75
Аллаһ пен расулына шақыру
тегіс тарайды», – деді. Сонда араларынан біреуі: «Аулақ
жүр, бізді қолымыздан келмейтін іске итермелеп, басы-
мызды қатерге тікпе», – деп тұрып алды.
Аллаһ расулы Майсараның бұл сөзіне іші жылып,
онымен тілдеседі. Майсара: «Сөздерің жүрекке жететін
жалынды, бойды алар керемет екен! Бірақ қауымым
маған қарсы шығып отыр, әркім өз қауымымен ғана
мықты. Алдымен олардың қолдауына ие болмасақ, ес-
кексіз қайық сияқты күнің қараң қалмақ. Өз қауымыңнан
қолдау
көрмесең, дұшпаныңнан тіпті үміт жоқ».
Пайғамбарымыз кеткен соң, олар да үйлеріне
қайту үшін, Меккеден шығады. Майсара оларға:
«Қаласаңдар, Фәдаққа барып, мына кісі туралы сол
жердегі яһудилерден сұрайық», – дейді.
Жолдастары
Майсараның бұл ұсынысына құлақ асып, Фәдаққа жол
тартады. Барғанда, яһудилер алдарына бір кітап қояды.
Аллаһ расулы туралы жазылған жерін тауып, оқып бе-
реді: «Ол – араб, өзі хат танымайтын пайғамбар. Түйеге
мінеді, бір жапырақ нанға қанағат етеді. Бойшаң да,
аласа да емес. Шашы соншалықты бұйра да, жатық
та емес, толқын шашты. Өзі бидай өңді». Тіпті біреуі
«Егер сендерге уағыз
айтқан адамның бойында осы
сипаттар кездессе, айтқаны ақиқат болғаны. Шүбә
келтірместен, дініне кіріңдер. Ал біз қызғаныштан
оған бағынбаймыз. Өйткені соның кесірінен, та-
лай жерде түрлі қиыншылықтарға душар боламыз.
Арабтардың бірде-бірі оған бей-жай қарай алмайды, не
Мұхаммедке бағынады, не қарсы шығады. Сендер оған
мойынсұныңдар», – дейді.
Майсара қасындағыларға: «Уа, жұртым! Бұл істің
басы ашық екеніне көзіміз анық жетті ғой деп ойлай-
мын», – деп, келесі
қажылықта Пайғамбарымызға
76
Сахабалар салған сара жол
жолығуға келісіп, елдеріне қайтады. Бірақ елдің бетке
тұтарлары кедергі келтіргендіктен, ешқайсысы келесі
жылы қажылыққа бара алмайды.
Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға һижрет
жасады. «Қоштасу құтбасын»
оқыған жылы Майсара
Пайғамбарымызбен кездесіп қалып, оны бірден тани-
ды. «Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа ант етемін, бізге уағыз
айтқан сол күннен бері мұсылман болуды арман-
дап жүр едім. Міне, Аллаһтың бұйырғаны осы екен.
Исламға кіруімді осы уақытқа қалдырған екен. Арада
талай оқиға өтті. Сол күні менің қасымда болғандардың
барлығы өмірден озды.
Олардың ақыреттегі жағдайы
қалай болмақ?» – деп сұрады.
Аллаһ расулы: «Ислам дініне қасарысып кірмей,
күпірлікпен қайтыс болғандардың барлығы тозаққа
тасталады», – дейді. Сонда Майсара: «Мені құтқарған
Аллаһқа шүкіршілік!» – деп, мұсылман болады»
101
.
Майсара (р.а.) Ислам дінін қабылдағаннан кейін,
иманы кәміл жанға айналды. Әбу Бәкірдің (р.а.)
халифалығы кезінде
мұсылмандар арасында оның
абырой-беделі жоғары еді.
Достарыңызбен бөлісу: