440
Сахабалар салған сара жол
хазірет омар және жесір әйел
Хасан Басри айтады: «Бір жесір әйелді біраз
еркектің айналсоқтап жүргені Омарға ұнамайды. Ол
әйелге хабар жіберіп, өзіне шақыртады. Әйелге шақырту
хабары келгенде, ол: «Апыр-ай, Омар мені неге шақырды
екен?» – деп қатты қобалжиды. Халифаның әміріне
қарсы тұра алмайды, не де болса баруға тас-түйін бекі-
неді. Жолда уайымнан еңсесі езіліп қатты қорыққаннан,
оны кенет толғақ қысады.
Тұсынан өтіп бара жатқан
үйге кіреді, кіруін кіргенмен ішіндегі баласы түсіп
қалады. Бала бір-екі рет іңгәлап дыбыс шығарады да,
шетінеп кетеді. Омар (р.а.) бұл шетін жағдайға байла-
нысты Пайғамбарымыздың алдыңғы қатарлы сахабала-
рымен ақылдасады. Олардың бірталайы: «Әліптің артын
бағайық. Бұған сен кінәлі емессің. Сен басқарушысың,
адамдарды тәрбиелеу де сенің міндетің», – дейді. Али
үндемейді. Омар оған: «Уа, Али, сен не айтасың?» – де-
генде, Али: «Әркім өз пікірін білдіріп жатыр, алайда
мен олардың ойларына қосылмаймын. Сондай-ақ, олар
сенің
ыңғайыңа жығылып, осылай десе, саған дұрыс
жол сілтеді, қайырлысын ұсынды дей алмаймын. Менің
пікірім: Ол баланың қаны сенің мойныңда. Өйткені,
әйелді сен қорқыттың және ол баласын сенің кесіріңнен
түсіріп алды», – дейді.
Омар (р.а.) баланың құнын Құрайыштың мойнына
жүктеу, әрі оның құнын өтеу үшін әркімге жүктелетін
үлестің мөлшерін белгілеу жөнінде Алиге (р.а.) тап-
сырма береді. Өйткені, кісі өліміне әкеп соқтырған бұл
жағдай қателіктен орын алған еді.
Сол себептен құн
осы қайғылы жағдайға себеп болған адамның тайпасы-
на жүктелді
460
.
460
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 15/146 (40201)