Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


бір күң және омардың әділдігі



Pdf көрінісі
бет208/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

бір күң және омардың әділдігі
Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Бір күң Омарға 
«Қожайыным зина істедің деп айыптап, мені отқа 
отырғызды, сол себептен әурет жерім күйіп қалды», – 
деп шағым айта барады. Омар (р.а.):
– Қожайының сенің зина істегеніңді көзімен көрді 
ме? – деп сұрайды. Күң: 
– Жоқ, – деп жауап береді. 
– Жоқ, өзің мойындадың ба? 
– Жоқ.
– Олай болса, қожайының менің алдыма келсін, – 
дейді. Күңнің қожайыны алдына келгенде, Омар (р.а.):
– Демек, сен Аллаһтың азабымен (отпен ) азаптаған 
екенсің, солай ма? – деп сұрайды одан. Ол:
– Ей, мүміндердің әміршісі, одан күмәнданған 
едім, – дейді. 
– Үстінен түстің бе? – деп сұрайды Омар (р.а.). 
– Жоқ, – деп жауап береді. 
– Жоқ, өзі мойындады ма? 
– Жоқ, мойындаған жоқ. 
Сонда Омар (р.а.): 
– Аллаһқа ант етемін, егер мен Расулаллаһтың 
«Құлы үшін қожайынына, баласы үшін әкесіне қысас 
жасалмайды» дегенін естімегенде, мына күң үшін саған 
қысас жасар едім, – дейді. Омар оған жүз рет дүре 
соқтырумен шектеледі. Күңге: «Сен бар, сен Аллаһ 
разылығы үшін азатсың. Мен Расулаллаһтың: «Отқа 
күйдірілген немесе көзі ойылған, құлағы, мұрны кес-
ілген адам азат. Ол – Аллаһ пен расулының азаты» де-
генін өз құлағыммен естігенмін», – деді.
467
467
Бәйхақи, Сүнән 3/36 (15726)


448
Сахабалар салған сара жол
Омардың әлдебір яһудидің өліміне қатысты 
Әбу Убайдаға жазған хаты
Касым ибн Әбу Бәзза айтады: «Шамда бір мұсыл-
ман өзіне аманаттаған қарамағындағы әлдебір хрис-
тианды өлтіреді. Кісі өлімі жайлы хабар желдей есіп, 
лезде аймақ әкімі Әбу Убайдаға да жетеді. Ол Омарға 
(р.а.) дереу ат шаптырады. Омар оған былайша жау-
ап жазады: «Егер әлгі мұсылман кісі өлтіруді әдетке 
айналдырған болса, елдің көзінше оның басын ал. Егер 
кісі өлімі жазатайым орын алса, өлген адамның отбасы-
на төрт мың динар (немесе дирхам) өндіріп берсін»
468
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет