67
Аллаһ пен расулына шақыру
әрі үміттің жетегінде қастарына келгенмен нәтиже
күткеніндей болмай шықты.
Олар: «Ей, Мұхаммед! Біз саған орынсыз қарсы
шығып отырғанымыз жоқ. Соны білсін деп, сені
әдейі шақырдық. Арабтардың арасына сендей іріт-
кі салған адам болған емес. Сен не істемедің? Ата-
бабаларымызға тіл тигіздің, олардың дінін мансұқтап,
өздерін
ақылсыз етіп, тәңірлерін балағаттадың, бір-
лігімізді, шырқымызды бұздың. Барлық жамандықты
әкеп арамызға тықпаладың. Мына әкелген дініңмен
көздегенің дүние-мүлік болса, біз саған арамыздан мал
жинап берейік. Атақ-даңқ керек болса, қолыңа билік
ұстатайық, хан сайлайық. Жоқ, егер патша болғың кел-
се, патша етейік. Егер жын соғып, айыға алмай жүрсең,
барымызды салып емдетейік», – дейді.
Бұл талап-тілектерді ақыр-аяғына дейін сабыр
сақтап, мұқият тыңдаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөз тіз-
гіні өзіне тигенде: «Менің көздегенім, көксегенім бұлар
емес. Елшілік қызметім үшін сендерден дүние де, атақ
та, билік те дәметпеймін. Мен сендерге Раббымның
бұйрықтарын жеткізушімін.
Ойлағаным жақсылық
қана. Айтқандарымды қабылдасаңдар, бұл – сендердің
дүние мен ақыреттегі нәсіптерің. Қабылдамасаңдар,
онда Раббым үкім беретін сәтке дейін сабыр сақтап
күтемін», – дейді.
Құрайыш мүшріктері істі қиындатып, болмай-
тын нәрселер айтады: «Әй, Мұхаммед! Біздің осы
ұсыныстарымызды қабылдағың келмесе, онда біз үшін
мынаны орында: Өзің жақсы білесің, еліміздің жері
тар, малы аз, бұл жерде өмір сүру өте қиын. Раббыңнан
сұра, мына Меккені қоршаған тауларды арырақ ысыр-
сын. Мына өңірді жазыққа айналдырсын.
Шам мен
68
Сахабалар салған сара жол
Ирак қалалары секілді ел аумағында өзендер ағызсын.
Сондай-ақ, ата-бабаларымыздың тірілтілуін сұра. Мы-
салы, Құсай ибн Килаб та солардың арасында болсын.
Өйткені ол ақылгөйіміз еді. Сенің мән-жайыңды со-
лардан сұрап, шын айтып-айтпағаныңды білейік. Ата-
бабаларымыз сені растаса, біз де сені қабылдаймыз.
Аллаһтың алдында қаншалықты қадірің барын түсініп,
пайғамбарлығыңды мойындаймыз».
Аллаһ расулы (с.а.с.) мұндай сандырақ ұсыныс-
тарға: «Маған елшілік қызмет сендердің қисынсыз
ұсыныстарыңды орындау үшін берілген жоқ. Аллаһтың
не жібергенін сендерге айттым, міндетімді атқардым.
Қабылдасаңдар, дүние мен ақыреттен өз нәсіптеріңді
аласыңдар. Ал қабылдамасаңдар, Аллаһ нақты үкім
шығарғанға дейін сабыр сақтап күтемін», – деп тойта-
рыс береді.
Мүшріктер бұдан кейін
пайғамбардан елшілігін
дәлелдейтін періште, бау-бақшалар, қазыналар және
күміс үйлер талап етті.
«Осындай да пайғамбар бола
ма? Ішіп-жейді, базарды аралайды, қасында бір ай
-
батты періштесі болып, маңайындағы адамдарды
қорқытып, ескертпей ме?» – десті
(«Фұрқан», 25/7).
Бұларға да Пайғамбарымыз жоғарыдағыша жа-
уап береді. Олар тағы да ақылға сыймайтын, көңілге
қонбайтын талаптар қойды. «Өзің айтқандай Раббың
сенің барлық тілегіңді орындайтын болса, мына
үстіміздегі аспанды бөлшектеп төбемізге түсір.
Мұны жасай алмасаң, иман келтірмейміз», – дейді.
Пайғамбарымыз: «Бұл да Аллаһтың еркіндегі іс. Қаласа,
жасайды», – деп жауап береді.
Мүшріктер: «Әй, Мұхаммед! Аллаһ біздің сені-
мен
бірге отыратынымызды, сенен Өзі туралы
69
Аллаһ пен расулына шақыру
сұрайтынымызды, сенен бір нәрселер талап ететініміз-
ді білмей ме, айтатын сөздеріңді алдын-ала неге дайын-
дамады, біздің сұрайтын нәрселерімізді саған неге
білдірмеді, бізге әкелген нәрсеңді біз қабылдамаған
жағдайда сенің не істейтініңді неге үйретпеді? Естуіміз
бойынша, Йәмәмада Рахман деген бір адам бар екен.
Бұларды саған сол үйрететін көрінеді. Біз Рахманға
ешқашан сенбейміз. Біз саған айтарымызды айттық.
Бізге жасағандарыңды бұлай қалдырмаймыз. Не біз
құримыз, не сен құрисың», – деп қорқытады.
Сол жердегілердің бірі:
«Аллаһты және періш-
телерді алдымызға әкеліп, айтқандарыңды мақұл-
датпайынша, біз сенбейміз», – дейді.
(«Исра», 17/92)
Олардың бұл жөнсіз әрекетінен соң Пайғамбарымыз
амалсыз орнынан тұрады. Әпкесінің баласы Абдуллаһ
ибн Әбу Умайя да түрегеліп: «Уа, Мұхаммед! Халық
айтарын айтты, сен бірақ ешбірін қабылдамадың. Рас-
өтірігіңді білу мақсатында сенен талап еткенімізді
орындамадың. Ақырында, өзің айтқан азапты сұрадық,
ол да қолыңнан келмеді. Мынаны біл, егер саты
қойып көкке шыға алмасаң, ол жерден жазулы кітап
пен растығыңды дәлелдейтін төрт періште әкелмесең,
саған өліп кетсек те иланбаймыз. Ант етемін,
осыны
жасамасаң, саған сенбегенім сенбеген», – дейді.
Аллаһ расулы иман келтіре ме деп күткен бұлардың
қасынан алыстап, үйіне қайғырып қайтады. Күпірлік,
қыңырлық, зұлымдық пен жаулық Құрайыш тобының
көзін бітеп тастаған еді
95
.
95
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/62