейді. Сол кезде Әбу Бәкір сөзге араласып: «Жоқ, бол-
майды. Егер Аллаһ расулы сол өлген адамның заттарын 
саған берсе, Аллаһ пен расулының жолында соғысқан 
мүжаһидтің көпе-көрнеу ақысын жеген болады», – 
деді. Пайғамбарымыз: «Әбу Бәкір дұрыс айтады. Өлген 
адамның заттарын Әбу Қатадаға беруің керек», – дейді. 
Ол сөзге келген жоқ. Мен оларға Бәни Сәләма жерінен 
бір құрма бауын сатып алдым. Ислам дініне кіргеннен 
кейінгі алғашқы меншігім осы құрма бауы болды»
452
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет